Атырау, 24 сәуір 04:41
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырауда гидранттардың жартысынан көбі жұмыс жасамайды

2 570 просмотра


Бұл туралы ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Абдолқапар ЖҰМАНОВ Махамбет көшесі, 121 мекенжайындағы 5 қабатты үйде болған өртке қатысты өткен брифингте хабарлады. Оның айтуынша, облыс орталығындағы 441 гидранттың 181 ақаулы күйде.

Жұманов сондай-ақ, Атырауда өте кішкентай гарнизон -  норматив бойынша 8 өрт сөндіру бөлімінің орнына барлығы 3 бөлімше бар екенін айтты.

– Бір бөлімше 3 шақырымды жабуы керек, өрт орнына өрт сөндіру техникасының келуі үшін шамамен 5 минут уақыт беріледі. Бізде оған 10-15 минут кетеді, - деді Жұманов. 

- Сондай-ақ, бізде жеке құрам жетіспейді, облыс бойынша барлығы 589 адам жұмыс жасайды, бұл республика бойынша соңғы орындардың бірі.

Оның айтуынша, жаңа өрт сөндіру бөлімінің жақында пайдалануға берілуіне байланысты қазір бюджет арқылы қосымша штаттар сұралып жатыр. Сонымен қатар қосымша 50 метрлік автобаспалдақ сатып алу үшін қаржы қарастырылуда (қазір өрт сөндіру арсеналында бір ғана биік баспалдақ бар).

Гидранттарға келетін болсақ, өрт сөндірушілер және «Атырау облысы Су Арнасы» өкілдері жылына екі рет тексереді. Қазір бұл мәселемен қалалық әкімдік айналысуда, олар ақаулы гидранттар мүмкіндіктерге қарай ауыстырылатын болады деп сендірді.  

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

18 ақпан 2020, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.