19 мамырда жоспарланған 45 күндік мерзімнен 10 күн бұрын Қашаған кенішінде жабдықтарды жоспарлы-сақтандыру жөндеу жұмыстары аяқталып, мұнай өндіру қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өндіріс қуатын толық көлемге дейін өндіру көлемін ұлғайту жұмыстары жалғасады және жөндеуден кейін алғашқы тәуліктерде 70 мың баррель өндірілсе, маусым айының басында Қашаған тәулігіне 370-400 мың баррельге шығуы тиіс.
Естеріңізге салсақ, 2018 жыл ішінде Қашағанда 13,2 млн тонна мұнай өндірілді, 3,6 млрд-тан астам текше метр газ экспортталды.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА