Атырау, 24 қараша 19:11
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Райхан» қонақ үйіндегі түнгі өрт саунадан басталған

2 365 просмотра


16 маусымға қараған түні Атырауда «Райхан» қонақ үйі (Жилгородоктағы соңғы аялдама) өртенді. Қонақ үйде ересек тұрғындардан басқа Оралдан Атырауға жарысқа келген 34 жас спортшы болған. Олардың көпшілігі өрттен қашқан кезде жеңіл жарақат алған, ал үш адамды ауруханада жатқызуға тура келді.

Оқиға орнына 4 жедел жәрдем бригадасы мен 3 арнайы техника барды. Ғимаратқа жол ашу үшін ер адамдарға сол жерге қойылған көліктерді итеріп, басқа жерге қоюға тура келді.

Облыстық ауруханаға Қызылорданың 42 жастағы тұрғыны мен 11-12 жастағы оралдық екі бала жатқызылды.

- «103» пультіне шақырту сағат 00:26-да түсті. Үш адам ауруханаға жатқызылды, зардап шеккен тағы үш адамға сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Олар ауруханаға жатудан бас тартты, - дейді облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Ерлан СҮЙЕУҒАЛИЕВ.

«Қонақ үйге іргелес орналасқан саунаның булану бөлмесінде өрт шыққан. Сол жерге өрт сөндірушілер жеткен кезде саты арқылы 3 баланы құтқарып, 31 адамды, соның ішінде, 29 баланы қауіпсіз жерге көшірді. Өрт сағат 01:33-де өшірілді. Себебі анықталуда», - деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Ал әлеуметтік желілерде қонақ үйдің бірінші қабатында орналасқан «Айва» кафесінің бірнеше қызметкерінің батыл әрекеттері туралы жазылып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, олар балаларды ғимараттан қауіпсіз жерге көшіруге белсенді атсалысқан екен.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

17 маусым 2019, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.