Сұрақ-жауап Сәби тілі тез түзеледі – Сәбиім 2 жас 10 айда. Тілі шыққанымен, «р» әрпін айта алмайды. Сәби тәжірибелі логопедке неғұрлым ерте қаралса, соғұрлым тіл кемістігін түзетуге болады деп естігенмін. Бізге маманға қарала беруге бола ма? 1 қыркүйек 2011, 00:06 2 605 рет қаралды
Сұрақ-жауап Үстеме ақы төленеді – Туысқаным Сағыздағы мектепте медбике боп жұмыс жасайды. Жұмыс өтілі 17 жыл болатын ол жақында жоғарғы санатқа ие болды. Медицина саласында емес, білім беру мекемесінде жұмыс жасап жатқанын желеуретіп, ол жасайтын мектепте оған жоғарғы санаты бойынша үстеме ақысын төлеуден бас тартып отыр. Басқа аудандарда, мәселен, бізде, санат үшін үстеме ақыны мектеп медбикелеріне төлейді. 1 қыркүйек 2011, 00:07 2 275 рет қаралды
Сұрақ-жауап Аттестациялау ақиқатын айтады - Мен кен орынында химиялық зертханада зертханашы болып жұмыс жасаймын. Жұмыс орындарына аттестаттау жүргізілген кезде (мен болмағанда) ол қауіпсіз деп танылған. Алайда, біздерге үнемі зиянды заттектермен тыныстауға тура келеді. Мен жұмыс орынына аттестаттауды жүргізу ережесін білейін деп едім. Оны кім жүргізуі тиіс? Жұмыс орынын аттестаттау барысында қандай шамалар қаперге алынады? Мәселен, газбен бүлінгендік, тербелістер, жарықтың дәрежесі ескеріле ме? 25 тамыз 2011, 00:10 5 602 рет қаралды
Сұрақ-жауап Туған әкесінің келісімі керек – Мен жасы тоғызға келген әйелімнің бірінші некесіндегі баланы өз атыма жаздыртып алғым келеді, бірақ, оған оның туған әкесі қарсы. Мен оның туған әкесінің келісімінсіз баланы өз атыма жаздыртып, асырап алуды рәсімдей алам ба? 25 тамыз 2011, 00:12 2 388 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сот дәлелдеп береді - Мен ІІ- топ мүгедегімін. Сал болып қалған күйеуіме қамқоршылық рәсімдеп алғым келеді. Оны қалай жасауға болады? 25 тамыз 2011, 00:13 2 158 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сүргі салуға құқы жоқ – Бұл сауал тауарларын сату мақсатында сауда алаңдарын жалға алып отырған коммерсанттар үшін барынша өзекті. Біздің қаланың кәсіпкерлерге бутиктерді жалға беретін кейбір сауда үйлерінде өздерінің ішкі ережелері бар. Бұл ережелерге... 25 тамыз 2011, 00:14 2 178 рет қаралды
Сұрақ-жауап “Мұқан” мен “Аркадий” әзір көшпейді - Гайдар көшесі бойындағы үйлердің тұрғындары көшіріле ме? - Төлебаев көшесі бойындағы №44 үйдің тұрғындарын көшіру жоспарда бар ма? - Мен зейнеткермін, жанұяммен бірге С.Датов көшесіндегі №11 үйде тұрамын. Бұл үй пайдалануға 1983 жылы берілді. Жаңбыр жауған кезде төбеден су тамшылайды. Біздерде шатырды өз күшімізбен ауыстыратын мүмкіндігіміз жоқ. Үй апатты жағдайда тұр. Осыүйді күреп тастау жоспарда бар ма? 18 тамыз 2011, 22:53 2 334 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шатақтан аулақ жүрсең, шартты мерзімге ілінесің - 25 жылға бас бостандығынан айырылған және жазасын қатаң режимді колонияда өтеуге сотталған адам ұстау талаптарын өзгерту туралы өтінішті неше жылдан соң бере алады (колония-қоныстану немесе шартты-мерзімді босату) және оның қандай тәртіптері бар? 18 тамыз 2011, 22:57 2 188 рет қаралды
Сұрақ-жауап Адасқан акциялар – 1993 жылы мен АМӨЗ-ның ерекше басымды болып саналатын 44 үлгідегі 2 формалы акцияларын алдым. Содан бері қарай олар менде жатыр. Кейін мен сол акциялардан дивидендтер алуға құқылы екендігімді білдім. АМӨЗ заңгеріне жолыққанымда, ол 2003 жылдан бастап зауыттың дивиденттерді төлеуді тоқтатқандығын хабарлады. Бірақ... 18 тамыз 2011, 23:02 2 202 рет қаралды
Сұрақ-жауап Уәде етілген асфальт қайда? – «Гаухартас» тұрғын үй кешеніндегі көшелер мен аулалар қашан асфальтталады? Осы жылдың көктемінде жарияланған тізімде біздің тұрғын үй кешеніміз көрсетілген еді. Бірақ, әзірге ешқандай өзгеріс бола қойған жоқ. 18 тамыз 2011, 23:04 2 123 рет қаралды
Сұрақ-жауап Байланысқа жақында шығасыз! – 2010 жылғы қарашада Водников поселкесінде телефондандыру жұмысы басталған болатын. Алдымен телефонды (интернет, кабельдік ТВ) 2011 жылдың қаңтарына дейін қосуға болады деген еді. Одан кейін бұл мерзім 2011 жылдың наурыз айына шегерілді, одан әрі сәуірге ұзартылды. Қысқасы, бізді телефонмен жабдықтау қандай себептерге байланысты кейінге қалдырылып отыр, соны білсек деймін. 18 тамыз 2011, 23:06 2 226 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қате төлем қайтарылады – Мен жеке кәсіпкермін. Жақында мен қателесіп әлеуметтік төлемдер үшін ақшаны төлемақы өсімінің есепшотына аударып жіберппін. Және ол біраз ірі сома болатын. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында маған ақшаны жеке есепшотқа қайтарып алуға мүмкіндік беретін бланк берді. Ақшаны жай ғана бір есепшоттан (төлемақы өсімі) әлеуметтік төлемдер үшін менің негізгі есепшотыма аудара салуға болмай ма? Егер болмаса, ешқандай да жеке есепшот ашпастан-ақ, тек алушыға қайтаруды рәсімдеуге бола ма? 18 тамыз 2011, 23:09 2 738 рет қаралды
Сұрақ-жауап Құлмановтағы үй күрелмек – Құлманов көшесіндегі №139 үй (екі қабатты жатақхана) күреле ме? Бұрын бұл көшеде сегіз жатақхана болған еді, олардың жетеуі күреліп тасталды, тек біз тұратын үй ғана қалды. Үйлерді бұзып тастаған кезде салқын су желісі кесіліп тасталған еді. 18 тамыз 2011, 23:14 2 076 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жаңа маршрут жүреді – Биылғы жылы Жұмыскер-2 ықшам ауданына дейін маршрут енгізіле ме? 18 тамыз 2011, 23:15 1 889 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тұтынушы таңдау құқына ие – Монополист тұтынушыға есептегіш құралын қайдан сатып алатындығын айтып, бұйыруға құқылы ма? «Атырау Энергосату» мекемесінде маған есептегіш құралды Уәлиханов көшесіндегі өздерінің ғимаратына қарсы дүкеннен сатып алу керектігін айтты. Есептегіш құралдар онда 7 000 теңге тұрады. Мен сол есептегішті... 18 тамыз 2011, 23:17 3 347 рет қаралды
Сұрақ-жауап Медициналық комиссиядан өтуі қажет - Осыдан үш жыл бұрын дәрігерлер ота арқылы денемде пайда болған жарықты (грыжа) алып тастаған болатын. Ол жарық қазір қайта шығып отыр. Дәрігерлер ота жасамаймыз, себебі, ол орнына қайтадан шығып кетеді, - дейді. Білейін дегенім, денемде пайда болған жарық ұлғайып, жүріп-тұруыма, жұмыс істеуіме қиындық туғызып отыр. Осыған байланысты маған мүгедектік туралы анықтама қағазы беріле ме? Дәрігерлер маған бір келіден артық салмақ көтеруге болмайды деген болатын. 18 тамыз 2011, 15:47 2 124 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тегін жолақы - оқу кезінде ғана - Жазғы демалыста кондукторлар оқушыларды маршруттарда жүргізбейді. Олардан жолақысын талап етеді. Жолақысы оқушылар үшін тегін емес пе? Әлде оқушы демалыс күндері оқушы жасындағы болып есептелмей қала ма? Осы жағын реттейтін біреу болса екен дейміз. 18 тамыз 2011, 15:50 2 343 рет қаралды
Сұрақ-жауап Биыл үміт жоқ - Балықшы поселкесінен әріде орналасқан Ақжайық ауылындағы бес көше биыл жөнделеді делінген болатын. Осыдан кейін ауылдағы екі көшенің жолдарын жөндеу жұмысы басталып, ортасына келгенде тоқтап қалды. Қазір жартылай бітпеген күйі тұр. Қалалық әкімдік биыл салынады деген көшелердің жолы не себептен жөнделмей қалды? Жол төсеу жұмысы биыл біте ме? 18 тамыз 2011, 15:52 2 725 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жылуы жоқ жапандағы жалғыз үй - Мен жақында Сарыөзектегі жалғыз тұрған №1 бесқатарлы үйден пәтер сатып алғанмын. Ал бұл үйдің жылуы мен суы болмайтынын кеш білдім. ПИК - те жоқ мұнда. Енді не істеуге болады? 18 тамыз 2011, 15:54 2 301 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қанша валюта болса да рұхсат Қазақстан аумағына Белоруссия және Ресейге қанша сомадағы қолма-қол шетел валюталарын немесе ұлттық валюталарды алып кіруге немесе алып шығуға болады? 18 тамыз 2011, 15:56 2 330 рет қаралды
Сұрақ-жауап Аурудың шипасы - Алладан - Бейіт басынан алынған топырақты үйде сырқаттанып қалған біреу болса, емдеуге пайдаға асар деген ниетпен ұзақ сақтаған қаншалықты дұрыс? Жалпы, ертеректе емшілік қасиеті бар кісінің бейітінен топырақ алып, тіл-көз тиген сәбиге ырымдап ем-дом жасағанда, бала ауруынан жазылып, аяққа тұрған деседі. Жақында да бір танысым солай істеп, қатты қызулап жатқан немересін аман алып қалды. Өзімді де ертеректе әжем күн батар алдында жерге етпетімнен үш рет жатқызып, «жер ұшынды, мен ұшынған жоқпын» деп айтқызып, қызуымды түсірді. Жалпы, ырымға сенбеу керек екенін білемін. Бірақ, қызу лезде түскені қалай деп ойланамын. Жалпы, бейіт басынан топырақ алуға бола ма? Оның қандай емдік қасиеті бар екен? 18 тамыз 2011, 16:03 4 887 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тауарларға шектеу бар - Тауарларды халықаралық поштамен жөнелту кезінде шектеулер бар ма? 18 тамыз 2011, 16:24 1 851 рет қаралды
Сұрақ-жауап Отбасылық жағдайыңды да анықтайды - Мен биыл үй кезегіне тұру үшін бюджет қызметкері ретінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне арыз беруге бардым.. Маған ондағылар нотариустан отбасылық жағдайым туралы анықтама талап етті. Ал нотариустағылар анықтаманың ақылы 1000 теңге тұратыны айтты. Бұл құжаттарды АХАЖ беруі тиіс емес пе? 18 тамыз 2011, 16:31 2 540 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ономастикалық олқылық – Атырау обаға қарсы стансасы орналасқан көшенің атауы бүкіл әлемге танымал микробиолог және эпидемиолог Даниил Кириллович ЗАБОЛОТНЫЙ есімімен аталады. Алайда, көбіне кіріс хат-хабарларда «Заболотная көшесі» болып көрсетіледі. Хат-хабар жолдаушылардан көше атауын дұрыс жазуды сұрағымыз келеді. 11 тамыз 2011, 20:17 2 315 рет қаралды
Сұрақ-жауап …Тағы да арнадан радио сөйлеп тұр – Менің үйімде кәдімгі көше антенасы. Міне, бір айға жақындады «Еуроазия» арнасын көру мүмкін емес. Үнемі бір кедергілер шығып жатады, әуен ойналады, әлдебір диджейлердің әңгімелері естіліп жатады. Неліктен ондай жағдай орын алып отыр? 11 тамыз 2011, 20:20 2 277 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бүлінгенін ауыстыруға болады – Менде бүлініп қалған 10 мыңдық теңге бар, дүкендегі сатушылар оны алудан бас тартып отыр. Маған бұл ақшаны қайда ауыстырып береді? 11 тамыз 2011, 20:21 2 382 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жәрдемақы жалақы есебінен болады – Мен жеке кәсіпкермін. Базарда сауда жасаймын, тоқсан сайын салық есебін тапсырамын. Жақында үшінші баламды босандым. Енді маған бала туғаныма және бала күтіміне байланысты қандай төлемдер тиесілі екендігін білсем деп едім. 11 тамыз 2011, 20:23 2 068 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Нұр-нама» тексеруден өткен жоқ – Жақында мен «Нұр-нама» кітабын сатып алдым, ол кітапта бақытқа жетудің жолдары туралы айтылып, бұрын мен ешқашан естіп көрмеген арнаулы дұғалар келтіріледі. Оларды оқуға бола ма? Және тағы да білейін дегенім, діни әдебиеттерді қалай дұрыс пайдаға асыруға болады? 11 тамыз 2011, 20:24 16 678 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жолаушыларды жолдан қалдырған маршрут - Мен Водников поселкесінде тұрамын. Біз қалаға тек №5 маршрутпен ғана жете аламыз. Қазір маршруткалар 30-40 минуттық интервалды сақтап, өте сирек жүреді. Оның үстіне Құрсайдан кісіні толтырып алып, біздің аялдамамызға тіпті, тоқтамай да кетеді. Басқасын күтуге тура келеді. Бұл мәселені шешу үшін кімге жолығуымыз керек? 11 тамыз 2011, 20:26 2 178 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бізде бұл пюре сатылмайды – Мен электронды пошта арқылы бірнеше достарымнан мынадай хабарлама алдым: «Шұғыл түрде! Барлық ата-аналардың назарына! «Nestle» компаниясы жарамдылық мерзімі 2012 жылға дейінгі барлық «BANANA» балалар тағамының құтысын қайтаруды сұрайды. Ондағы балалар тағамының құрамында әйнек бар көрінеді! Қауіпті балалар тағамының штрих-коды 761303308973». Осы хабардың қаншалықты нақты екендігін білгіміз келеді? Әлде бұл әлдекімдердің мазағы ма? 11 тамыз 2011, 20:27 2 202 рет қаралды
Сұрақ-жауап Есеппен ажырасу – Әйелім айқай шығарып, баламды алып, шешесінің үйіне кетіп қалды. Ол алимент алу үшін шағымданған, сот болса мән-жайдың анық-қанығына жетпестен, оның талабын қанағаттандырды. Міне, екі ай болды әйелім баламды менен жасырып, екеуміздің кездесуімізге кедергі келтіріп келеді. Мен алиментімді адал төлеп отырмын. Бірде... 11 тамыз 2011, 20:28 3 466 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тұрғындар жиналысында бекітіледі – Таяу күндердің бірінде бізге үйімізге қызмет көрсетуші «Кенже» ПИК-нің пайдалану шығындарының тарифін өсіргендігі жөнінде хабарлама келді. Білейін дегенім, ПИК біржақты тәртіп бойынша тарифті көтере алама? 4 тамыз 2011, 23:04 2 348 рет қаралды
Сұрақ-жауап Емдемейді, ескертеді – Жақында №2 емханадан учаскелік терапевт-дәрігер қоңырау шалып, маған баламыз екеумізге жүрек-қан тамырлары сырқаты бойынша әлдебір скринигтік тексерілуге келуімізді өтінді. Жасым 50-ге келіп қалған менің шақырылуым орынды болғанымен 18-ге жаңа ғана толған баламның жүрегін тексерудің не қажеттілігі бар? 4 тамыз 2011, 23:09 2 368 рет қаралды
Сұрақ-жауап Гранттар республика бойынша таратылады – Биылғы жылы мен педагогикалық колледжді бітірдім. Мектептер және оқу орталықтары колледж түлектерін біліктілігі жоқтығынан жұмысқа алмайды. Біздер ең болмағанда бастауыш сыныптарда да жұмыс істей алмаймыз ба? Келесі жылы жоғары оқу орнының күндізгі бөліміне түсуді жоспарлап отырмын, биыл кешігіп қалған сияқтымын. Жыл сайын біздің университетке «Аударма ісі» және «Ағылшын тілінің мұғалімі» мамандықтары бойынша қанша гранттар бөлінеді және құжаттарды қабылдау қашан жүргізіледі? 28 шілде 2011, 22:09 5 266 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көне куәлікті қайта ауыстырған жөн - Немеремді тұрып жатқан мекен-жайыма тіркеу барысында кедергілерге ұшырап отырмын. Халыққа қызмет көрсету орталығындағылар ескі жазулары көрінбейтіндіктен куәлікті ауыстыру керек деп отыр. Ал АХАЖ бөліміндегілер менен куәлікті ауыстыру үшін 1500 теңге сұрайды. Олардың ақша сұрауы дұрыс па? 28 шілде 2011, 22:13 2 823 рет қаралды