Атырау, 31 наурыз 12:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93

Басқа жаңалықтар

Қашаған мерзімінен бұрын қайта іске қосылды Басқа жаңалықтар

Қашаған мерзімінен бұрын қайта іске қосылды

19 мамырда жоспарланған 45 күндік мерзімнен 10 күн бұрын Қашаған кенішінде жабдықтарды жоспарлы-сақтандыру жөндеу жұмыстары аяқталып, мұнай өндіру қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 22 мамыр 2019, 10:06 2 664 рет қаралды
Археологтар Сарайшықтан көне цитадельді іздеп жатыр Басқа жаңалықтар

Археологтар Сарайшықтан көне цитадельді іздеп жатыр

Археологтар ХІХ ғасырдың ортасында саяхатшы картасына түскен көне цитадельді табу үшін Сарайшық қаласының аумағында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жаңалықпен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Әбілсейіт МҰХТАР пресс-тур кезінде бөлісті. Сурет 22 мамыр 2019, 09:52 6 152 рет қаралды
Түлекке қызық, ата-анаға шыжық Басқа жаңалықтар

Түлекке қызық, ата-анаға шыжық

Мұнайлы астананың мектеп бітіруші түлектері қазан айынан бастап салтанатты мектеп бітіру сәтіне әзірлене бастайды: ата-аналар мейрамхана іздестіріп, ақша жинайды, қыздар жағы көйлек дайындайды... Жылдан жылға шығыны көбейіп бара жатқан бұл күнді атап өту қаншаға шығады, ата-аналар мен түлектердің өздері бұған қалай қарайды? Бұл туралы «АЖ» анықтаған еді. Сурет 21 мамыр 2019, 16:06 5 660 рет қаралды
Жол кедергісі және «шындықпен» жүруге бола ма? Басқа жаңалықтар

Жол кедергісі және «шындықпен» жүруге бола ма?

Атырау облысында «Жол бойындағы қабылдау» акциясы өтті. Түрлі шендегі полицейлер ашық аспан астында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, сол жерде шағымдарды қабылдады. «Жол кедергісі» сөз тіркесінің қолданылуынан бастап, «шындықтан құтыла алмайсың» жапсырмасының заңдылығы туралы сұрақтар қойылды. Толығырақ «АЖ» материалынан оқыңыздар. Сурет Бейнежазба 21 мамыр 2019, 12:33 5 125 рет қаралды
"Құбырда су жоқ, құдықты қайта қазамыз" Басқа жаңалықтар

"Құбырда су жоқ, құдықты қайта қазамыз"

Қызылқоға ауданындағы Мұқыр мен Сағыз ауылдарында жазғытұры әдеттегідей су жетіспеушілігі басталады. Күніге екі сағаттан берілетін су арынның аздығынан шет үйлерге жетпей қалады екен. Амал жоқ тұрғындар суды ақша төлеп, көлікпен алдырады. 21 мамыр 2019, 10:09 3 959 рет қаралды
Шатырды жөндеуге қаржы жоқ Басқа жаңалықтар

Шатырды жөндеуге қаржы жоқ

Биыл 3 мамырда Құрманғазы ауданы Орлы ауылындағы Н. Манаев атындағы орта мектептің шатыры дауылды желдің әсерінен ұшып кеткен еді. Арада екі аптаның үстінде уақыт өтсе де, шатыр сол күйінде жатыр. Сурет Бейнежазба 21 мамыр 2019, 10:04 4 388 рет қаралды
Атыраудағы құқыққорғаушылар лауазымдарынан босатылды: атқа мініп, «аттан» түсті Басқа жаңалықтар

Атыраудағы құқыққорғаушылар лауазымдарынан босатылды: атқа мініп, «аттан» түсті

ҚР ІІМ баспасөз қызметі: «Ішкі істер министрінің бұйрығымен ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Қызметтік этиканы бұзғаны үшін Аян ДҮЙСЕМБАЕВ Атырау облысы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды» деген хабарлама таратты. Бұдан басқа, «сәйгүлікке қатысты хикаядан» кейін Атырау облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Саламат ҚАЛИЕВ лауазымынан босатылды. Сондай-ақ министрлік «Ақжайық» резерватының маңындағы жолда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның қызметкерлері мен полицейлер арасындағы кикілжіңге байланысты қызметтік тексеру жұмыстарын аяқтады. Бұл жерде де қызметкерлер қызметтерінен кетті. 21 мамыр 2019, 10:02 4 210 рет қаралды
«Шамшырақтың» шырғалаңы Басқа жаңалықтар

«Шамшырақтың» шырғалаңы

Балықшыда орналасқан №13 «Шамшырақ» балабақша кешені қайта жаңғыртылады. «АЖ» жойылған «Атырау Балық» АҚ-тың балансында болған мектепке дейінгі ведомстволық мекемесінің мүшкіл халі туралы әлденеше рет жазған еді. Өткен жылы оны күреуді ұйғарған-ды, бірақ биыл бұл шешімді өзгертіпті. 20 мамыр 2019, 12:14 2 946 рет қаралды
Стивен Спилберг суреттеген көрініс Басқа жаңалықтар

Стивен Спилберг суреттеген көрініс

Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылындағы «Үлкен Ганюшкино» мен «Безымянный» ықшам ауданын Шарон өзенінің Бұзаусылан өзегі бөліп жатыр. Екі жағалауды ширек ғасыр бұрын салынған ұзындығы 82 метр жаяу жүргінші көпірі жалғастырып тұр. Бүгінде арғы бетке өту Индиана Джонстың шым-шытырық фильмдерін еске түсіреді. Сурет Бейнежазба 20 мамыр 2019, 14:49 5 844 рет қаралды
Ветеринарлар жауапкершіліктен жалтарды Басқа жаңалықтар

Ветеринарлар жауапкершіліктен жалтарды

Атырау қаласының Қайыршақты ауылдық округінде былтырдан бері мүйізді ірі қара қырылып жатыр. Атап айтқанда, Ирина Долголевецтің фермер шаруашылығында 90 сиыр өлген.  Долголевецтің айтуынша, мал індетінің басталғаны туралы дабылын ветеринарлық қызметтер елемеген. Ал ветеринарлардың бұл ахуалға қатысты көзқарасы мүлдем басқа. 20 мамыр 2019, 10:58 4 210 рет қаралды
Аян Дүйсембаев қызметінен босатылды Басқа жаңалықтар

Аян Дүйсембаев қызметінен босатылды

Бүгін, 17 мамырда сәйгүлік тарту етілген бейнежазбаға қатысты шудан кейін ҚР ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ ҚР президенті Қ.Тоқаевтың атына Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаевты лауазымынан босату туралы ұсыным енгізді. Бейнежазба 17 мамыр 2019, 16:41 10 622 рет қаралды
Литвада да екпеден діни сенімі үшін бас тартады Басқа жаңалықтар

Литвада да екпеден діни сенімі үшін бас тартады

Атырауға Литвадан жоғары білікті ортопед Виргилиюс УРБАНАВИЧЮС келіп, облыстық балалар ауруханасының базасында церебралды сал ауруы диагнозы бар екі балаға ота жасады. Ал бұған дейін профессор жергілікті әріптестерімен ортопедиялық патологияны хирургиялық емдеудің инновациялық әдістерімен бөліскен еді. «АЖ» тілшісі үшін ең қызықтысы екпе тақырыбы болды. Біздің Литвамен ұқсастықтарымыз осында екен. 17 мамыр 2019, 16:12 2 847 рет қаралды
Атырау ажарлана түседі Басқа жаңалықтар

Атырау ажарлана түседі

Қазір Атырауда кәріздік-тазарту құрылғысы (ҚТҚ), тутұғыр, Оқушылар мен жастар сарайы салынып жатыр. Исатай және Махамбет атындағы алаң, жағалау қайта жаңғыртылуда. Қала тұрғындары жұмыстардың тез біткенін қалайды, өйткені қала орталығындағы кейбір нысандар қоршалып, қолайсыздықтар туғызады. Жергілікті билік жұмыстардың қалай жүріп жатқандығын көрсету үшін 5 құрылыс алаңына баспасөз турын ұйымдастырған еді. Сурет 17 мамыр 2019, 14:33 3 609 рет қаралды
Келбетіне көрік берген суреттер Басқа жаңалықтар

Келбетіне көрік берген суреттер

Атыраудағы 9 қабатты және 5 қабатты үйлердің бүйір қабырғасына бейнеленген Махамбет Өтемісұлының және өлке байлығы - балықтың алып суреттері мен мұндалап көз тартып тұр. Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының бейнелеу өнері және дизайн пәнінің оқытушылары Мейірбек ЖАҒЫПАШЕВ, Мирас ЖАНҒОЗИЕВ пен Асылбек БАҚТИЯР осылайша облыс орталығын көркейтуге өз үлестерін қосуды ұйғарған екен. Сурет 17 мамыр 2019, 11:25 6 693 рет қаралды
Жылойдағы екі жол апаты Басқа жаңалықтар

Жылойдағы екі жол апаты

6 мамырда күндіз Жылыой ауданындағы «Құлсары-Сарқамыс» тас жолында «Ланд крузер» автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол шетіне шығып, аударылған. Зардап шегушіні Теңіз кенішіндегі емханаға дереу жеткізгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.  16 мамыр 2019, 16:06 3 813 рет қаралды
Ұлттық бюро текетірес туралы: "Қызметкерлеріміз кінәлі емес, дегенмен..." Басқа жаңалықтар

Ұлттық бюро текетірес туралы: "Қызметкерлеріміз кінәлі емес, дегенмен..."

15 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро басқармасының басшысы Ақбілек МЯДЫЕВА әлеуметтік желілерге таралған бейнежазбадағы Атырау облыстық департаменті қызметкерлері мен полицейлердің әрекетіне баға берді. Оның сөзі қисынға келіңкіремейді: көп сөзінде кикілжің кезіндегі Ұлттық бюро қызметкерлерінің іс-әрекеттерін ақтаса, мәлімдеме соңында олардың қатаң қызметтік жазаға тартылғанын айтады. 16 мамыр 2019, 11:14 3 949 рет қаралды
Сорғыңды сөндір, көрші, су ішейік Басқа жаңалықтар

Сорғыңды сөндір, көрші, су ішейік

Атырауда қала маңындағы ауыл тұрғындарының көпшілігі ауыз судың тапшылығына және осы суды бау-бақшаларын суару үшін пайдаланатын ауылдастарына наразы. Осы мәселені арнайы құрылған комиссия анықтаған еді. 15 мамыр 2019, 12:01 3 830 рет қаралды
Күмәнді сөмке және ауладағы шу Басқа жаңалықтар

Күмәнді сөмке және ауладағы шу

6-13 мамырда Атырау облысында 78 қылмыс жасалған, оның 73-і облыс орталығында болған. Әдеттегіше ұрлық (58) көш бастап тұр. 13 мамырда ҰҚКД-не ТШО кеңсесінің жанына біреулердің қара сөмке қалдырып кеткені туралы дабыл түсті. Саперлер ол жерден жарылғыш зат таппады.   15 мамыр 2019, 11:03 3 139 рет қаралды
Атырау облысындағы орташа айлық жалақы – 322 мың теңге Басқа жаңалықтар

Атырау облысындағы орташа айлық жалақы – 322 мың теңге

Атырау облысындағы орташа айлық жалақы осы жылдың І тоқсанында 322 674 теңге болды. Бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 15,3%-ға көп. Бұл туралы «АЖ»-ға Атырау облысының Статистика департаменті хабарлады. Сурет 14 мамыр 2019, 17:52 4 835 рет қаралды