Сұрақ-жауап Газбен ойнама - Биылғы жылы аяз түскенде Атырау-2 ықшам ауданындағы газ қысымы кенет төмендеп кетті. Газ жанарғысындағы жалын көрінбейді. Үй іші салқын, кейбір бөлмелердегі температура 18 градусқа дейін түсіп кетті, балалар ауырып жатыр. Неліктен газ жоқ? 27 ақпан 2014, 00:00 2 003 рет қаралды
Сұрақ-жауап Асфальт кейін, әуелі смета «Балауса» ықшам ауданының көшелеріне асфальт жол қашан төселеді? 20 ақпан 2014, 00:00 2 048 рет қаралды
Сұрақ-жауап Төлқұжат қайда кетеді? – Ұзақ уақыт бойына әлдебір себептермен алынбай қалған жеке басын куәландыратын дайын құжаттарға не болады? 20 ақпан 2014, 00:00 1 942 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бекіткенімен, қызмет көрсетпейді – Біз бүкіл отбасымызбен Алмагүл ықшам ауданындағы №7 қалалық емханаға бекітілгенбіз. Мен №7 емхана қызметін пайдалану үшін мекенжайымыз бойынша тиесілі №2 емханадан есептен шығаратын талонды әдейілеп алдым. Қызым алты айлық. Педиатр дәрігер бірнеше мамандардан, соның ішінде хирургтан тексеруден өтуге кеңес берді. Емхананың тіркеу бөлімінде бізді маманның қабылдауына жазудан бас тартып, оныњ ақылы екенін – 1 200 теңге тұратынын мәлімдеді. Егер мен осы амбулаторияға тіркелген болсам және педиатрдың жолдамасы бар болса, неліктен дәрігердің тексеруі үшін төлеуім керек? 20 ақпан 2014, 00:00 1 797 рет қаралды
Сұрақ-жауап Айрықша режимдегі балабақша - Менің балам демікпе ауруымен ауырады. Жақында біз басқа қаладан жарты жылдық емдеу курсынан өтуіміз керек. Біз барып жүрген балабақшаның директоры баланың ұзақ мерзім бойы бақшаға келмеуі оны автоматты түрде орнынан айырады дейді. Бұл дұрыс па? 20 ақпан 2014, 00:00 1 729 рет қаралды
Сұрақ-жауап Заң әлі күшіне енген жоқ - Еңбек мигранттарын тіркеу жөніндегі жаңа ережелерді пайдалануды жөн көріп, мемлекеттік баж салығын төлеп, еңбек шартын жасауға көші-қон басқармасына келсек, ол жерде бізге жеке тұлғалардың мигранттарды жұмысқа тартуын анықтайтын заң күшін жойылғанын хабарлады. Бұл қалай сонда? 20 ақпан 2014, 00:00 1 797 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кеңес беріп көмектеседі – Үйімнен отбасылық бөбекжай ашқым келеді. Қалалық білім бөлімі осындай мектепке дейінгі мекемелерге қандай көмек көрсетеді? 20 ақпан 2014, 00:00 1 711 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бәрі де ақылы – Мен Молдағалиев, 26 мекенжайында тұрамын. Бізге Алма ТВ-дан келіп, бәрін сандық пакетке көшіретіндігін айтты. Сандық пакетке қосылу үшін олардан 10 мың теңгеге жаңа немесе 5 мың теңгеге бұрын пайдаланылған қабылдағышты сатып алу керек. Біріншіден, ажыратып, сандық пакетке ескертпестен көшіретіндігі ызаландырады. Ақысы төленуі керек бұл қандай қабылдағыштар? 19 ақпан 2014, 00:00 1 853 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ұстаз бен шәкірт – Пәндік мұғалім балаларымыздың бағасын төмендетеді. Бұл шамданған сезім әсері емес. Балаларымыз осы пән бойынша репетиторлардан қосымша сабақ алады. Мектеп мұғалімі шешілген мысалдарды сызып тастап, шешудің басқа нұсқасын ұсынған барлық жағдайда репетиторлар онымен үзілді-кесілді келіспейді. Мектеп директоры пән мұғалімі бүкіл мектепте біреу дегенді алға тартып, проблеманы елемегенді жөн көреді. Осы жөнінде қалалық білім беру бөлімінде кімге шағымдануға болады? Мұндай мәселелер қалай шешіледі? 13 ақпан 2014, 00:00 2 385 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жарық керек - Мен жеке кәсіпкермін, Томарлы селосы маңында мал шаруашылығымен айналысамын. Мемлекеттен берілген 500 га жер телімінің бір бөлігіне тұрғын үй, қора салып едім. Енді үйіме электр энергиясын тартқым келеді. Шаруашылығымның жанынан өтетін электр торабынан үйіме желіні өз күшіммен жүргізуге дайынмын, тек энергияны тұтынғаным үшін ай сайынғы ақыны қалай төлейтінімді білгім келеді - жеке кәсіпкер ретінде ме, әлде жеке тұрғын ретінде ме? 13 ақпан 2014, 00:00 1 672 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қате түсінген – Ұлым Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінде оқиды. 3 жыл бойына біз оқу ақысын төлеп, колледжге оқу ақысын төлегендігіміз жөніндегі түбіртек көшірмелерін тапсырып отырдық. Енді диплом берер алдында колледж әкімшілігі бүкіл түбіртектің түпнұсқасын беруді талап етіп отыр. Менің бергім келмейді, өйткені олардың жоғалтып алмайтындығына және төлегендігімнің дәлелін қайтадан сұрамасына сенімді емеспін. Заңгер колледждің түбіртектің түпнұсқасын талап етуге құқығы жоқ екенін растап отыр. Қайтсек екен? 13 ақпан 2014, 00:00 2 163 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жүйе жаңа болғанымен, жалақы бұрынғы – Е-learning жүйесі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдерге үстеме ақы төлене ме? 13 ақпан 2014, 00:00 1 964 рет қаралды
Сұрақ-жауап Дерматологқа қаралыңыз – Мектептен келетін оқушы қызымның шашынан әлсін-әлі бит-сірке тауып аламын. Мектеп басшылығы хабардар, бірақ ешқандай реакция жоқ, тазалаңдар дейді. Айтыңыздаршы, мұндай жағдайда қайда хабарласу керек? 13 ақпан 2014, 00:00 2 829 рет қаралды
Сұрақ-жауап Маршрут тендерге байланысты -Мечников-Баймұханов көпірі арқылы Атырау ықшам ауданынан Балықшыға, қаланың орталығына қатынайтын автобус маршруттарын шығаруға болмай ма? 13 ақпан 2014, 00:00 1 853 рет қаралды
Сұрақ-жауап Медициналық тексеру қанша тұрады? – Ұлым бір айдан соң 18-ге толады. Ол кәмелетке толған жасында жүргізуші куәлігін алу үшін көлік жүргізу курсына жазылуды ұйғарды. Емханаға келіп, медициналық нысан құжаты үшін тиесілі ақысын төлеп, дәрігерлердің қабылдауына кіре бастады. Хирург ұлым 18-ге толмайынша, өзінің мөрін соғудан бас тартқан. Егер көлік жүргізу курсына 16 жастан бастап қабылдай беретін болса, оның жасының қатысы қандай? Оның үстіне ол медициналық комиссиядан куәлік алу үшін емес, әзірге курсқа жазылу үшін өтіп жатыр ғой. 13 ақпан 2014, 00:00 2 239 рет қаралды
Сұрақ-жауап Құжатты күтеміз - Жұмыскер поселкесінен Балықшы кентіне баратын көпірге жақын жерде орналасқан «Лидер» сауда маркеті тұсынан жаяу жүргіншілерге арналған жол қашан салынады? Бұл жер өте қауіпті. 6 ақпан 2014, 00:00 1 856 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Ондықты» қайтарыңдар! – Неліктен Сарықамысқа дейін жүретін 10-шы маршрутты алып тастады? Біз қалалық әкімдікке хабарласқан едік, ондағылар 15-ші маршруттың өзгергенін, автобустардың әр 2-3 минут сайын келіп тұратынын айтты. Бірақ 15-ші маршрутты күтіп тұру, әсіресе қазір, аязды күндері мүмкін емес. Балаларымыз алты сабақтан соң сағат 7-ден кейін үйлеріне жете алмайды. Аялдамада үсіп-қатып тұрады. Автобустар мүлдем жоқ: 10-шы маршрутта үлкен автобустар, ал 15-шіде Газельдер жүретін. Біздің бағыттағы №10 маршрутты қайта шығаруға болмай ма? 6 ақпан 2014, 00:00 1 830 рет қаралды
Сұрақ-жауап 13 күннің дауы - Мен вахталық әдіспен 28 де 28 күндік кестемен жұмыс істеймін. Қазір бізді осы кесте бойынша жұмыс істеуге келісеміз деп арыз жазуға мәжбүрлейді. Бірақ жақында ғана заңнамаға вахта 15 күннен аспауы керек деген түзетулер енгізілді ғой. Жұмыс беруші біздің компаниямызда басқа жақтан келіп жұмыс істеушілер көп екенін, олардың көлік шығындарын төлеу тиімсіз екендігін айтып ақталады. Өз құқығымызды қорғау үшін қайда жүгінеміз? Шағымданамыз десек, бізді ауызша «ең нашар жұмысшылар» тізіміне енгіземіз деп қорқытады, әрі қарай жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін. 6 ақпан 2014, 00:00 3 030 рет қаралды
Сұрақ-жауап Терминалдық кезең – Терминалдың жоқтығына немесе оның жұмысындағы ақауларға қатысты шағымдарды қайда айтуға балады? 6 ақпан 2014, 00:00 2 183 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ереже бұзушыға жеңілдік – Сот шешімі шыққан бірінші күні айыппұл төлеуге дайын жол-қозғалысы ережесін бұзушыға айыппұл сомасының 50 пайызын төлейтін жеңілдік бар деп естідім. Осы рас па? 6 ақпан 2014, 00:00 1 837 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жекешелендірудің шарттары - Жалғызбасты ана ретінде 2010 жылы екі бөлмелі пәтер берілген еді. Енді осы пәтерімді жекешелендіргім келеді, ол үшін қандай құжаттар жинақтап, оларды қайда тапсыру керек? 6 ақпан 2014, 00:00 2 874 рет қаралды
Сұрақ-жауап Аналық құқық – Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) бойынша квотаға үміткерлер тізіміне қалай енуге болады? 30 қаңтар 2014, 00:00 3 029 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сәбиге арналған төлқұжат – Мен жалғызбасты анамын. №4 нысанды анықтамада сәбидің әкесінің аты-жөні деген жерде әкемнің есімі көрсетілген. Шетелге, атап айтқанда, Еуропаға шығу үшін әкемнен сенімхат қажет пе? Мен биылғы демалысымды жоспарлаған едім, алайда турфирмадағылар баламды бірге алып шығу үшін әкемнің жазбаша келісімі қажет дейді. 30 қаңтар 2014, 00:00 1 894 рет қаралды
Сұрақ-жауап Арнайы мақсаттағы жер телімі – Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) мен жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) мақсатындағы жер телімдерінің айырмашылығы қандай? ЖҚШ мақсатындағы учаскеге салынған жылжымайтын мүлікті банкке кепілзат ретінде салуға бола ма? 30 қаңтар 2014, 00:00 2 808 рет қаралды
Сұрақ-жауап Келісім-шартта көрсетіледі – Біздің мекемеміз сатып алған тауарлар мен қызметтерді (кеңсе тауарлары, тамақ, кеңсеге арналған жиһаз, жанармай және т.б.) POS-терминалмен төлеу үшін банктен ЖШС-нің атына корпоративті кәртішке ашты. Кәртішке үшін салық басқармасы алдында қандай жауапкершілікте боламыз? Айлық лимит бола ма? Осы кәртішкені қолдану үшін қандай салықтар төлеуге тиіспіз? 30 қаңтар 2014, 00:00 1 596 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алименттік талаптар – Мен алимент алу үшін сотқа жүгінген едім. Бірақ маған сәбидің кәмелетке толғандығын, мұндай талап-арызды оның өзі беруге тиіс екендігін желеуретіп, құжаттарымды қайтарып жіберді. Кейбір басылымдардан, егер бала толықтай менің асырауымда болса (ол университетте күндізгі бөлімде оқиды және жұмыс жасай алмайды), мұны ол үшін анасы ретінде менің жасай алатынымды оқыған едім. Менен талап-арызды алмауы заңды ма? 30 қаңтар 2014, 00:00 2 184 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мемлекеттік нөмір қолжетімді емес – Көлік әуесқойлары алдағы уақыттағы жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жазаларды күшейту және айыппұлдарды арттыру жөніндегі мәселені белсенді түрде талқыға салуда. Кейбіреулері жарық шағылыстыратын үлдірдің, жарық шағылыстыратын бөлшектері бар лактың және бақылау камерасындағы суретті бұрмалайтын арнайы тордың көмегімен бақылау камераларынан мемлекеттік нөмірлерді жасыруды шындап ойлануға кіріскен. Мемлекеттік нөмірді осылайша «жасыру» әдісіне қатысты жол-патрульдік қызметінің пікірін білгім келеді. Көлік иелеріне осындай әдісті қолданғаны үшін қандай да болмасын жаза бар ма? 23 қаңтар 2014, 00:00 2 003 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жеке тәртіппен – Мигрантпен келісімшартты қалай рәсімдеуге болады? Бұл қайда жасалады – көші-қон басқармасында ма, әлде нотариуста ма? Мигрант ЖК-ге немесе ЖШС-ге жұмысқа орналаса ала ма? 23 қаңтар 2014, 00:00 1 837 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жолаушыларға лайықты қызмет қажет – Мен күн сайын №14 маршрутпен жүремін. Кондукторлардың жолаушыларға жолақы билеттерін бермейтіндігіне наразымын. Жолаушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты автобус жүргізушілері қозғалыс кезінде автобустарды пайдалану ережесін бұзып, үнемі ұялы телефондармен сөйлеседі. Қозғалыс кезінде жүргізушілердің темекі тартатын жағдайлары да жиі кездеседі. Кондукторлар аялдаманы жарияламайды. Әсіресе, №14 маршрут жүргізушісінің (автобустың мемлекеттік нөмірі 539 АА) Авангардтан бастап жол бойына музыканың даусын қатты шығарып, тыңдағанына зығырданым қайнады. Автобус ішінде кәмелетке толмағандар, егде адамдар бар. Жүргізуші де, кондуктор да ескертуді құлақтарына ілмейді. Тасымалдаушы компания әкімшілігі, қалалық әкімдік қайда қарап отыр? 16 қаңтар 2014, 00:00 2 422 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мақұлдауға жатпайды – Жеңіл көліктер аспасының серіппесін кішірейтуге бола ма? Қазір көлік жөндеу орталықтарына серіппені қысқартуға жиі тапсырыс береді. Бұл жағдайда көліктің өзінің геометриясы өзгереді, шамдары жанына жарық түсіреді. Жол-патрульдік қызмет қайда қарап отыр? 16 қаңтар 2014, 00:00 3 072 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жүктеме бойынша қойылады - Мектептердегі мини-орталық тәрбиешілерінің заңды жұмыс сағаты қанша болуы тиіс? Мен мини-орталықта тәрбиеші болып жұмыс жасаймын және пән мұғалімдерінің келуіне байланысты жүктемелеріміз 3 сағатқа қысқарды. Осы дұрыс па? 16 қаңтар 2014, 00:00 2 465 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бәрі сарапшыға байланысты – Химпоселкедегі Сырдария көшесінде 3 қабатты жатақхана бар. Ол жерде су да, газ да жоқ. Бұрын осы жерде жұқпалы аурулар ауруханасы, содан кейін жылу берушілердің жатақханасы қоныс тепкен. Бұл ғимарат күреле ме? 16 қаңтар 2014, 00:00 1 915 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ортақ тәртіпке бағыну - Қаладағы балабақшаларға таңертеңгі уақытта балаларды қабылдауды сағат 9.00-ге дейін ұзартуға болмай ма? Ең болмаса, қысқы уақытта, себебі таңертеңгі уақыт қараңғы және көлікпен жету қиындық туғызып жатады. 16 қаңтар 2014, 00:00 2 128 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тізімде бар – Томарлы поселкесіндегі Алматы көшесіне қашан асфальт төселеді? Жаңбыр мен қар жауған күндері бұл жермен жүру мүмкін емес. 16 қаңтар 2014, 00:00 1 784 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қала сыртында да ауыл бар – Көкарнада тоғыз жылдан бері тұрамыз. Біз әлденеше рет қалалық әкімдікке жолдарды асфальттау өтінішімен шыққан едік. Бірақ өтінішіміз жауапсыз қалды. Жыл сайын қала орталығын абаттандыруға ондаған миллион қаржы бөлінеді, ал қала маңындағы тұрғындар әлі балшық кешіп жүр. 16 қаңтар 2014, 00:00 1 809 рет қаралды