«Қазгидромет» РМК экологиялық мониторинг департаментінің мәліметтеріне сәйкес, 13 маусымнан бастап Атырау облысы биыл алғаш рет өте жоғары ультракүлгінді белсенділік аймағына енді. Бұл қазіргі ыстықты одан сайын күшейтеді.
Ультракүлгін (жер қабатына жеткен ультракүлгін радиациясының қауіпті өлшемі) индексі 8-10 бірлікті құрап отыр (қауіпті төтенше деңгейі – 10-нан жоғары).
Сонымен қатар департамент УК индексінің деңгейі голландиялық Royal метеорологиялық институтының моделі бойынша есептелгендігін хабарлады. Онда атмосфера қабатындағы озон мөлшері мен күннің тұру деңгейінің болжамына қарай есептелген.
Ғалымдар күн астында болуды барынша 11-ден 16 сағатқа дейін қысқартуға, күннен қорғайтын көзілдірік, бас киім киюге және қорғаныс кремдерін жағып шығуға кеңес береді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ