Атырау, 7 желтоқсан 15:58
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Басқа жаңалықтар

Тариф төмендеді Басқа жаңалықтар

Тариф төмендеді

Табиғи монополияларды реттеу департаменті Махамбет ауданының Махамбет ауылындағы сумен қамту тарифі текше метрі үшін 33% -ға, яғни, 110,6 теңгеден 74,18 теңгеге дейін төмендейтінін хабарлады. Департаменттегілер мұны былай түсіндірді: 9 ай бұрын аудан орталығын сумен қамтумен «Ғұмаров» ЖК айналыса бастаған. Сол кезеңде ол үшін тариф жеңілдетілген тәртіппен бекітілген. Ал қазір нақты мәліметтер бойынша ортақ тәртіппен есептеледі. 14 мамыр 2019, 19:14 2 355 рет қаралды
Құқық қорғаушылардың қорықтағы қырқысы Басқа жаңалықтар

Құқық қорғаушылардың қорықтағы қырқысы

Әлеуметтік желілерде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының шығар ауызынан полицейлердің «Chevrolet NIVA» мен «Лада-Niva» көлігін тоқтатқан бейнежазбасы таралған. Бейнежазбада анық көрініп тұрғандай, «Шевролеттен» Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің 7-басқармасының басшысы Бақытжан ҒҰБАЙДУЛЛИН шығып, полицейлердің құжаттарын және жүксалғышты тексеруіне мүмкіндік бермей тұр. Толықтырылды Бейнежазба 14 мамыр 2019, 11:10 5 849 рет қаралды
Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа басшы Басқа жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа басшы

Мамырдың басындағы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетіндегі кадрлық ауыс-түйістер Атырауға да келіп жетті. 14 мамырда комитет төрағасының орынбасары Талғат Мамаев мұнайлы астанаға келген сапарында Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы Қайрат ЖҰЛМҰХАМБЕТОВТІ таныстырды. 14 мамыр 2019, 14:54 4 084 рет қаралды
Ойын алаңын кім ойрандады? Басқа жаңалықтар

Ойын алаңын кім ойрандады?

Индер ауданының орталығы Индербор кентінде 2016 жылы 28 млн теңге бюджет қаржысына екі футбол алаңшасы салынды. Бір жылдан соң демеушілік қаржымен тағы бір алаң пайдалануға берілді. Алайда арада аз уақыт өтсе де, үш алаңның да жасанды көгалдары сыпырылып, қоршаулары бұзылыпты. Сурет 14 мамыр 2019, 10:31 2 904 рет қаралды
Сириядан қайтқан 20 қазақстандықтың алтауын Атырауға әкелді Басқа жаңалықтар

Сириядан қайтқан 20 қазақстандықтың алтауын Атырауға әкелді

«Жусан-2» арнайы операциясы туралы ҚР СІМ баспасөз конференциясында 7 және 9 мамыр күндері Сириядан қайтарылған 231 қазақстандықтың 20-сы ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жағында террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікпен тұтқынға алынғаны хабарланды. Олардың алтауы – 4 ер адам мен 2 әйел тергеу жұмыстарын жүргізу үшін этаппен Атырауға жіберілді. 14 мамыр 2019, 09:58 3 480 рет қаралды
АЖЭО жаңартылады, бірақ тариф көтерілмейді Басқа жаңалықтар

АЖЭО жаңартылады, бірақ тариф көтерілмейді

Қазақстанның электр энергетикасы нарық кеңесінің президиумы Атырау ЖЭО-ның жаңа инвестициялық бағдарламасын мақұлдап, оны ҚР Энергетика министрлігіне қарауға жіберді. Бұдан кейін өңіріміздегі электр энергиясының тарифі көтеріліп кетпей ме? «АЖ» «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВҚА сұрақтар қойған еді. 13 мамыр 2019, 17:15 3 018 рет қаралды
Дон «Дракон» Уилсон Атырауда Басқа жаңалықтар

Дон «Дракон» Уилсон Атырауда

Облыстық спорт және дәстүрлі каратэ-до федерациясы мен «Қайсар» спорт клубының шақыруымен киножұлдыз, кәсіпқойлар арасында кикбоксингтен 11 дүркін әлем чемпионы, «Айдаһар» атанған Дон УИЛСОН Атырау жеріне келді. Ол федерация және клуб шәкірттері үшін мастер-класс өткізді. Сурет Бейнежазба 13 мамыр 2019, 10:59 3 924 рет қаралды
Атырауда 13-17 мамырда ыстық су болмайды Басқа жаңалықтар

Атырауда 13-17 мамырда ыстық су болмайды

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары! 13 мамыр мен 17 мамыр аралығында жылу шығындарын анықтау үшін  жылу жүйелерінде сынақтар жүргізіледі. Осы кезеңде тұрғындарға ыстық су беру тоқтатылады. 4 мамыр 2019, 17:17 4 536 рет қаралды
Жайықты зерттеуге конкурс жарияланды Басқа жаңалықтар

Жайықты зерттеуге конкурс жарияланды

Мемлекеттік сатып алу сайтында «Жайық өзеніндегі тіршілік ортасының жай-күйі және оның ихтиофаунаға әсерін бағалау бойынша кешенді зерттеулер жүргізу» конкурсы жарияланған. Тапсырыс беруші - Атырау облысының балық шаруашылығы басқармасы, құны - 71 млн теңге. 10 мамыр 2019, 17:14 2 975 рет қаралды
Қызмет ету және қорғау жолында жан қиғандар Басқа жаңалықтар

Қызмет ету және қорғау жолында жан қиғандар

Атырауда суға батып бара жатқан әйелді құтқару кезінде қаза тапқан полиция сержанты Шалқар АҚЫМҒАЛИЕВ III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы полицейдің анасына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев табыс етті. Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен оның серігі Рүстембек СҮНДЕТОВ ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ресми шараға Атырау облысының бұрынғы әкімі, қазіргі мәжілісмен Бақтықожа Ізмұхамбетов, генерал-лейтенант Абай Тасболатов және полиция ардагерлері қатысты. Сурет 10 мамыр 2019, 16:00 3 622 рет қаралды
Футболка үшін Басқа жаңалықтар

Футболка үшін

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 9 мамыр күні таңертең Атыраудағы Авангард ықшам ауданының соңғы аялдамасында полицейлер прокуратура қызметкерлерімен бірге екі азаматтық белсенді Дарья ОЛЖАҒАЛИЕВА мен Дианара МҰҚАТОВАНЫ ұстады. Олардың үстерінде «Шындық» және «Правда» деген жазулары бар ақ футболка болған еді. Сурет Бейнежазба 9 мамыр 2019, 21:22 6 839 рет қаралды
Фин концлагері және бүкіл ғұмыр Басқа жаңалықтар

Фин концлагері және бүкіл ғұмыр

Атырауда сәби шағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фин концлагерінде болған Екатерина АБАТЫРОВА тұрады. Ол өзінің соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі өмірінің ауыр кезеңдері туралы «АЖ» тілшісіне әңгімелеп берген еді. Сурет Бейнежазба 9 мамыр 2019, 09:00 3 937 рет қаралды
Жалғансайлық батырдың жанқиярлық ерлігі Басқа жаңалықтар

Жалғансайлық батырдың жанқиярлық ерлігі

«Взвод командирі Ж. Жұмашев 1944 жылғы 14 шілдеде Любомль қаласына алғаш кіріп, бір өзі автоматымен он тоғыз солдаттың көзін жойды, үшеуін тұтқынға алды…» - бұл Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Жәміл ЖҰМАШЕВТЫ ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапаттау парақшасында жазылған мәлімет. Батыр туралы осы және басқа да мәліметтерді, сондай-ақ «Совет Одағының батыры» атағына ұсынған құжатты туыстары тек 70 жылдан соң ғана тапқан екен. 8 мамыр 2019, 10:53 4 468 рет қаралды
Ардагерлер азайып бара жатыр Басқа жаңалықтар

Ардагерлер азайып бара жатыр

Ұлы Жеңіске 74 жыл. Отан соғысы ардагерлерінің қатары жылдан жылға сиреп барады. Жақында ғана өңірімізде жүздеген ардагер бар еді, қазір 15 адам қалған: 13-і Атырауда, Жылыой мен Махамбет аудандарында бір-бірден және концлагерьдің бір тұтқыны мен бір жауынгер жесірі бар. Әрқайсысы туралы атын атап, таныстырған артықтық етпес. 8 мамыр 2019, 10:26 6 640 рет қаралды
Құлдықтан құтылған Толик Басқа жаңалықтар

Құлдықтан құтылған Толик

Енді оны Атырау түгел таниды. «Дина» базарының маңында аяғы жоқ, мүгедек арбасына таңылған бұл жігіт өзін құлша ұстап, қайыр тілетіп, жинаған ақшасын сыпырып отыратынын әңгімелеген бейнежазбадан соң ол Атыраудағы «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының» тұрғынына айналды. «АЖ» тілшісіне онымен сұхбаттасудың сәті түсті. Сурет Бейнежазба 7 мамыр 2019, 16:18 5 416 рет қаралды
Орталықтағы қилы тағдыр Басқа жаңалықтар

Орталықтағы қилы тағдыр

«Бұл жердің тұрғыны емес екеніңізді бірден түсіндім. Сіз әлеуметтік қамсыздандыру бөліміненсіз немесе бізге көмек көрсеткісі келетін жансыз», - деп қарсы алды мені Атыраудағы Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығындағы тұрғындардың бірі. Бұл жер жаңа жылдан бері осылай аталады. Ал бұрын «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» болатын. Қалай дегенмен де, мұңдарын аяушылықпен мұқият тыңдағаным болмаса, бұл адамдарға түбегейлі көмектесе алуым екіталай... Сурет 7 мамыр 2019, 15:58 4 719 рет қаралды
Әрбір секунд санаулы Басқа жаңалықтар

Әрбір секунд санаулы

«Жедел жәрдем» жеткенше, айталық, инсульт немесе бала бір нәрсе жұтып қойса, алғашқы көмекті қалай көрсетеміз – осындай жағдайда не істеу керектігін Атырау қаласының жедел медициналық көмек көрсету станциясының дәрігерлері мен мамандары түсіндіріп берді. Өте қызықты танымдық шара бірнеше жыл бойы бригадада волонтер болып жұмыс жасаған Арман ҚАСЫМОВТЫҢ бастамасымен ұйымдастырылды. Айтпақшы, осы бір керемет жігітпен болған біздің сұхбатымызды оқып көріңізші, өкінбейсіз.   Сурет 7 мамыр 2019, 14:05 5 187 рет қаралды
Құжаты дұрыс жүргізуші инспектордан қорықпайды Басқа жаңалықтар

Құжаты дұрыс жүргізуші инспектордан қорықпайды

Облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері Атырау-Доссор трассасына рейдке шықты. Олар ауыр жүк көліктерінің жол жүру құжаттарын, шамадан тыс жүктің бар-жоғын және т.б. тексерді. Олармен бірге «AЖ» тілшісі де болған еді. Сурет Бейнежазба 7 мамыр 2019, 12:58 4 274 рет қаралды
«Арнаулы автобаза» экс-директоры мен орынбасары бес жылдан жаза алды Басқа жаңалықтар

«Арнаулы автобаза» экс-директоры мен орынбасары бес жылдан жаза алды

№2 Атырау қалалық сотында «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің бұрынғы директоры Самат ТҰРНИЯЗОВҚА, оның орынбасары Асқар ҚАЛДЫБАЕВҚА, «Sanjar Flowers» ЖШС директоры Ербол ҚУАНЫШ (Тұрниязовтың ұлы) пен Артур СҰЛТАНОВҚА қатысты өткен жылдың қарашасында басталған қылмыстық істі қарау процесі аяқталды. Тұрниязов пен Қалдыбаев орташа қауіпсіздік мекемесінде (жалпы режимдегі колония) 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. Қорытынды сот отырысының егжей-тегжейі туралы «АЖ» материалынан оқыңыз. Сурет Бейнежазба 7 мамыр 2019, 12:24 4 656 рет қаралды
Қой бағып, құйрық жеген озар Басқа жаңалықтар

Қой бағып, құйрық жеген озар

Жылыой ауданында 200-ден астам шаруа қожалығы бар. Бұлардың көбі мал шаруашылығымен айналысады. Бүгінде шаруалардың басым бөлігі малын айдап, көшін тіктеп, жайлауға қоныстанып үлгерген. Біз Құлсары қаласынан 10 шақырым жердегі «Тайкеткен» қыстағына бардық. Енді бір жетіден кейін бұлар да жайлауға ат басын бұрмақшы.  Сурет 6 мамыр 2019, 17:14 5 580 рет қаралды