Атырау, 4 тамыз 04:07
 дождьВ Атырау +24.3
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

Басқа жаңалықтар

Шатырды жөндеуге қаржы жоқ Басқа жаңалықтар

Шатырды жөндеуге қаржы жоқ

Биыл 3 мамырда Құрманғазы ауданы Орлы ауылындағы Н. Манаев атындағы орта мектептің шатыры дауылды желдің әсерінен ұшып кеткен еді. Арада екі аптаның үстінде уақыт өтсе де, шатыр сол күйінде жатыр. Сурет Бейнежазба 21 мамыр 2019, 10:04 4 490 рет қаралды
Атыраудағы құқыққорғаушылар лауазымдарынан босатылды: атқа мініп, «аттан» түсті Басқа жаңалықтар

Атыраудағы құқыққорғаушылар лауазымдарынан босатылды: атқа мініп, «аттан» түсті

ҚР ІІМ баспасөз қызметі: «Ішкі істер министрінің бұйрығымен ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Қызметтік этиканы бұзғаны үшін Аян ДҮЙСЕМБАЕВ Атырау облысы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды» деген хабарлама таратты. Бұдан басқа, «сәйгүлікке қатысты хикаядан» кейін Атырау облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Саламат ҚАЛИЕВ лауазымынан босатылды. Сондай-ақ министрлік «Ақжайық» резерватының маңындағы жолда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның қызметкерлері мен полицейлер арасындағы кикілжіңге байланысты қызметтік тексеру жұмыстарын аяқтады. Бұл жерде де қызметкерлер қызметтерінен кетті. 21 мамыр 2019, 10:02 4 314 рет қаралды
«Шамшырақтың» шырғалаңы Басқа жаңалықтар

«Шамшырақтың» шырғалаңы

Балықшыда орналасқан №13 «Шамшырақ» балабақша кешені қайта жаңғыртылады. «АЖ» жойылған «Атырау Балық» АҚ-тың балансында болған мектепке дейінгі ведомстволық мекемесінің мүшкіл халі туралы әлденеше рет жазған еді. Өткен жылы оны күреуді ұйғарған-ды, бірақ биыл бұл шешімді өзгертіпті. 20 мамыр 2019, 12:14 3 076 рет қаралды
Стивен Спилберг суреттеген көрініс Басқа жаңалықтар

Стивен Спилберг суреттеген көрініс

Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылындағы «Үлкен Ганюшкино» мен «Безымянный» ықшам ауданын Шарон өзенінің Бұзаусылан өзегі бөліп жатыр. Екі жағалауды ширек ғасыр бұрын салынған ұзындығы 82 метр жаяу жүргінші көпірі жалғастырып тұр. Бүгінде арғы бетке өту Индиана Джонстың шым-шытырық фильмдерін еске түсіреді. Сурет Бейнежазба 20 мамыр 2019, 14:49 6 070 рет қаралды
Ветеринарлар жауапкершіліктен жалтарды Басқа жаңалықтар

Ветеринарлар жауапкершіліктен жалтарды

Атырау қаласының Қайыршақты ауылдық округінде былтырдан бері мүйізді ірі қара қырылып жатыр. Атап айтқанда, Ирина Долголевецтің фермер шаруашылығында 90 сиыр өлген.  Долголевецтің айтуынша, мал індетінің басталғаны туралы дабылын ветеринарлық қызметтер елемеген. Ал ветеринарлардың бұл ахуалға қатысты көзқарасы мүлдем басқа. 20 мамыр 2019, 10:58 4 330 рет қаралды
Аян Дүйсембаев қызметінен босатылды Басқа жаңалықтар

Аян Дүйсембаев қызметінен босатылды

Бүгін, 17 мамырда сәйгүлік тарту етілген бейнежазбаға қатысты шудан кейін ҚР ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ ҚР президенті Қ.Тоқаевтың атына Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаевты лауазымынан босату туралы ұсыным енгізді. Бейнежазба 17 мамыр 2019, 16:41 10 923 рет қаралды
Литвада да екпеден діни сенімі үшін бас тартады Басқа жаңалықтар

Литвада да екпеден діни сенімі үшін бас тартады

Атырауға Литвадан жоғары білікті ортопед Виргилиюс УРБАНАВИЧЮС келіп, облыстық балалар ауруханасының базасында церебралды сал ауруы диагнозы бар екі балаға ота жасады. Ал бұған дейін профессор жергілікті әріптестерімен ортопедиялық патологияны хирургиялық емдеудің инновациялық әдістерімен бөліскен еді. «АЖ» тілшісі үшін ең қызықтысы екпе тақырыбы болды. Біздің Литвамен ұқсастықтарымыз осында екен. 17 мамыр 2019, 16:12 2 942 рет қаралды
Атырау ажарлана түседі Басқа жаңалықтар

Атырау ажарлана түседі

Қазір Атырауда кәріздік-тазарту құрылғысы (ҚТҚ), тутұғыр, Оқушылар мен жастар сарайы салынып жатыр. Исатай және Махамбет атындағы алаң, жағалау қайта жаңғыртылуда. Қала тұрғындары жұмыстардың тез біткенін қалайды, өйткені қала орталығындағы кейбір нысандар қоршалып, қолайсыздықтар туғызады. Жергілікті билік жұмыстардың қалай жүріп жатқандығын көрсету үшін 5 құрылыс алаңына баспасөз турын ұйымдастырған еді. Сурет 17 мамыр 2019, 14:33 3 731 рет қаралды
Келбетіне көрік берген суреттер Басқа жаңалықтар

Келбетіне көрік берген суреттер

Атыраудағы 9 қабатты және 5 қабатты үйлердің бүйір қабырғасына бейнеленген Махамбет Өтемісұлының және өлке байлығы - балықтың алып суреттері мен мұндалап көз тартып тұр. Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының бейнелеу өнері және дизайн пәнінің оқытушылары Мейірбек ЖАҒЫПАШЕВ, Мирас ЖАНҒОЗИЕВ пен Асылбек БАҚТИЯР осылайша облыс орталығын көркейтуге өз үлестерін қосуды ұйғарған екен. Сурет 17 мамыр 2019, 11:25 6 937 рет қаралды
Жылойдағы екі жол апаты Басқа жаңалықтар

Жылойдағы екі жол апаты

6 мамырда күндіз Жылыой ауданындағы «Құлсары-Сарқамыс» тас жолында «Ланд крузер» автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол шетіне шығып, аударылған. Зардап шегушіні Теңіз кенішіндегі емханаға дереу жеткізгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.  16 мамыр 2019, 16:06 3 909 рет қаралды
Ұлттық бюро текетірес туралы: "Қызметкерлеріміз кінәлі емес, дегенмен..." Басқа жаңалықтар

Ұлттық бюро текетірес туралы: "Қызметкерлеріміз кінәлі емес, дегенмен..."

15 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро басқармасының басшысы Ақбілек МЯДЫЕВА әлеуметтік желілерге таралған бейнежазбадағы Атырау облыстық департаменті қызметкерлері мен полицейлердің әрекетіне баға берді. Оның сөзі қисынға келіңкіремейді: көп сөзінде кикілжің кезіндегі Ұлттық бюро қызметкерлерінің іс-әрекеттерін ақтаса, мәлімдеме соңында олардың қатаң қызметтік жазаға тартылғанын айтады. 16 мамыр 2019, 11:14 4 093 рет қаралды
Сорғыңды сөндір, көрші, су ішейік Басқа жаңалықтар

Сорғыңды сөндір, көрші, су ішейік

Атырауда қала маңындағы ауыл тұрғындарының көпшілігі ауыз судың тапшылығына және осы суды бау-бақшаларын суару үшін пайдаланатын ауылдастарына наразы. Осы мәселені арнайы құрылған комиссия анықтаған еді. 15 мамыр 2019, 12:01 3 867 рет қаралды
Күмәнді сөмке және ауладағы шу Басқа жаңалықтар

Күмәнді сөмке және ауладағы шу

6-13 мамырда Атырау облысында 78 қылмыс жасалған, оның 73-і облыс орталығында болған. Әдеттегіше ұрлық (58) көш бастап тұр. 13 мамырда ҰҚКД-не ТШО кеңсесінің жанына біреулердің қара сөмке қалдырып кеткені туралы дабыл түсті. Саперлер ол жерден жарылғыш зат таппады.   15 мамыр 2019, 11:03 3 178 рет қаралды
Атырау облысындағы орташа айлық жалақы – 322 мың теңге Басқа жаңалықтар

Атырау облысындағы орташа айлық жалақы – 322 мың теңге

Атырау облысындағы орташа айлық жалақы осы жылдың І тоқсанында 322 674 теңге болды. Бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 15,3%-ға көп. Бұл туралы «АЖ»-ға Атырау облысының Статистика департаменті хабарлады. Сурет 14 мамыр 2019, 17:52 4 986 рет қаралды
Тариф төмендеді Басқа жаңалықтар

Тариф төмендеді

Табиғи монополияларды реттеу департаменті Махамбет ауданының Махамбет ауылындағы сумен қамту тарифі текше метрі үшін 33% -ға, яғни, 110,6 теңгеден 74,18 теңгеге дейін төмендейтінін хабарлады. Департаменттегілер мұны былай түсіндірді: 9 ай бұрын аудан орталығын сумен қамтумен «Ғұмаров» ЖК айналыса бастаған. Сол кезеңде ол үшін тариф жеңілдетілген тәртіппен бекітілген. Ал қазір нақты мәліметтер бойынша ортақ тәртіппен есептеледі. 14 мамыр 2019, 19:14 2 434 рет қаралды
Құқық қорғаушылардың қорықтағы қырқысы Басқа жаңалықтар

Құқық қорғаушылардың қорықтағы қырқысы

Әлеуметтік желілерде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының шығар ауызынан полицейлердің «Chevrolet NIVA» мен «Лада-Niva» көлігін тоқтатқан бейнежазбасы таралған. Бейнежазбада анық көрініп тұрғандай, «Шевролеттен» Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің 7-басқармасының басшысы Бақытжан ҒҰБАЙДУЛЛИН шығып, полицейлердің құжаттарын және жүксалғышты тексеруіне мүмкіндік бермей тұр. Толықтырылды Бейнежазба 14 мамыр 2019, 11:10 6 014 рет қаралды
Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа басшы Басқа жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа басшы

Мамырдың басындағы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетіндегі кадрлық ауыс-түйістер Атырауға да келіп жетті. 14 мамырда комитет төрағасының орынбасары Талғат Мамаев мұнайлы астанаға келген сапарында Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы Қайрат ЖҰЛМҰХАМБЕТОВТІ таныстырды. 14 мамыр 2019, 14:54 4 289 рет қаралды