Атырау, 23 қараша 06:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Индербордағы апатты үйлер

Бейнежазба
3 385 просмотра


Аудан орталығы Индербор кентінде 17 үй (барлығы 167 пәтер) апатты деп танылған. «АЖ» тілшісі солардың екеуінің жағдайымен танысып қайтты.

М. Горький көшесіндегі өткен ғасырдың 50-жылдарында саманнан салған тоқал тамда сегіз адам тұрып жатыр. Шатыры мен іргетасы жоқ үйдің төбесінен су кетіп, тұрғындарды жиі мазалайды екен.

- Үй әбден тозған. Үй сатып немесе салып алатын жағдайымыз жоқ,- дейді Ақерке ҚИЗАТОВА. - Екі енем де ауру, бірі сексенде, төсек тартып жатыр. Олардың аз ғана зейнетақысы дәріге жетпей жатады. Төрт баламыз бар, өзім балалардан жұмысқа шыға алмаймын. Бір мекеменің жылу қазандығында болып жұмыс істейтін жолдасым күн жылығанда жұмыссыз қалады.

Ал Бейбарыс көшесіндегі бұрын жатақхана болған екі қабатты ғимараттың төменгі бөлігінде жекеменшік мекемелер орналасса, екінші қабатын адамдарға уақытша баспана етіп берген.

- Біздің барар жеріміз болмағандықтан, осында тұрып жатырмыз,- дейді тұрғындардың бірі Майра ПЫШТАБАЕВА. - Кәріз жүйесі жоқ, әжетхана далада. Суды даладан тасимыз. Тек жарық бар, оның да желісі ескіріп, үрей туғызып тұр.        

Индер ауданы әкімі Мейірім ҚАЛАУИ:

- Аталған үйлерді көшіру мен бұзу 2021-2024 жылдарға көзделген. Бұл жоспарды наурызда өтетін аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында қараймыз. Бүгінде 80 пәтерлік 10 тұрғын үй, 60 пәтерлік 1 тұрғын үйдің жобасы әзірленді. Құрылысты қаржыландыру көзі жергілікті бюджет немесе ірі компаниялардың әлеуметтік қолдау есебінен болады.  


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазбаны түсірген автор

3 наурыз 2020, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.