Атырау, 10 ақпан 10:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Әр аулада камера тұрмақ

- Момышұлы көшесіндегі («Светланаға» қарсы, бұрынғы Серго көшесі) аулаларға сыртқы бейнебақылау камералары орнатыла ма? Камералардың орнатылуын талап етуімізге біріншіден, автокөліктеріміздің ұрлануы және көлік салондарындағы заттардың ұрлануы, екіншіден, жақын маңға орналасқан мейрамханаға келушілердің  төбелесі мен айқай-шуы себеп болып отыр. Бұған қатысты біздер бірнеше рет полицияға шағымдандық. 12 қазан 2011, 18:47 2 155 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бұл аурухана емес - мектеп

– Неліктен облыстық балаларды оңалту орталығы жазғы уақытта жұмыс жасамайды? Біресе оларда жөндеу жұмыстары жүріп жатады, біресе бүкіл қызметкерлер демалыста дейді. Ата-аналарға балаларын орталыққа жазда апарған қолайлырақ. Олардың көпшілігі демалысқа шығады, әрі ауа-райы да жақсы болады. Жаңбыр болмағасын балаларды қымтап-ораудың да қажеті болмайды. 6 қазан 2011, 20:49 2 370 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жарық қалпына келтіріледі

– Мамырда «Мерей» базары мен №3 мектеп орналасқан Луговой көшесіне кеңейту жұмыстары жүргізілген  кезде көшеге жарық беретін бес тірек алынып тасталды. Жұмысшылар тіпті сымдарын да алып тастамады. Олар әлі күнге дейін Владимирский мен Луговой көшелерінің қиылысындағы бағаналардың бірінде салбырап тұр. Қазір күн қысқарып жатқандықтан, кешкілік уақытта Луговой көшесі көзге түртсе көргісіз қараңғы болады. Мектеп оқушыларына әрі қараңғы, әрі кісі көп жүретін осы көшемен жүрулеріне тура келеді. 6 қазан 2011, 20:51 2 092 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жол жөндеуге желілер кедергі

– Биыл жол қызметкерлері «Атырау-Жарық» АҚ-ның электр тарату магистральды желілері бар болғандықтан, Доссорский өткелін асфальттаудан бас тартты. Ақ депо массивіндегі басқа көшелер абаттандырылды. Көрші көшелердегі жол деңгейлері жоғары болғандықтан, бүкіл жаңбыр суы бізге қарай ағады. Электр тарату желілерінің тірегін айналып өтіп, жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге бола ма? 6 қазан 2011, 20:53 1 894 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Салық төленбейді

– Біз ресейлік серіктестерімізбен жұмыс жасай бастадық. Олардан Қазақстанға өткізу үшін тауарлар сатып аламыз, ал олар бізге рубльмен шот-фактураларын жібереді. Біздің бухгалтеріміз компания резидент болмағаны үшін 20 пайыз салық төлеуі тиіс дейді. Бірақ осы фирмамен 10 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Қазақстанның басқа қалаларындағы таныстарым мұндай салықты төлемейді. Резидент болмағаны үшін салық төлеуім керек пе? 6 қазан 2011, 20:54 2 023 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көктем күзден қорқады

–  3 жыл бұрын Мен Көктем ықшам ауданынан үй салған едім. Бюджет қаржысына газ жүргізіліп, жарық берілді. Су құбырын жүргізген болатын, бірақ әзірге су жүрген жоқ. Сондай-ақ, асфальт жоқ. Балалар Ақсай поселкесіндегі мектепке жаяу барады. Кешікпей лайсаң батпақ басталады ғой. Біздің ықшам ауданға өркениеттің бүкіл игілігі қашан келер екен? 6 қазан 2011, 20:55 1 931 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Асфальтты биыл күтіңіз

– Біздің Атырау ықшамауданындағы бүкіл көше асфальтталды. Бірақ біздің Шманов көшесі қалып қойды. Бұл - асфальтталған көшелердің маңында 100 метрдей қашықтықта орналасқан бірнеше үйлер. Осы учаскені әлі дұрыстай алмай келеді. Біз облыс пен қала әкімінің блогтарына әлденеше рет жаздық. Жергілікті билік бізге біресе биылғы жылдың жоспарына енгіздік, біресе келер жылы енгіземіз деп жауап береді. 6 қазан 2011, 20:56 2 149 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Алимент төленуге тиіс

– Үлкен ұлым жуырда 18 жасқа толады. Әкесімен екеуміз ажырасқанбыз, ол алимент төлейді. Мұндай жағдайда оқу аяқталғанша бұрынғы жұбайымның тарапынан әрі қарай да алимент алуға болады деп естідім. Ол үшін қайда хабарласу керек және қандай құжаттар ұсыну қажет? 6 қазан 2011, 20:58 4 108 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Фельдшерге де үстемақы тиесілі

- Мен орта буын медицина қызметкермін. Біз де медбикелермен бірдей уақыт жұмыс істейміз. Жалақымыздың қалай есептелетінін білгім келеді. Фельдшер мен лаборанттардың жалақысы медбикелер жалақысымен бірдей төлене ме? Мәселен, учаскелік медбикелер тоқсан сайын 40-50 мың теңгедей ақша алады. Ал денсаулық сақтау мекемелерінің кабинеттерінде отырып жұмыс істейтін орта буын медицина қызметкерлеріне қандай да бір қосымша үстемақы тиесілі ме? 6 қазан 2011, 11:51 3 446 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Зейнетақым дұрыс есептелген бе?

- Мен 1944 жылдан 1988 жылға дейін  колхозда мал бақтым.  Кейін  мал шаруашылығындағы еңбегім үшін  45 жылдық  еңбек өтіліммен зейнеткерлікке шықтым.  Жалақым ол кезде 352, 35 сом. Маған  тағайындалған 14 646 теңге  зейнетақымды дұрыс есептелмеген деп санаймын. Оны қалай анықтауыма болады? Өтінемін. 6 қазан 2011, 11:57 2 354 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Маршруттар мәселесі майшаммен қаралады

- Мені маршруттар жүрісі мазалайды. Жолаушыларды мезі еткен оқиғалар көп. Соның ішінде нақты бір фактіні келтірейін. Жақында №14 автобустар бір-бірімен жарысып, салондағы халықтың қауіпсіздігін ойлаған жоқ. Мен автобустың нөмірін жазып алдым: Е 031 ВР. Жүргізушінің тегі - Ихсанов. «Батыс-Транспорт СИМ» ЖШС-не хабарласып едім, мекеме директорының орынбасары Құсайынов мәселені қараймыз деді. 6 қазан 2011, 11:57 3 101 рет қаралды
Сұрақ-жауап

170-тен төмен болсын

– Электр энергиясы есептегішін орнатқан кезде, энергішілер оның орнатылған биіктігіне қатысты ешқандай талап қоймаған болатын. Ал биылғы жылы кенеттен байқап қалып, есептегіштің 170 см-ден жоғары орналаспауы тиіс екендігі туралы ұйғарым әкелді. Бұл талап қайдан шыққан? Мен, мәселен, оны биік жерге орнатқан кезде, подъездерде бөгденің мүлкін бүлдіретіндерден қорғанып, соны басшылыққа алдым. 29 қыркүйек 2011, 20:02 2 108 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Арнайы құрылғылар келесі жылы болады

– Облыстық оңалту орталығының жаттықтыру залы мүмкіндіктері шектеулі жандарға мүлдем лайықсыз. Барлық жаттығу құрылғылары дені сау адамдарға арналған. Арбаға таңылған жандарға ол жерге барудың қажеті жоқ. Тіпті, ІІ топ мүгедегі маған да (апаттан кейін ақсаңдап жүремін) бір жаттығу құрылғысы ғана лайықты. Жаттығу залына жабдықтар сатып алған кезде мүгедектер туралы неге қаперге алмаған? Бұл жаттығу құралдарын қашан ауыстырады? 29 қыркүйек 2011, 20:03 2 097 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Даярлық тобын ашуға мүмкіндік жоқ

– Сәбиім барып жүрген №22 балабақшада (Жилгородоктағы жаңа балабақша) мектепалды даярлық тобы жоқ. Ол жерде балалар 5 жасқа дейін тәрбиеленеді. Содан кейін ата-аналары балаларын басқа балабақшаға ауыстыруға мәжбүр. Осы балабақшадан мектепалды даярлық тобын ұйымдастыру соншалықты қиын болғаны ма? 29 қыркүйек 2011, 20:03 2 792 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Зейнеткерлер жалпы негізде төлейді

– Біз жұбайымыз екеуміз зейнеткерміз. «ТВС-TV» ЖШС-нің кабельдік теледидарын пайдаланамыз. Оның ай сайынғы төлемақысы 1 400 теңге. Жақында басқа кабельдік теледидар ұсынушылардың зейнеткерлер үшін 50 пайыздық жеңілдік жасайтынын білдік. Өз кабель қызметкерімнен бұған қатысты ештеңе біле алмадым. «ТВС-TV» ұстанымы қандай екен? 29 қыркүйек 2011, 20:07 2 267 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жолдама – жазда, орын – күзде

– Маусым айының басында қалалық білім беру бөлімінен №1 АДГ балабақшасына жолдама алып, оны бірден мектепке дейінгі мекемеге тапсырдық. Бізге балаларымыз шілде айында тапсырылатын жаңа жалғамаға барады деп ескерткен болатын.  Содан кейін ол мерзім 1 қыркүйекке жылжыған еді. Енді бұл мерзім де өтті. Жалғаманы қашан тапсырады? 29 қыркүйек 2011, 20:08 2 161 рет қаралды
Талон неге тіркелмеген? Сұрақ-жауап

Талон неге тіркелмеген?

- Мен былтыр қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне жалдамалы үйлердің кезегіне тіркелдім. Қолымда кезек нөмірін айғақтайтын талоным  (суретте) бар. Енді кезегімнің қаншалықты жылжығанын білейін деп, Сәтпаев көшесі, №20 үйдегі халыққа қызмет көрсету орталығына барсам, ондағылар мені тізімнен таппады. Сонда сіз пәтер кезегіне тіркелдіңіз деп, қолыма талон бергендері қайда?  22 қыркүйек 2011, 16:12 2 126 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көмек көптік кетпейді

– Облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге қатыса ма? Осыдан бір жыл бұрын сол кездегі Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылығы бұрынғы сотталушыларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығын ашу жоспарланып жатқанын хабарлаған болатын.  15 қыркүйек 2011, 23:18 2 178 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қарызды алу оңай, беру қиын

– Танысыма ешқандай нотариалдық расталған қолхатсыз ірі сомада қарызға ақша берген едім. Енді өкініп отырмын. Уәде еткеніне қарамастан, ол ақшаны беруге асығар емес. Дәлел ретінде тек sms арқылы жазысқан хабарламалар ғана бар. Қайдан көмек сұрауға болады? 15 қыркүйек 2011, 23:23 3 767 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Банктің келісімін алыңыз

– Алғалы жатқан пәтерім кепілдікте тұрған еді. Мен қалған несиенің сомасын аванс ретінде төлеп, ал мүлік кепілдіктен алынғаннан кейін қалған соманы төлейтін болып, сатушы екеуміз келісім жасамақ болғанбыз. Бірақ мен сатушының денсаулығына алаңдаймын. Біздің мәмілеміз аяқталғанша, оның аман-сау болатынына сенімді болмай отырмын. Егер ол шынымен де мәмілеміз аяқталғанша о дүниелік болса ше? Маған оның туысқандарын іздеп тауып, аза тұтып отырған адамдардан пәтер құқығымды талап етуіме тура келе ме? 15 қыркүйек 2011, 23:32 2 194 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бұрынғы кезегі бұзылады

– Ақтау қаласында тұрған кезде бірнеше жыл бойына жетім ретінде коммуналдық баспана алу кезегінде тұрдым. Қазір Атырауға көшіп келдім. Ақтаудағы кезегім бойынша мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы негізінде үй алу кезегіне тұра алам ба? 15 қыркүйек 2011, 23:38 2 044 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Биыл асфальт болмайды

- «Атырауинждорстрой» компаниясының жол-құрылыс бригадалары Бірлік-1 мен Бірлік-3 поселкелерін асфальттап, олардың аралығында орналасқан Бірлік-2 поселкесіндегі жұмыстарды аяқтамады. Атап айтқанда, Жарылғасұлы көшесі асфальтсыз қалды, ал Сбиков пен Қорқыт ата көшелері жартылай асфальтталған. Жұмыстар қашан аяқталады? 15 қыркүйек 2011, 23:39 2 008 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көп балалы анаға төленетін жәрдемақы қайда?

- 2001 жылдан денсаулығыма байланысты зейнетақы аламын. 2007 жылы бес баламен 53 жасқа толып, зейнеткерлікке шықтым. Енді маған көп балалы ана ретінде берілетін 6006 теңге қосымша ақша төлене ме? Неге осы уақытқа дейін төленбей келеді? 15 қыркүйек 2011, 18:45 4 876 рет қаралды
Сұрақ-жауап

“Ольга бізге жолықсын”

– 2009 жылы «Химик» бағбандық серіктестігінің Грушевая көшесінің бағбандары «Атырау су арнасы» КМК рұқсатымен өз қаржыларына Көкарна поселкесінен су құбырын тартқан болатын. Менің саяжайым осы көшенің бойында еді. Бірақ мен жолаушылап кеткендіктен, су құбырын жалғауға үлгере алмай қалдым. Кейінірек «Атырау су арнасы» КМК-не рұқсат алу үшін барған едім, ондағылар уақытымен осы су құбырын салып алған көршілерімнің жазбаша келісімін алуға кеңес берді. Мен олардың қолдарын қойғызып, келісімдерін алған едім. Енді су құбырындағы сумен көшеттерді суарасыз деген желеумен маған техникалық шартты беруден бас тартып отыр. Бізде суаруға арналған суарма су құбыры бар ғой, маған көшеттерді хлорланған сумен суарып қажеті қандай?! 8 қыркүйек 2011, 21:32 2 225 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Пәтеріңізде ешкімнің шаруасы жоқ

– Көршіміздің жақын арада күйеуі қайтыс болды. Ол егде тартқан жалғызбасты әрі аурушаң адам. Біз оған Қарттар үйіне орналасуға кеңес бергіміз келеді. Оны қалай рәсімдеуге болады? Оның пәтері не болмақ? Көршім егер ол Қарттар үйіне баратын болса, мемлекет оның мүлкін алып қояды деп ойлайды. 1 қыркүйек 2011, 00:02 2 758 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Құлағыңыз естімесе, рульге отырмаңыз

– Таяу күндері жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде «Кереңдік» деген белгіні көріп, оны беруден бас тартты. 10 жыл бұрын осындай жағдай орын алған еді. Бірақ ол кезде проблемаға адамша және түсіністікпен қараған болатын. Менің аудиограммамды қарап, менің саңырау емес, тек жиіліктер бойынша ғана ақауым бар екенін, тек жай дыбыстарды ғана естімей қалатынымды анықтаған еді. Осы диагноз бен толықтай кереңдіктің арасындағы айырмашылық үлкен. Менің 40 жылдық жүргізушілік өтілім бар. 20 жыл бойына автобус жүргіздім. Жыл өткен сайын сол жақ аяғым жүргізбей, қиындықпен қозғаламын. Көліксіз тіпті, зейнетақымды алу үшін поштаға немесе нан алу үшін дүкенге жете алмай қаламын. Көліксіз ешқайда шыға алмаймын. Осы жағдайды анықтап, немқұрайлы қарамасаңыздар екен деймін. 1 қыркүйек 2011, 00:04 2 442 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үйіме кіре алмай жүрмін

– «City brew» мейрамханасына қарсы жолға қос жолақ салынған. Енді Авангард жақтан қозғалғанда бірден сол жаққа қарай бұра алмай, 4-ші ықшамаудандағы №18 үйімнің ауласына кіре алмаймын. Маған бұрылу үшін рұқсат етілген бұрылысқа дейін бару керек. Үйдің басқа жағынан да аулаға шыға алмаймын, ПИК орнатқан жабын тұрба кедергі келтіреді. Аулада тұратын көлік иелеріне не істеуге болады? Бұрылыс аймағынан біздің үйге қарай үзік сызықты жолақ салуға болмай ма? 1 қыркүйек 2011, 00:05 2 188 рет қаралды