Атырау, 24 қараша 22:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Күмәнді азық-түлік

3 294 просмотра


Жыл басынан бері Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өңірдегі сауда нүктелерінен  үлгі ретінде 879 түрлі азық-түлік өнімін сатып алды. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама 307 өнімнің Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті. Бұлардың басым бөлігі Ресейден, Беларуссиядан, Қырғызстаннан әкелінген өнімдер.

- Көбінде өнімнің өндірілген күні, өндірушінің атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтер жоқ, мемлекеттік тілде таңбаланбаған, - дейді техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Анар ШАЙХИМОВА. - Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілгеннен кейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 18 іс қозғалды, жалпы сомасы 833 мың теңге айыппұл салынды.

Барлық факті бойынша субъектілер тарапына бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығарылып, 203 келі өнім сатылымнан алынып тасталды.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

6 мамыр 2019, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.