Атырау, 24 қараша 19:08
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сот отырысын үйден күткен жақсы

3 286 просмотра


«АЖ»-ға белгілі болғандай, 23 мамырда аса ірі мөлшерде бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша тергеуге алынған облыстық білім беру басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВҚА, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА және Кіші Өнер академиясының жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас есепшісі Назымгүл МӘЖИТОВАҒА қатысты бұлтартпау шарасы - тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстырылды.

Бұған дейін олар Атырау қалалық тергеу абақтысында жарты жылдай уақыт отырды. Алдын ала мәліметтер бойынша, сот процесі шілденің ортасында басталады.

Сондай-ақ, 13 маусымда 5 миллион пара алды деген күдікпен наурызда қамауға алынған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАНЫҢ тергеу абақтысынан облыстық кардиология орталығына ауыстырылғаны белгілі болды. Жүрегі сыр берген екен. Айтпақшы, оның адвокаттары да денсаулығының нашарлауына байланысты бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш бере алады.

Фархат ӘБІЛОВ

15 маусым 2019, 23:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.