Атырау, 24 қараша 20:05
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Марғұлан Сисембайдың үш талабы

2 617 просмотра


Достар, бұл күндері мен "Ұлттық Қоғамдық Сенім Кеңесi" туралы «мильон» хабарламалар мен пікірлерді тыңдап, оқып шықтым. Диалогқа қарсы адамдардан, және бәсекелестi жақтырмайтын адамдардан менiң басыма шелек-шелек компромат пен былғаныш төгiлдi.  Мен өзiм ерекше құрметтейтін адамдардан  кеңес сұрадым. Бұдан шығарған қорытындыларым: 

1. Халық билікке және "ҰҚСК" кеңесiне сенбейді. Билік халықтың алдында өз сенім ресурсын толығымен жоғалтқан сыңайлы.
2. Халық кез келген "билікпен диалог" идеясына қосылатын, соны үгіттейтін адамдарды күдікпен қабылдайды.
3. Халық бәрін бірден болғанын қалайды. 
4. Келіссөздер жүргізу мүмкіндігінің өзі қоғамды алаңдатып екi топқа бөледi. 

- Мұндай жағдайда диалог жүргізу және алға жылжу мүмкін еместігін түсіне отырып,  
- Биліктен бәрін бірден талап ету жағдайды одан әрі ушықтыратынын түсіне отырып,
- Жаңа президенттен оның құзыретiндегi заттарды ғана талап ету керектiгiн түсіне отырып мен мынандай шешімге келдім.

Мен олармен әр түрдегі диалог пен келіссөздердің форматына келісемін егер билік бірінші болып мынандай қадамдарға барса:

 1. Интернет пен әлеуметтік желілерді бұғаттауды тоқтату.
 2. Митингілер қатысушыларының барлығын абақтыдан босату.
 3. Барлық саяси тұтқындарға рақымшылық жасап оларға бас бостандығын беру. 

Билік осы үш жағдайды орындағаннан кейін ғана, саяси реформалар жолындағы одан әрі диалогты жалғастыруға болатын ең төменгі сенім деңгейі қалпына келтіріледі. 

Осы шарттар орындалмаса, кез келген келіссөздер қоғам тұрғысынан аморальды болып саналады. Бұл бір жағынан ауызы жабылған, қол-аяғы байланған, басына тапанша тақалған адаммен жүргізілетін келіссөздерге көбірек ұқсайды. 

Мен әлі де диалог пен келіссөздерді қолдаймын, бірақ жоғарыда келтірілген шарттар орындалып, ең төменгі сенім деңгейі қалпына келтіргеннен кейін ғана. Егер бұл шарттар орындалмаса, мені қандай да бір кеңестер мен комиссияларға шақырмауды сұраймын, менiң оған еш бiр көмегiм болмайды.

Бизнесмен Марғұлан Сейсембайдың Facebook-тегі жеке парағы


18 маусым 2019, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.