Атырау, 28 наурыз 21:56
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Халық санағы тек электрондық түрде және жалақы төленіп жүргізіледі

3 049 просмотра


Бюджеттік мекеме қызметкерлері халық санағына тегін жұмысқа тартылмайды, бұл туралы Атырауда өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитет төрағасы Нұрболат АЙДАПКЕЛОВ мәлімдеді. 

Биыл күзде жүргізілетін халық санағын алудың жалпы қазақстандық науқаны үшін 8,2 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл соманың жартысы халық санағын алушылардың еңбегін төлеуге, қалғаны – ақпараттық жүйені жасауға, деректерді өңдеуге жұмсалады. Санақ жаңа форматта жүргізіледі: ақпараттар қағазға емес, арнайы планшеттерге  жазылады. Бұл бәлкім, 2009 жылы жүргізілген соңғы санаққа 700 млн теңгеден астам қаржының қолды болуына байланысты болар. Даулы істі тергеу барысында қағаз бланкілерді 3 теңгеден сатып алынғанмен, есеп берілген кезде оның құны 17-ге дейін шарықтап кеткен. Санақ аяқталғаннан соң планшеттер білім беру министрлігіне, енді бір бөлігі денсаулық сақтау министрлігіне беріледі.

Санақ жүргізуге планшетпен жұмыс жасай алатын 18 жастан асқан ҚР азаматтары сұхбат алуші ретінде қатыса алады. Бірінші кезекте оларды жергілікті жұмыспен қамту бөлімдерінің көмегімен алатын болады. Олардың орташа жалақысы – 94 мың теңге. «Санақ алушыларды» мына атрибуттар арқылы ажыратып аласыз: біріншіден, оның суреті бар сұхбат алушының куәлігі болуы керек, екіншіден, көк түсті шарф және көк түсті санақ науқанының символы бар портфель болады. Олардың әрқайсысы 833 отандастары туралы мәліметтер жинауы тиіс.

Атырау облысында науқан кезінде уақытша жұмысқа 1068 адамды жалдау жоспарланып отыр. Атырауда оларға қоғамдық көліктерде жүруге жеңілдік беріледі, ал алыс елді-мекендерге бару үшін көлік жалданады. Бәрімізге 84 сұраққа жауап  беруге тура келеді, ол сұрақтар біздің өміріміздің барлық қырларына қатысты болады: географиялық, демографиялық, экономикалық, білім туралы мәлімет, мүгедектігінің бар-жоғы, негізгі кіріс көздері, отбасы мінездемесі, үй шаруашылығы және тағы басқа. Көші-қон және тұрғын үйді жалға берудің көбеюіне  байланысты респонденттерді сәйкестендіру үшін ЖСН қолданылады. Санақ алушыларды үйіне кіргізгісі келмейтін азаматтар өздері туралы деректерді өз беттерінше sanaq.gov.kz сайтында  қалдыра алады.

Алайда ҚР азаматтары үшін, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, еліміздің аумағында бір жылдан аса тұрғандар барлық сұрақтарға жауап берулері керек. Дипломатиялық мекемелерде жұмыс жасайтын шетелдіктер және олардың отбасы, сондай-ақ, елден оқуға, жұмысқа  байланысты кеткен азаматтарға («Болашақ» - студенттерінен басқалары) бұл талаптар қойылмайды. Қазіргі уақытта өз баспаналарын жалға беріп, бірақ салық органдарынан жасырынған адамдар аз емес, сондықтан да сұралған тұлғаларды сәйкестендіру ЖСН көмегі арқылы жүргізілетін болады.

Барлық адамдарды өздерінің жеке деректерінің қорғалуы алаңдататыны сөзсіз.

– Ақпараттар арнайы шифрмен қорғалатын болады, нақты алгоритм, кодтау жүйесі бар. Қарапайым тілмен айтқанда, ақпараттар арнайы контейнерде сақталады. Бұл жүйе барлық ақпараттық қызметтерді тестілеуден өткізіп, лицензия беретін мемлекеттік техникалық қызметтің арнайы тексеруінен өтті, - деді Н.Айдапкелов.

Бұл науқанның алғашқы дайындық кезеңі 1-30 маусым аралығында өтеді: санақ алушылар әрбір елді мекендегі тұрғын үй, тұрғын үй емес жайлар мен құрылыстардың мекенжайын, сондай-ақ, онда тұратын адамдардың нақты санын анықтау мақсатында  аралап шығады. Осылайша әрбір елді мекен аумағы учаскелерге бөлінеді. Халық санағы 1-30 қазан аралығында өтеді.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор 

19 ақпан 2020, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.