Атырау, 24 қараша 22:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жайықты зерттеуге конкурс жарияланды

2 853 просмотра


Мемлекеттік сатып алу сайтында «Жайық өзеніндегі тіршілік ортасының жай-күйі және оның ихтиофаунаға әсерін бағалау бойынша кешенді зерттеулер жүргізу» конкурсы жарияланған. Тапсырыс беруші - Атырау облысының балық шаруашылығы басқармасы, құны - 71 млн теңге.

Құжаттарда зерттеулер Бугорки тартымынан бастап ағыспен төмен қарай сағалық алқапқа дейін, сондай-ақ Перетаска тармағы мен Курилкин су қоймасында жүргізілуі керек екені көрсетілген.

Ғалымдар су қоймаларының гидроэкологиялық жай-күйіне, ихтиофаунаның және азықтық ағзалардың тіршілік ортасының токсикологиялық жай-күйіне, балық организміндегі патологиялық өзгерістерге және т.б. талдау жүргізуге міндетті.

«АЖ» балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур САДЫБЕКҰЛЫНА бірнеше сұрақ қойған еді.

- ІІМ тергеу тобының балықтың қырылуын тергеу жұмыстарының қорытындысы қандай?

- Әзірге қорытынды бізге түскен жоқ. Күтіп отырмыз.

- Неліктен ихтиофаунаны зерттеу жұмыстары 71 млн теңгеге бағаланған? Жыл басында 80 млн туралы айтылып еді.

- 80 миллионнан ҚҚС алып тастағанда 71 млн қалады.

- Ғалымдар өз жұмыстарының нәтижелерін қашан жариялайды?

- Есептерді қабылдауды екі кезеңге бөлдік. 15 тамызға дейін тікелей зерттеу нәтижелері, ал 15 желтоқсанға дейін ұсынымдар қабылданады.

- Конкурсқа, мысалы, Астрахан мамандары қатыса ала ма?

- Иә, қазақстандық және шетелдік ғалымдар да қатыса алады.

- Қалған нәрсені зерттеуге кеш емес пе?

- Бұл жоба Жайықтағы балықтың қырылуына қатысты жауаптарды алуды ғана мақсат етпейді. Бұл кешенді жұмыс. Біз қалыптасқан ахуалға және ихтиофаунаға төнетін қауіптерге уақытылы баға беруіміз керек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

10 мамыр 2019, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.