Атырау, 17 қыркүйек 15:38
 дождьВ Атырау +25.7
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

Қашаған бір аптадан соң тоқтайды

3 934 рет қаралды


Сәуірдің ортасында NCOC «Болашақ» зауытындағы және D аралындағы жабдықтарды күрделі жөндеу жұмыстарына кіріседі. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

NCOC компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жөндеу жұмыстарының жоспарлы ұзақтығы – 45 күн. Жабдыққа техникалық тексеру жүргізу және жоспарлы техникалық қызмет көрсету үшін операциялар толық тоқтатылады. Бұл жұмысқа NCOC пен серіктес-мердігерлердің 5 мың қызметкері жұмылдырылады.

«Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысына ребойлер орнату және теңіз кешеніндегі ұңғымаларды қайта жарақтау жұмыстарын қоса алғанда, бірнеше жобаны орындау қарастырылған.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

8 сәуір 2019, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.