Соңғы күндері Атырауда мас ер адамдардың қатысуымен екі оқиға орын алды. Біреуінде зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. 7 маусымда «102» пультіне түнгі сағат екілер шамасында Алмагүл ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде жас жігіттің 6-қабаттың терезесінен секірмекші боп тұрғаны туралы дабыл түсті. Оқиға орнына «Батыс-12» патрульдік экипажы жетті.
- Адамдар терезе түбіне жиналып, тез әрекет етіп, қалқа керіп тастады. Менің әріптесім Нұрбек ШАХШАЕВ ерікті құтқарушылардың әрекеттерін үйлестіру үшін төменде қалды, ал мен алтыншы қабатқа көтерілдім. Есікті ешкім ашпады, оны көршісінің көмегімен сындыруға тура келді. Көршісі екеуміз жігітті терезеден пәтер ішіне кіргізіп алдық. Жігіттен ішімдіктің иісі шығып тұрды, - деді полиция қызметкері Тұрарбек САТЫБАЕВ. Оның мас болғаны сондай құтқарушылардың сұрақтарына жауап бере алмаған.
Екінші оқиға 9 маусымда Балықшы ықшамауданында болды: кешкі сағат бес жарымдарда 40 жастағы мас адам бес қабатты үйдің 3-қабатынан құлап түсті. Медиктер жабық ми зақымын алған және миы шайқалған деген диагноз қойылды. Ол облыстық ауруханаға жатқызылды.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор