Атырау, 24 қараша 22:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өз ағам келмесе, егін шықпай ма?

Сурет
5 968 просмотра

Биыл Индер ауданындағы 47 шаруа қожалығы 380 га жерге картоп, 220 гектарға көкөніс, 144 гектарға бау-бақша өнімдерін егу қамына кіріскен. Жер жыртылып, өңделіп, тұқым салу жұмыстары басталды.

Ауданда егін алқабы Бағырлай, Ақсай, Алғабас-Жорық және Қурайлысай каналдары арқылы сумен қамтамасыз етіледі. «Алғабас-Жорық» каналын тереңдете қазу мен тазарту, яғни күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары сәуірде басталған. Мұны «Сұңқар Құрылыс» ЖШС қарашаға дейін бітірмек. Ал егіншілерге керек су котлованға құйылған. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәулет ЕСЕТОВТЫҢ айтуынша, қалған үш каналды да күрделі жөндеуден өткізу осы жыл ішінде жүзеге асырылады.     

Су тарифының 75 пайызы бюджеттен қаржыландырылса, қалған 25 пайызын диқандар өзі төлейді. Тыңайтқыштар алу үшін де жер көлеміне қарай үкімет тарапынан 50 пайыз субсидия беру қарастырылған.

Шаруа қожалықтары иелері егістіктің көктемгі қарбалас жұмысына сырттан да қол күшін жалдайды екен. Мәселен, аудан бойынша 120 Өзбекстан азаматы жұмыс істеуге рұқсат алған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

6 мамыр 2019, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.