Атырау, 8 желтоқсан 00:36
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Басқа жаңалықтар

Балық хлордан қырылған. Бұл кімнің ісі? Басқа жаңалықтар

Балық хлордан қырылған. Бұл кімнің ісі?

Атырауға ҚР сенатының депутаты Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ бастаған түрлі ведомостволардың шенеуніктер делегациясы айта-айта жауыр болған тақырып - балықтың қырылу мәселесі бойынша  келді. Жергілікті жұртшылықпен кездесу кезінде ҚР ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар ҚОЖАЕВ 3 сәуірде сараптаманың алғашқы нәтижелері алынғанын, соған сәйкес, өткен жылдың желтоқсанында Жайықтағы балықтың хлормен уланғанын мәлімдеді.  Қазір тергеу ісі бұл химиялық затты қандай нысандар тастауы мүмкін екенін анықтап жатыр. Сурет 16 сәуір 2019, 17:34 4 338 рет қаралды
Кесарь тілігімен босану көбейді Басқа жаңалықтар

Кесарь тілігімен босану көбейді

Атырауда соңғы жылдары кесарь тілігімен босану саны едәуір өсті, деп хабарлады «АЖ»-ға облыстық перинаталдық орталығы. Егер 2016 жылы осындай әдіспен 1500 сәби дүниеге келсе, 2017 жылы – 1603, ал 2018 жылы -  1614 сәби өмірге келген. 15 сәуір 2019, 19:20 6 141 рет қаралды
Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды Басқа жаңалықтар

Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін, 15 сәуір күні өңір басшысы Нұрлан Ноғаев мәслихат депутаттарына өз еркімен қызметтен кеткен Бибоз Шаяхметовтың орнына Құрманғазы ауданының жаңа әкімінің кандидаттығын таныстырды.  15 сәуір 2019, 13:06 7 118 рет қаралды
Ер туған жеріне... Басқа жаңалықтар

Ер туған жеріне...

Қызылқоға ауданында үй салуға жер телімдерін сұраушылар  саны артып отыр.  Бүгінде олардың саны – 2297. мұның 1316-і аудан орталығы Миялыға тиесілі болса, Сағызда – 736 адам. Қалғандары Мұқыр, Жасқайрат, Қоныстану ауылдарында. 15 сәуір 2019, 12:19 4 402 рет қаралды
Империяның суығы тиген жер Басқа жаңалықтар

Империяның суығы тиген жер

Қызылқоға ауданындағы Тайсойған ауылы кеңес дәуірінен өзі аттас сынақ полигонымен танымал. Кейін бұл жерді әскери мақсатта Ресей жалға алған еді. Бүгінде мұнда 900-ге жуық адам тұрады. «АЖ» тілшісі осы шалғайдағы ауылға барып қайтты. Сурет Бейнежазба 15 сәуір 2019, 11:22 8 854 рет қаралды
Бәрі де балық туралы Басқа жаңалықтар

Бәрі де балық туралы

Атырауға келген «Балық шаруашылықтары қауымдастығы - BD» ЗТБ басшылары мен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС (биылғы ақпаннан бастап Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты деп аталады) директоры Қуаныш ИСБЕКОВ жергілікті балық аулау кооперативтерінің төрағаларымен кездесті. Кездесуде салықтар, теңіз флоты, Жайықтағы желтоқсанда болған апаттың себептерін анықтауға әлі де кеш еместігі туралы әңгіме болды. Сурет 15 сәуір 2019, 11:17 4 275 рет қаралды
Қызылша Теңіз кенішіне вахтамен келген Басқа жаңалықтар

Қызылша Теңіз кенішіне вахтамен келген

Жақында Теңіз кенішінде қызылшамен ауырған төрт жағдай тіркелді. Қызылшаға шалдыққан жұмысшы вахтаға келіп, сол жерде өзінің үш әріптесіне жұқтырып үлгерген. Сөйтіп төртеуі де емханаға түскен. Әрі қарай ауру таралмай, бұл жағдай бақылауға алынды, деп сендіреді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде. 13 сәуір 2019, 09:46 3 219 рет қаралды
Ұшқан шатырдан ешкім зардап шекпеді Басқа жаңалықтар

Ұшқан шатырдан ешкім зардап шекпеді

Бүгін, 12 сәуірде сағат 14 шамасында Атырауда Балықшыдағы Құнанбаев көшесінде қатты ұйтқыған желдің екпінімен бес қабатты үйдің шатыры ұшып кетті. 125 шаршы метр болатын жабын өтіп бара жатқан адамдардың төбесінен ұшып өтіп, кетіп бара жатқан жеңіл көліктердің үстіне түсті. Бақтарына қарай, ешкім зардап шеккен жоқ. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 12 сәуір 2019, 15:59 4 539 рет қаралды
«Атырау Балықтың» орнына тұрғын үй кешені бой түземек Басқа жаңалықтар

«Атырау Балықтың» орнына тұрғын үй кешені бой түземек

Бұрынғы балық өнеркәсібінің алпауыты «Атырау Балықтың» орнына көппәтерлі тұрғын үй кешені салынатын болды.  Өткен ғасырдың 30 жылдарында құрылған Гурьев балық консерві комбинатының КСРО-ға танымалдығы туралы айтудың қажеті де жоқ деп ойлаймын. Комбинат қалатүзуші кәсіпорындардың бірі болып есептелді және Гурьевтің көптеген тұрғындары сонда еңбек етті.   12 сәуір 2019, 15:48 5 222 рет қаралды
Тарихын білгеннің болашағы айқын Басқа жаңалықтар

Тарихын білгеннің болашағы айқын

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. 12 сәуір 2019, 11:51 3 801 рет қаралды
Атырау облысының прокуроры ауысты Басқа жаңалықтар

Атырау облысының прокуроры ауысты

Бұрын осы лауазымды атқарған Ернат СЫБАНҚҰЛОВ ҚР бас көлік прокуроры болды. Расталған ақпарат көздерінің мәліметі бойынша, бүгін облыстық прокуратура қызметкерлері жаңа басшыны – Халидолла ДӘУЕШОВТІ таныстырды. 12 сәуір 2019, 11:46 7 041 рет қаралды
Қолға түспейтін браконьерлер Басқа жаңалықтар

Қолға түспейтін браконьерлер

Қазір балықтардың уылдырық шашатын кезі: Браконьерлер түнде де, күндіз де Жайыққа шығады, ал, «Бекіре-2019» акциясына қатысушылар оларды ұстауға және өзенді аулардан тазартуға тырысады. «АЖ» тілшісі Полиция департаменті қызметкерлерімен бірге рейдке шықты. Түн жамылып келе жатып, неге екені белгісіз, ұстатпайтын Джо туралы ежелгі әзілді есіне түсіріп, мырс етті. Дегенмен, қазіргі жағдайда керісінше, браконьерді құрықтау өте қажет. Алайда, бәрібір ұстатпайды-ау.  Сурет Бейнежазба 11 сәуір 2019, 23:02 3 852 рет қаралды
Үйден қашқан бала, көпірден секірген қыздар Басқа жаңалықтар

Үйден қашқан бала, көпірден секірген қыздар

10 сәуірде Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ төрағалық етуімен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі мәселе – аймақ тұрғындарының қауіпсіздігі.  Сурет 11 сәуір 2019, 20:32 3 551 рет қаралды
Найзагер батыр Сақал ата Басқа жаңалықтар

Найзагер батыр Сақал ата

Қызылқоға өңірі шежіреге толы, тарихы бай. Cондай аңызға айналған адамдардың бірі, тірі кезінде әулие батыр атанған - Сақал ата. Ол тіпті Исатайдың сарбазы болып, көтеріліске қатысқан деген тарихи деректер де бар. 11 сәуір 2019, 12:02 5 483 рет қаралды
Спорт жаңалықтары Басқа жаңалықтар

Спорт жаңалықтары

Шри-Ланкада балалар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Турнирде атыраулық Диляра Ғабитова, Аят Аудуллаев және Зарина Нұрғалиева  бақ сынады. "Рапид" санаты бойынша  З.Нұрғалиева 7 партияда жеңіске жетіп, алтын медальды еншіледі. 11 сәуір 2019, 00:00 3 397 рет қаралды
Атыраудағы марафон Басқа жаңалықтар

Атыраудағы марафон

Жексенбіде, 14 сәуірде жыл сайынғы «Atyrau Marathon – 2019» шарасы кезінде - сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін Орталық көпір – Сәтпаев даңғылы - Әбілқайыр хан даңғылынан «Сұлтан Палас» мейманханасына дейін көлік қозғалысы тоқтатылады. Сондай-ақ, қоғамдық көлік аталмыш көшелердегі барлық қиылыстар бойынша жүре алмайды. Бұл туралы Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 10 сәуір 2019, 17:07 3 151 рет қаралды
Құс еті өнімдерінен ішек таяқшасы табылды Басқа жаңалықтар

Құс еті өнімдерінен ішек таяқшасы табылды

Наурызда Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ет өнімдерінің сапасына тексеру жүргізді. Кейбір сатушылардың гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарын өрескел бұзғаны анықталды: еттен микробтар мен ішек таяқшаларының бактериялары табылған. 10 сәуір 2019, 11:34 3 666 рет қаралды
Долларлар құбырға кетіп жатыр Басқа жаңалықтар

Долларлар құбырға кетіп жатыр

2018 жылы үш ірі ТШО, НКОК және КПО мұнайгаз операторлары сатып алған қазақстандық өнім үлесі - 8%. Бұл туралы мұнайгаз саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту кеңесінің сайтында хабарланған. 10 сәуір 2019, 11:12 2 894 рет қаралды