Қазақстанның электр энергетикасы нарық кеңесінің президиумы Атырау ЖЭО-ның жаңа инвестициялық бағдарламасын мақұлдап, оны ҚР Энергетика министрлігіне қарауға жіберді. Бұдан кейін өңірімізде электр энергиясының тарифі көтеріліп кетпей ме? «АЖ» «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВҚА сұрақтар қойды.
- Осы инвестициялық бағдарламада қандай іс-шаралар қамтылған?
- 2020-2023 жылға арналған «АЖЭО» АҚ инвестициялық бағдарламасының жобасына №6 турбинаны жаңасына ауыстыру және 65-90/13 типті №13 турбоагрегатты сатып алу мен монтаждау енгізілген.
- «Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасы жұмыс істеген кезде ЖЭО-ға қанша ақшалай қаражат тартылды?
- Бұл бағдарлама жеті жыл бойына – 2009-2015 жылдары жұмыс істеді. Осы кезеңде «АЖЭО» АҚ 34 млрд 203 млн теңге сомаға инвестициялық міндеттемені жүзеге асырды.
- Қазіргі инвестициялық бағдарлама ЖЭО өндіретін электр энергиясының тарифіне қалай әсер етеді?
- 2018 жылдың 14 желтоқсанында ҚР ЭМ 2019-2025 жылдарға арналған электр энергиясының шекті тарифін бекітті. Сондықтан АЖЭО-ның жаңа инвестициялық бағдарламасы оған ешқандай әсер етпейді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ