Атырау, 5 сәуір 20:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86

Басқа жаңалықтар

Коронавирус. Атыраудағы төтенше жағдай Басқа жаңалықтар

Коронавирус. Атыраудағы төтенше жағдай

Ертең, 16 наурызда, Қазақстанда коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай енгізіледі. Ертең президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ азаматтарға арнайы үндеу жасайды деп күтілуде. Шұғыл Толықтырылды 15 наурыз 2020, 16:26 13 482 рет қаралды
Ауруханадағы күмәнді келісімшарттар Басқа жаңалықтар

Ауруханадағы күмәнді келісімшарттар

Облыстық балалар ауруханасында (ОБА) әртүрлі тауарлар мен қызметтерді бір көзден алу тәсілімен келісімшарттар жиі жасалған. Аурухана көбінесе жеткізуші ретінде келісімшарт жасар алдында ресми тіркеуден өткен немесе тіпті мүлде өтпеген фирмаларды таңдапты. Бұл айтарлықтай күмән тудырады. 13 наурыз 2020, 11:58 3 745 рет қаралды
Атыраулықтар макарон, ұн және консервілерді толтырып алып жатыр Басқа жаңалықтар

Атыраулықтар макарон, ұн және консервілерді толтырып алып жатыр

Атырау супермаркеттерінде ұзақ мерзімге сақталатын азық-түлікке сұраныс көбейгені байқалады. Халық макарон, жарма, ұн және консервілерді көбірек сатып алуда. 13 наурыз 2020, 16:29 5 422 рет қаралды
Атыраудағы айырбастау орындары доллар мен еуро сатуды тоқтатты Басқа жаңалықтар

Атыраудағы айырбастау орындары доллар мен еуро сатуды тоқтатты

Бүгін, 10 наурызда таңертеңнен бастап Атыраудағы ақша айырбастау пункттері шетел валютасын сатуды тоқтатты. Бұған Brent маркалы мұнай бағасының құлдырауына орай доллар мен еуро бағамының күрт көтерілуі себеп болды. «АЖ» тілшісі ақша айырбастау пункттерін аралап көрді. 10 наурыз 2020, 13:59 5 294 рет қаралды
Біздің дәрігерлерде бұл аспаптар жоқ Басқа жаңалықтар

Біздің дәрігерлерде бұл аспаптар жоқ

Литваның жетекші ортопед-хирургы Виргилиюс УРБАНАВИЧЮС облыстық балалар ауруханасының жанынан ота жасау үшін Атырауға үшінші рет келіп отыр. Әр келген сайын құрал-саймандары салынған чемоданын арқалай келеді, өйткені біздің дәрігерлерде бұл аспаптар жоқ. Сурет Бейнежазба 10 наурыз 2020, 17:42 4 199 рет қаралды
Атырауда құрылыс салушы екі компания «қара тізімге» ілінді Басқа жаңалықтар

Атырауда құрылыс салушы екі компания «қара тізімге» ілінді

Ақпан айының соңында Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы үлескерлердің ақшасын тартуға жергілікті билік органдарының ресми рұқсатынсыз жылжымайтын мүлікті сататын компаниялардың «қара тізімін» жаңартты. Қара тізімде Атырау қаласында элиталық 4 үй салып жатқан екі ЖШС де бар. 3 наурыз 2020, 16:40 6 869 рет қаралды
Демперде жоқ, бірақ сабыр сақтаңыздар! Басқа жаңалықтар

Демперде жоқ, бірақ сабыр сақтаңыздар!

Әлемде COVID-19 коронавирусының жаппай таралуына байланысты Қазақстанда алдын алу шаралары жүргізілуде. 2 наурыздан бастап Атырауда мектеп директорларына қалалық білім бөлімі коронавирус тақырыбына сынып сағаттарын өткізу, ақпарат бұрыштарын ұйымдастыру, зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету және оқушылар мен мұғалімдерге медициналық демперде тағу жөніндегі хабарламасын таратты. Бұл хабарлама 27 ақпандағы ҚР Ғылым және білім министрлігінің хатын негізге алып жазылды. 3 наурыз 2020, 17:18 4 261 рет қаралды
Балық инспекторы балықпен ұсталды Басқа жаңалықтар

Балық инспекторы балықпен ұсталды

Ақпанда ҰҚКД қызметкерлері Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының инспекторын ұстады. Облыстық прокуратура хабарлағандай, оның қызметтік көлігінен бекіре тұқымдас және қара балық табылған.   2 наурыз 2020, 16:48 5 431 рет қаралды
«Ломбард ісі»: мүлікті қалай қайтарамыз? Басқа жаңалықтар

«Ломбард ісі»: мүлікті қалай қайтарамыз?

«Нұр-Али Капитал» ЖШС басшылығының алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар тергеудің баяу жүргізілуіне наразылық білдірді. Олар ломбард директоры Әліби СЕКСЕНБАЕВ шет ел асып кетті деген сенімде. Қазір оларды өз ақшаларын, көлігін, жылжымайтын мүлігін қалай қайтарып аламыз деген ой мазалайды. Толығырақ «АЖ» материалында. 28 ақпан 2020, 12:38 3 452 рет қаралды
Атырауда VIP-номер сәннен шықты Басқа жаңалықтар

Атырауда VIP-номер сәннен шықты

Атыраулық жүргізушілер қазір көліктеріне «әдемі» номер тағуға көп қызықпайтын болды, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Атырау филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек БАҚТЫҒАЛИ.   28 ақпан 2020, 16:45 3 474 рет қаралды
Атыраулық компаниялар қытай мамандарын шақыртудан бас тартты Басқа жаңалықтар

Атыраулық компаниялар қытай мамандарын шақыртудан бас тартты

25 ақпанда Бейжіңнен Мәскеу арқылы Атырауға 9 қытайлық маман келу керек еді. Оларды «Матен петролиум» АҚ, «Кожан» АҚ және «Praxses» компаниясы шақыртқан. Жұмыс берушілер коронавирустың алдын алу мақсатында олардың қызметінен уақытша бас тартуды шешті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис ТАҢБАЕВАНЫҢ айтуынша, дәрігерлер шақыртудың қайтарылғанын білсе де, сол рейсті күтіп алды. 27 ақпан 2020, 11:52 3 662 рет қаралды
Премьер Каспий мен Жайықтан балық аулау маусымын ұзартуды тапсырды Басқа жаңалықтар

Премьер Каспий мен Жайықтан балық аулау маусымын ұзартуды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Атырау облысына жұмыс сапары аясында балық шаруашылығы саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте балық өнімдерін бақылау ақпараттық жүйесін әзірлеуді және енгізуді тапсырды. 27 ақпан 2020, 17:30 3 884 рет қаралды
Әкім есебі: екі ай бір жылдай Басқа жаңалықтар

Әкім есебі: екі ай бір жылдай

М.Өтемісов атындағы академиялық драма театрында осыдан екі ай бұрын тағайындалған Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ әкімдіктің 2019 жылы атқарған жұмысына есеп берді. Зал лық толды. Алдыңғы қатарларда шенеуніктер, кейінгі қатарларда қоғам өкілдері орналасып, өңір басшысының баяндамасын тыңдады. 20 ақпан 2020, 12:55 4 155 рет қаралды
Халық санағы тек электрондық түрде және жалақы төленіп жүргізіледі Басқа жаңалықтар

Халық санағы тек электрондық түрде және жалақы төленіп жүргізіледі

Бюджеттік мекеме қызметкерлері халық санағына тегін жұмысқа тартылмайды, бұл туралы Атырауда өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитет төрағасы Нұрболат АЙДАПКЕЛОВ мәлімдеді.    19 ақпан 2020, 11:12 3 385 рет қаралды
Ұятты ұрылар, ресейлік көліктер және қарамағындағылар жемқорлығы үшін отставкаға кету туралы Басқа жаңалықтар

Ұятты ұрылар, ресейлік көліктер және қарамағындағылар жемқорлығы үшін отставкаға кету туралы

Атыраудағы Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде облыстық полиция департаментінің бастығы Хамза ҮМБЕТҚАЛИЕВТІҢ 2019 жылдың қорытындылары бойынша тұрғындармен кездесуі өтті. Сурет 19 ақпан 2020, 14:46 6 669 рет қаралды
Атырауда гидранттардың жартысынан көбі жұмыс жасамайды Басқа жаңалықтар

Атырауда гидранттардың жартысынан көбі жұмыс жасамайды

Бұл туралы ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Абдолқапар ЖҰМАНОВ Махамбет көшесі,121 мекенжайындағы 5 қабатты үйде болған өртке қатысты өткен брифингте хабарлады. Оның айтуынша, облыс орталығындағы 441 гидранттың 181 ақаулы күйде. 18 ақпан 2020, 16:14 2 787 рет қаралды
Атыраудың 25 мектебінде спорт алаңы салынады Басқа жаңалықтар

Атыраудың 25 мектебінде спорт алаңы салынады

Атырауда 1 млрд 206 млн теңгеге бағаланған «Атырау қаласындағы орта мектептерге арналған спорт алаңдарының құрылысы» атты кезекті құрылыс жобасы бастау алды. Бұл туралы ҚР мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды. 15 ақпан 2020, 12:34 3 961 рет қаралды
Жылой колледжінің студенттері сыйлық алды Басқа жаңалықтар

Жылой колледжінің студенттері сыйлық алды

Жаңа оқу семестрінде Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің студенттері тәжірибелік сабақтарға көп көңіл бөлді. Осы орайда, Қазақстандағы Compass Group компаниясының бөлімшесі ЮСС Супорт Сервисез оқу орнын 50 түрлі жаңа құрал-жабдықпен қамтамасыз етті. Слесарлық, жаттығу, моторлы-агрегаттық, дәнекерлеу, жөндеу, агрегаттық және электр цехтары қайта жабдықталды.   PR Сурет 14 ақпан 2020, 19:57 5 501 рет қаралды
Орталық көпір қайта жаңғыртылады - жоба сараптамаға жіберілді Басқа жаңалықтар

Орталық көпір қайта жаңғыртылады - жоба сараптамаға жіберілді

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жақында сөйлеген сөзінде қала әкіміне шұғыл түрде орталық көпірді жөндеу бойынша шара қабылдауды тапсырды. Төменде осы мәселе төңірегіне тоқтала кетейік.  13 ақпан 2020, 12:49 3 322 рет қаралды
Мемлекеттік сатып алудағы "майлы жілік" Басқа жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алудағы "майлы жілік"

Атырау облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізген мониторингі барысында 43 736 бағаны көтеру фактісін анықтады. Атап айтқанда, құрылыс басқармасында осындай 3 038 факті, білім басқармасы және оған қарасты ұйымдарда – 1 596, ішкі саясат басқармасында – 756, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында – 1 260, полиция департаментінде – 910. «АЖ» осы тізімдегі «көшбасшыға» назар аударды.  Қысқаша шолып өтейік.   5 ақпан 2020, 09:50 3 378 рет қаралды
«Субсидия жоқ, қалтамыздан төлейміз» Басқа жаңалықтар

«Субсидия жоқ, қалтамыздан төлейміз»

Бақсай каналының бойында отырған Исатай (15) мен Махамбет (2)  аудандарының 17 шаруа қожалығы көптеген жылдар бойы көлтөбандарға су шығарып, мал өрісін құнарландырып, әрі қажетті мал азығын өздері дайындап алуға тырысатын. Бұған дейін суды тұтыну төлемінің 25 пайызын шаруалар өз қалтасынан, ал 75 пайызын үкімет субсидия арқылы өтейтін. Бірақ өткен жылы үкімет субсидияға ақша бөлмей, қалған соманы шаруалар толық төлеуге мәжбүр болып отыр. 5 ақпан 2020, 10:49 3 409 рет қаралды
«Үш алып» айналасындағы мұнай-сервистік толқулар Басқа жаңалықтар

«Үш алып» айналасындағы мұнай-сервистік толқулар

Қазақстанның  мұнай-газ саласының  «Үш алыбы» - ТШО, НКОК және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» (КПО) – тауар, жұмыс, қызмет (ТЖҚ) бойынша таяу жылдардағы сатып алулар тізімін жариялады. Бұл әрине, дұрыс. Алайда барлығымыз ірі тендерлерді негізінен  шетелдік компаниялардың ұтып алатынын білеміз. 2019 жылдың маусымында Атырауға келген сапарында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 2018 жылы осы үш оператордың ТЖҚ сатып алу көлемі бойынша Қазақстандағы шетелдік компаниялардың барлық ТЖҚ сатып алу көлеміінң бар-жоғы 34%-ын құрағанын атап өтті. Үш «алыптың» үлестік салмағын ескерер болсақ, бұл аз. Тоқаев сол кезде-ақ үкіметке операторлармен жұмыс жүргізуді және тендерлерде сатып алу шегін 20 миллион доллардан төмен белгілеуді тапсырған еді. Ал бүгін өкілетті орган сатып алулардың 20 млн доллардан жоғары тендерлерді бекітеді, ал одан төмен болса, оны операторлардың өздері шешеді. 4 ақпан 2020, 12:42 3 702 рет қаралды
Атыраулық альпинист: «Килиманджаро шыңында тұрып, бақыттан көзіме жас келді» Басқа жаңалықтар

Атыраулық альпинист: «Килиманджаро шыңында тұрып, бақыттан көзіме жас келді»

Әсет өзін әуесқой тауға өрмелеуші деп атайды. Ол Килиманджаро, Айленд пик, Хан-Тәңірі, Казбек, қысқы Эльбрус, Манаслу шыңдарын бағындырса,  қысқы Монблан, Мрамор Қабырғасы және Лхоцзе  сілемдеріне сапары сәтсіз аяқталды. Әсет жұмыстан қолы босаған сәтте Тұйық су шатқалында жаттығу жасайды және Алматыда Banff тау киносы халықаралық фестивалін ұйымдастырушылардың бірі. Қазір ол Алматыда тұрады және сонда жұмыс істейді. Әсет Атыраудың тумасы, Драма театрдың маңында тұрды, №17 мектеп-лицейді аяқтады.  Мәскеуге оқуға түсті, кейін Норвегияға кетті. Міне сол жерде оның тауға деген қызығушылығы басталды. 4 ақпан 2020, 17:42 5 513 рет қаралды
Полиция көлікжайының құпиясы Басқа жаңалықтар

Полиция көлікжайының құпиясы

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне арнайы автокөлік сатып алу ісінің ауқымы таң қалдырады: 2015 жылы департамент 53 патрульдік «Нива» және 7 «Газель» көлігін алды, екі жылдан кейін полицейлеріміздің автопаркі Nissan Almera және Shevrоlet маркалы 37 жаңа көлікпен толықты, тағы екі жылдан кейін – 2019 жылы олардың қатарына 54 «Нива» және 24 «Skoda Octavia» автокөліктері қосылды. Сонымен қатар, жақында облыс әкімдігінде өткен кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі мониторинг бойынша соңғы жағдайда бағаны айтарлықтай көтергенін мәлімдеді. 3 ақпан 2020, 17:40 4 538 рет қаралды
​  Атыраудағы сәби өлімінен кейін статистикаға қатысты жүйелі мәселелер анықталды - Шпекбаев Басқа жаңалықтар

​ Атыраудағы сәби өлімінен кейін статистикаға қатысты жүйелі мәселелер анықталды - Шпекбаев

Атыраудағы сәби өліміне мониторинг жасау кезінде бірқатар жүйелік кемшіліктер анықталды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев алқалы жиында, деп хабарлайды zakon.kz. 31 қаңтар 2020, 11:14 3 364 рет қаралды
Бопсалаушылар бақылауға алынды Басқа жаңалықтар

Бопсалаушылар бақылауға алынды

Өткен жылдың сәуір айында Авангардтағы бес қабатты үйдің ауласында ҰҚКД қызметкерлерінің үш ер адамды ұстап, шалшық суға бетімен жатқызған бейнежазбаны қалалықтар естерінен шығара қоймаған болар. Жақында №2 қалалық сотта оларға қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы («Бопсалау») бойынша үкім шығарды. 31 қаңтар 2020, 15:26 3 672 рет қаралды
Атырауда 12 көппәтерлі үйдің құрылысы тоқтатылды Басқа жаңалықтар

Атырауда 12 көппәтерлі үйдің құрылысы тоқтатылды

Ревизиялық комиссия соңғы екі жылда Атырау қалалық құрылыс бөліміне бөлінген бюджет қаржысының қолданылуы бойынша аудит жүргізді. Аудит жалпы сомасы 50 млрд теңгеден аса бюджет қаржысын қамтыды, нәтижесінде 7,3 млрд теңге сома көлемінде заң бұзушылықтар анықталды. 31 қаңтар 2020, 16:16 6 287 рет қаралды
Атырау облысы: жемқорлар мемлекеттік сатып алудан «табыс» тауып жүр Басқа жаңалықтар

Атырау облысы: жемқорлар мемлекеттік сатып алудан «табыс» тауып жүр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет анықтаған қылмыстың әрбір алтыншы фактісі мемлекеттік сатып алу саласында жасалған. Шығын көлемі 2,5 млрд теңгені құрады. Бұл Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан ӘБІЛХАНОВТЫҢ, облыстық тексеру комиссиясы, ішкі мемлекеттік аудит департаменті және бейінді ведомстволар басшылығының қатысуымен өткен кеңесте талқыланған негізгі тақырып болды. 30 қаңтар 2020, 16:58 4 203 рет қаралды
Апат болған аялдама мен қитұрқы сандар Басқа жаңалықтар

Апат болған аялдама мен қитұрқы сандар

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жақында ассенизатор көлігі кіріп кеткен «Мерей» базары маңындағы аялдаманы қалпына келтіру 18 млн теңге тұрады екен. Қомақты қаржы, әрине. Оқырмандарымыздың көбі қала орталығынан пәтер сатып алуға болатын осынша ақша төлейтіндей қандай зақым тиді деп таң қалды. Бұл миллиондарды «АЖ» тілшісі зерттеп көрді. 30 қаңтар 2020, 22:14 3 097 рет қаралды
​Алмаз ҚОЖАҒАЛИЕВ: «Мен адал атым үшін күресті жалғастырамын» Басқа жаңалықтар

​Алмаз ҚОЖАҒАЛИЕВ: «Мен адал атым үшін күресті жалғастырамын»

«Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС-нің логистика және маркетинг жөніндегі директоры әрі құрылтайшыларының бірі Алмаз ҚОЖАҒАЛИЕВТЫҢ қылмыстық ісін қазіргі Қазақстанның мұнай бизнесіндегі ең өзекті мәселе десе болар. Бұл іс жала жабу мақсатында ұйымдастырылған болуы мүмкін, себебі өткен жылдың желтоқсан айында Жоғары сот Қожағалиевке қатысты үкімнің күшін жойды. Бұл туралы ол қатаң режимдегі колонияда білген. Неге ҰҚК белгілі мұнайшымен есеп айырысқысы келді? Осы және басқа да мәселелер туралы Алмаз Қожағалиев «АЖ»-ға берген сұхбаты барысында айтты. 28 қаңтар 2020, 00:49 3 733 рет қаралды