Атырау, 4 тамыз 04:48
 дождьВ Атырау +24.3
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

Басқа жаңалықтар

Ақын және журналист Басқа жаңалықтар

Ақын және журналист

25 сәуірде Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Халықаралық жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ақын Төлеген ЖАҢАБАЙДЫҢ «Ізім жатыр даламның ой, қырында» атты шығармашылық кеші өтті. Сурет 27 сәуір 2019, 10:12 5 702 рет қаралды
Сақтансаң сақтармын Басқа жаңалықтар

Сақтансаң сақтармын

Жұмысқа келе жатып, жол бойындағы Жайыққа суы ағып жатқан құбырға назар аудардым. Бұл - «River Palace» қонақ үйінің тұсындағы парк салынып жатқан жағалауда. Айтпақшы, әлеуметтік желілерде де бұл туралы дабыл қағыпты. Жақында Жайықтың балығына қатысты орын алған ахуалдан кейін бұл түсінікті де... Бейнежазба 26 сәуір 2019, 15:08 4 397 рет қаралды
Аулалар абаттандырылады Басқа жаңалықтар

Аулалар абаттандырылады

Наурызда dialog.egov.kz сайтындағы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың блогында Атырау тұрғыны Елена Волохинаның: «Азаттық даңғылы, 86 үйдің ауласынан ойын алаңын салуға жәрдемдесуіңізді сұраймыз. Бұл үйде көп бала бар, оларға бұл алаң өте қажет» деген мазмұнда хат жарияланды. Ал жалпы Атырауда көппәтерлі үйлердің ауласының көпшілігі абаттандыруды қажет етеді.  Жақында қалалық ТКШ бөлімі тендер өткізілетіндігін жариялады. Тізімге 6 аумақ енген: Авангард 3 ықшам ауданындағы №31-32 үйлер; Азаттық, 71; Молдағалиев 5,7; Балықшы 26, 26«а»; Махамбет көшесі, 128, 128«а»; Нұрсая ықшам ауданы 85, 86, 87 үйлер. Жұмыстардың жалпы құны - 506 млн теңге. 26 сәуір 2019, 12:17 4 178 рет қаралды
Қош келдіңіздер немесе ірі габаритті жүктерге кіруге болмайды Басқа жаңалықтар

Қош келдіңіздер немесе ірі габаритті жүктерге кіруге болмайды

Атырауда ірі автомобиль трассаларына 4 кірме аркасы салынады. ТКШ бөлімі мемлекеттік сатып алулар сайтына осы туралы хабарландыру жариялапты. Лот құны – 184 млн теңге. 25 сәуір 2019, 21:17 4 041 рет қаралды
Елшінің лебізі және сенімді серіктестік Басқа жаңалықтар

Елшінің лебізі және сенімді серіктестік

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Х. МОЗЕР Атырауға іссапармен келді. Мұнайгаз саласындағы бірқатар кәсіпорындарды аралап шыққаннан кейін ол Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВПЕН кездесті. Сурет 25 сәуір 2019, 15:03 3 599 рет қаралды
Атырау облысында 26 сәуірде «Ашық есік күні» өтеді Басқа жаңалықтар

Атырау облысында 26 сәуірде «Ашық есік күні» өтеді

Аймақ басшысы Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ тапсырмасына сәйкес тұрғындармен кездесу 26 сәуір күні 17:00-де өңірдің барлық әлеуметтік мекемелерінде ұйымдастырылады,- деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.  24 сәуір 2019, 17:10 4 560 рет қаралды
Қоштасу әдемі де қарапайым болу керек Басқа жаңалықтар

Қоштасу әдемі де қарапайым болу керек

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза ШАҢГЕРЕЕВА өткізген брифингте сауықтыру ақысын толық алмаған педагогтар, мектеп бітіру кештерін қарапайым өткізу және орыс сыныптарында мұғалімдердің жетіспеуі туралы әңгіме болды. Сурет 24 сәуір 2019, 16:01 4 823 рет қаралды
Мамыр мерекелерінде қалай демаламыз Басқа жаңалықтар

Мамыр мерекелерінде қалай демаламыз

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның 3-тармағына сәйкес, 2019 жылдың мамырында қазақстандықтар үш мерекені: сәрсенбі күніне келетін 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесін; сейсенбіде 7 мамыр - Отан қорғаушы күнін; бейсенбіде 9 мамыр - Жеңіс күнін атап өтеді.   24 сәуір 2019, 15:52 9 038 рет қаралды
Таршылық тартып тұра ма? Басқа жаңалықтар

Таршылық тартып тұра ма?

Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде судьялар мен адвокаттар, пенитенциарлық мекеме қызметкерлері тергелушілер мен сотталушыларға қатысты ахуалды талқылады. Атап айтқанда, шартты түрде сотталған жұмыссыздар үшін 80 мың теңгенің ақша еместігі, олардың көпшілігінің «шартты түрде» бостандықта жүріп, қайталап қылмыс жасап, түрмеге отыратындығы анықталды. Сурет 24 сәуір 2019, 15:39 4 697 рет қаралды
Азғырға ақша асықпай келеді Басқа жаңалықтар

Азғырға ақша асықпай келеді

Құрманғазы ауданы орталығынан 300 шақырым жырақта жатқан  Азғыр өңірі тұрғындары зейнетақы, жәрдемақы және жалақыларын Қазпочтаның жергілікті бөлімшесінен алады. Алайда өткен жылдан бері аудандық почта торабынан бөлінген жалғыз «УАЗ» автокөлігі бұзылып, ақша уақытылы жеткізілмей жатыр. 24 сәуір 2019, 11:56 4 585 рет қаралды
Ұлы даланың жас мұрагерлері Басқа жаңалықтар

Ұлы даланың жас мұрагерлері

22 сәуірде Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының «Ұлы дала мұрагерлері» атты шығармашылық кеші өтті. Жастар жылына орай өткізілген шара мектептегі дарынды жастардың ғылыми-зерттеу және оқу-тәрбиедегі жетістіктеріне арналды. Сурет 24 сәуір 2019, 09:28 6 416 рет қаралды
Заңсыз қару жасаушы және әкімдік көлігі жасаған жол апаты Басқа жаңалықтар

Заңсыз қару жасаушы және әкімдік көлігі жасаған жол апаты

15-22 сәуірде Атырау облысында 60 қылмыс жасалды, оның 56-сы облыс орталығында болған. Қылмыстық хроникада ұрлық (32) пен алаяқтық (9) көш бастап тұр. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің «Қаруды заңсыз жасау» деп аталатын ерекше 288-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаларға келер болсақ, әлеуметтік желілерде Атырау әкімінің орынбасары Жұмабек ҚАРАЖАНОВТЫҢ қызметтік көлігі жасаған жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы назар аудартты: әкімдіктің Skoda Octavia көлігі мен Toyota RAV 4 көлігі соқтығысқан. Мемлекеттік көлік қалпына келмеуі мүмкін, ал жүргізушіге медқызметкердің көмегіне жүгінуге тура келген. Бейнежазба 23 сәуір 2019, 17:50 4 746 рет қаралды
1 мамырда Атырауда бұқаралық велошеру өтеді Басқа жаңалықтар

1 мамырда Атырауда бұқаралық велошеру өтеді

Атырауда 1 мамырда 9 шақырым қашықтыққа «Charity Bike Ride Atyrau – 2019»  бұқаралық велошеруі өтеді, оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Қалада осыған байланысты әдеттегідей автокөлік қозғалысына шектеу қойылады.  23 сәуір 2019, 17:20 3 236 рет қаралды
Әкім орынбасары табиғаттың «тосын сыйы» үшін кешірім сұрады Басқа жаңалықтар

Әкім орынбасары табиғаттың «тосын сыйы» үшін кешірім сұрады

Атырауда 17-18 сәуірдегі қолайсыз ауа райының салдары және оларды жою үшін қандай шаралар атқарылғаны жөнінде қала әкімінің орынбасары Шәкір КЕЙКИН мен коммуналдық қызметтердің өкілдері брифингте айтып берді. 23 сәуір 2019, 16:50 5 035 рет қаралды
​Жергілікті қамтудың 50 реңі Басқа жаңалықтар

​Жергілікті қамтудың 50 реңі

Елімізде, ең алдымен Атырау облысында ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті/қазақстандық қамту мәселесі қызу талқыға түсуде. Бәрі де, соның ішінде, осы көрсеткіш туралы үнемі есеп беруге міндетті оператор-компаниялардың өздері де мұны «қолдайтын» секілді. Алайда әлі де мәселелер қалып отыр және мұнымен өте тығыз жұмыс жасайтын адамдар бар. 23 сәуір 2019, 12:07 3 680 рет қаралды
Қызылқоғада бруцеллез азаймай отыр Басқа жаңалықтар

Қызылқоғада бруцеллез азаймай отыр

2018 жылы 547 ірі қара, 3287 қой-ешкі бруцеллез індетіне ұшыраған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда өте көп. Ал жыл басынан бері 131 ірі қара мен  87 қой-ешкіден осы індет табылған. Мұны тоқтатуға еш мүмкіндік жоқ па? 23 сәуір 2019, 11:02 4 796 рет қаралды
Несие қамытын киерде құтылу жолын ойлап қой Басқа жаңалықтар

Несие қамытын киерде құтылу жолын ойлап қой

Бәріміз де (немесе бәріміз дерлік) банктен несие алып көрдік немесе несие алуды жоспарлаймыз. Несие алу шартын жасау кезінде қарызды қиналмай өтеу үшін қаржылық мүмкіндігіңізді қалай дұрыс есептеу керек екенін ҚР Ұлттық банкінің Атырау филиалының қаржылық ұйымдарды бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Асланбек ҚАБЕСОВ түсіндірді. Сурет 22 сәуір 2019, 15:39 6 958 рет қаралды