Бүгін, 8 маусымда, Теңізде «Саренс Қазақстан» компаниясының 100-ге жуық жұмысшысы жалақыларын көтеруді талап етіп, ереуілге шықты.
Теңіздегі наразылық білдірген жұмысшылардың бейнежазбасы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тез тарады. Жұмысшылармен келіссөздер жүргізілгеннен кейін оларды жатақханаларына тарауға көндіргені «АЖ»-ға белгілі болды.
Кейінірек Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі Теңіздегі жағдайға түсініктеме берді:
«31 мамырда «Саренс Қазақстан» ЖШС басшылығына жалақыны 30% көтеруді талап еткен ұжымдық шағым түскен.
8 маусымда «Саренс Қазақстан» ЖШС жұмысшылары жұмыс орнында жалақыларын көтеруді талап етіп, жұмыс жасаудан бас тартқан.
Компанияның деректері бойынша, жұмысшылардың жалақысы «қолдарына алатын» 275 000 теңгеден (ең азы) 700 000 теңгеге дейінгі аралықта.
Атырау облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері еңбек заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ұжым мен компания басшылығының кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ұжым өтініштері тыңдалып, компания басшылығы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен олардың талаптарын қарауға уәде берді.
10 маусымда, ресми демалыстан кейін «Саренс Қазақстан» ЖШС қызметкерлері жұмысқа шығады».
Жеке ақпарат