Атырау, 13 мамыр 20:27
 дождьВ Атырау +30.2
$ 463.91
€ 544.63
₽ 6.26

Орыс сыныптары үшін мұғалімдер жоқ

2 707 рет қаралды


Атырауда оқу жылы басталғанда Нұрсая ықшам ауданындағы 900 орындық және Жұлдыз ықшам ауданындағы 624 орындық екі мектепті пайдалануға беру жоспарланды. Екеуі де қазақ тілінде оқытады. Ата-аналар Нұрсаядан орыс тілді сыныптарды да ашуды өтініп отыр. Бірақ бүгінде оны жүзеге асыру мүмкін болмай шықты.

- Нұрсаяда мұғалімдердің жетіспеуіне байланысты орыс тілді сыныптар аз. Қазір осы ықшам ауданның балалары №5 мектепке барып оқиды. Біз көрші облыстан мұғалімдер шақыруға тырысып жатырмыз, бірақ үн қатқандар жоқ, - дейді қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Амантай ХУСИНОВ.

Төменгі сынып мұғалімдері ғана емес, жоғары сыныптың пән мұғалімдері де қажет. Шалағай іспен бұл проблеманы шешу мүмкін емес. Мәселен, №35 мектеп-гимназиясында бірнеше жыл бұрын орыс сыныптары ашылды, бірақ қазір оларды жабу туралы мәселе шешілуде. Өйткені математика, биология, география пәндерінің 5-сынып мұғалімдері жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 маусым 2019, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.