Атырау, 25 қараша 02:42
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Басқа жаңалықтар

Балыққа не болған? Суға батты. Белгілі нәрсе осы ғана Басқа жаңалықтар

Балыққа не болған? Суға батты. Белгілі нәрсе осы ғана

Жайықта мұз ерігеннен кейін балықтың жаппай қырылуына қатысты ахуал шиеленісе бастады: мұз астынан әлі қаншасы жүзіп шығатыны және қаншасы мұз құрсауында қалғанын білмейміз, бірақ қазір көзге көрініп тұрғанының өзі шошытпай қоймайды. Ең оптимист сарапшылардың болжамы бойынша, балық қорын өткен жылдың деңгейіне дейін қалпына келтіру үшін кем дегенде бес жыл қажет дейді. 11 наурыз 2019, 17:45 3 026 просмотра
Бұрынғы балабақша мен комиссариат маскүнемдердің жылы орнына айналған Басқа жаңалықтар

Бұрынғы балабақша мен комиссариат маскүнемдердің жылы орнына айналған

Құлсары қаласында апаттық деп танылған ескі балабақша мен әскери комиссариат ғимараттары қаңғыбастар мен маскүнемдердің жиналатын орнына айналған. Бұған тұрғындары қатты алаңдап отыр, өйткені иесіз қалған балабақшаның жанында мектеп орналасқан. Сурет 11 наурыз 2019, 16:53 3 751 просмотра
Экспат әйелдерге Қазақстан ұнап тұр Басқа жаңалықтар

Экспат әйелдерге Қазақстан ұнап тұр

www.internations.org сайты 2018 жылғы экспаттарға арналған үздік және нашар елдердің дәстүрлі рейтингін жариялады. Қазақстан 68 елдің арасында 49-орын алған. Ал бір жыл бұрын 35-орында болатын. Бірақ жеке «әйелдер» рейтингінде біздің еліміз жоғары 6-орында тұр. 11 наурыз 2019, 16:29 2 450 просмотра
Доссор трассасындағы апатта үш адам қаза болды Басқа жаңалықтар

Доссор трассасындағы апатта үш адам қаза болды

8 наурызда Атырау-Доссор трассасында ВАЗ «Приора» және «Тойота Королла» автокөліктері соғысып,  3 адам қаза болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, екі адам жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында, бір адам ауруханада қаза болған. 11 наурыз 2019, 11:53 2 829 просмотра
Жайық жағалауынан 1,3 тонна балықты жинауға еріктілер көмектесті Басқа жаңалықтар

Жайық жағалауынан 1,3 тонна балықты жинауға еріктілер көмектесті

Барлық жиналған балық есепке алынды және жойылды. Оның салмағы қозғалған қылмыстық іске қосылады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 11 наурыз 2019, 11:40 1 677 просмотра
Тауық табысқа қосылмауы мүмкін Басқа жаңалықтар

Тауық табысқа қосылмауы мүмкін

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жақында тағайындалған басшысы Серік ҚАМИДОЛЛА өткізген брифинг негізінен «АЖ» екі рет жазған атаулы әлеуметтік көмек төлемдері тақырыбына арналды. 9 наурыз 2019, 13:59 3 473 просмотра
Насыбайдың бәрін кім атпақ? Басқа жаңалықтар

Насыбайдың бәрін кім атпақ?

5 наурызда ҚР мен РФ шекарасындағы Котяевка бекетінде шекарашылар 6 тонна насыбай алып өтпекші болған екі Ресей азаматын ұстады. "49 және 35 жастағы екі РФ азаматы "Газ-3022" автокөлігімен Қазақстаннан 6 тонна шекпейтін шылым - "насыбай" алып өтпекші болған. Жүргізушілер насыбай  салған қапшықтардың ішінде ұн бар деп сендірмекші болды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі. Сурет 8 наурыз 2019, 18:11 4 172 просмотра
Бейресми апат хроникасы Басқа жаңалықтар

Бейресми апат хроникасы

Балықтардың жаппай қырылуы туралы алғашқы бұқаралық ақпарлар өткен жылдың 2 желтоқсанында тіркелді. Ал бүгін - 7 наурыз. Жүздеген мың балық өлексесі өзен мұзының қабатына қатталған. Бұл өлген соң ісініп, су бетіне қалқып, мұзға қатқан балықтар. Алайда суасты түсірілімдері көзімізге көрінбейтін су түбінде мың тоннадан да көп балықтар шіріп жатқанына дәлел болады. Ең сұмдығы, балықтар әлі өліп жатыр. Бірақ ресми Атырау алаңдауға негіз жоқ дейді. Бейнежазба 7 наурыз 2019, 23:10 4 786 просмотра
Қырдың қызыл гүлдері Басқа жаңалықтар

Қырдың қызыл гүлдері

...Сиыр мен түйені  өзім сауамын, шұбат дайындаймын. Қаймақ, сүзбе, сары май, құрт, ірімшік - бәрін жасаймын. Соны пұл қыламыз, тамақ, басқа қажеттілікке жаратамыз. Айналамызда қыстақ көп, бірақ әйелдер жоқ, көмекшілер ретінде ер адамдарды жалдайды. Басқасы басқа, сиырлардың сүттері ағып жүргеніне жаным ашиды, оны сауып, оқсататын әйел азайды. Үйдің қазығы әйел қырда тұрмағасын не берекет болады,- деді шәй қамына кіріскен Қымбат апа. Сурет Бейнежазба 7 наурыз 2019, 15:38 6 968 просмотра
Атырауда «Харе Кришнаға» полицейлер кедергі келтірді Басқа жаңалықтар

Атырауда «Харе Кришнаға» полицейлер кедергі келтірді

3 ақпанда Атырауда Сәтпаев даңғылындағы пәтерлердің бірінде «Атырау Кришна санасы қоғамы» жергілікті діни бірлестігінің алты мүшесі дәстүрлі «Харе Кришна» мантрасын шырқау үшін жиналған-ды. Бірақ олар құлшылықтарын айтып бітірместен, пәтерге полиция қызметкерлері баса көктеп кіреді. 7 наурыз 2019, 13:41 3 070 просмотра
Ең соңғы ақша Басқа жаңалықтар

Ең соңғы ақша

ҚР заңнамасымен жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер мен алименттер аударылатын шоттардан ақша өндіріп алуға тыйым салынады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің Атырау филиалы. Бұдан бұрын Ұлттық банкке қаржы қызметтерін тұтынушылардан өздерінің жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер мен алименттер алатын  шоттарынан ақша өндіріліп алынғаны туралы шағымдар түскен. Өтініштерді қараған кезде, қарыз алушылардың аталмыш төлемдер аударылатын банк шоттарын өндіріп алуға тыйым салынған «арнайы» шоттар режимінде ашпағандығы анықталды. 7 наурыз 2019, 12:54 2 243 просмотра
"Жедел жәрдем" енді адаспайды Басқа жаңалықтар

"Жедел жәрдем" енді адаспайды

Биылғы 19 ақпаннан бастап «жедел жәрдемді» 103-ке ғана емес, 112 нөміріне де соғып шақыра аласыз. Бұл қоңырау қабылдау уақытын 70% қысқартуға мүмкіндік береді. Жаңа бағдарламада нақты уақытта шақырылған қызметті бақылауға болатын және соңғы кездері қаламызда көп кездесіп жүрген "жедел жәрдем" көлігінің адасуына жол бермейтін электрондық карта қолданылады. Бұл туралы «Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы» КМҚП бас дәрігері Ерлан СҮЙЕУҒАЛИЕВ брифингте мәлімдеді. 7 наурыз 2019, 11:39 2 524 просмотра
Біздің анау Жайықта... Ғалымдар да, полиция да, сенаторлар да іздеп жатыр Басқа жаңалықтар

Біздің анау Жайықта... Ғалымдар да, полиция да, сенаторлар да іздеп жатыр

«АЖ» тілшісі хабарлағандай, Атырау облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ 2018 жылғы28 желтоқсанда сол кездегі Премьер-министр Бақытжан САҒЫНТАЕВТЫҢ атына сауал жолдап, Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына қатысты ахуалды анықтауды өтінген еді. Сауал астына Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы Жеңіс НҰРҒАЛИЕВТЫҢ (хаттама бойынша оның қолы болуы керек) және Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, қазіргі сенатор Ғұмар ДҮЙСЕНБАЕВТЫҢ қолы қойылған. 6 наурыз 2019, 17:49 3 181 просмотра
Қаупің неден болса, ажалың содан Басқа жаңалықтар

Қаупің неден болса, ажалың содан

Stat.gov.kz сайтының мәліметінше, Атырау облысындағы халық саны 2018 жыл мен соңғы екі айды қосқан кезеңде 13 117 адамға өсіп, халықтың жалпы саны 633 мың 801 адамға жетті. Осы уақыт аралығында облыста әртүрлі себептермен 3535 адам өмірден өткен. «АЖ» тілшісі мұның себептерін зерделеді. 6 наурыз 2019, 18:43 4 247 просмотра
Мүгедектердің мерекелік төлемдері төленбеген Басқа жаңалықтар

Мүгедектердің мерекелік төлемдері төленбеген

Индер ауданының прокуратурасы халықты жұмыспен қамту бөлімінің 2016-2018 жылдар аралығында мүгедектерге атаулы даталар мен мереке күндеріне арналған заңды төлемдерді төлемегенін анықтады.  6 наурыз 2019, 10:09 2 104 просмотра
Жылыой ауданы әкіміне арналған қызметтік үй жекешелендіру құқығынсыз алынды Басқа жаңалықтар

Жылыой ауданы әкіміне арналған қызметтік үй жекешелендіру құқығынсыз алынды

2018 жылы жалпы сомасы 1 млрд 62 млн теңге болатын 92 қызметтік үй сатып алынды. Оның ішінде Атырау, Құлсары қалаларында бір-бірден қызметтік үй, қалғандары ауылдық жерлерде алынған. 6 наурыз 2019, 09:18 4 224 просмотра
Өмір мен өлім арасындағы шекара Басқа жаңалықтар

Өмір мен өлім арасындағы шекара

«АЖ»-ға 82 жастағы Ресей Федерациясының азаматы Уәсиля САИТОВАНЫҢ туыстары хабарласты. Өйткені, ол қағаз жүзінде ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған, қазір оның аты-жөні тұрақты мекенжайда тұруға рұқсат берілмеген тұлғалардың дерекқорына енген. Ал іс жүзінде бұл - заң мен ауыр жағдайдың бір-бірімен үйлеспейтін, өлім мен өмір мәселесі. Толықтырылды Сурет 3 наурыз 2019, 14:49 4 057 просмотра
Барымташы тағы да құтылды Басқа жаңалықтар

Барымташы тағы да құтылды

«АЖ»-ға қаңтар айында Махамбет және Исатай ауданында тыйылмай тұрған мал ұрлығы туралы шыққан жарияланым оқырмандардың үлкен қызығушылығын тудырды.  Тұрғындар далалықта мал ұрлығы неге көп, барымташылар ұсталса да, неге қатаң жазаға тартылмайды деп сауалдар қойған еді.  «АЖ» тілшісі  Исатай аудандық сотында қаралған мал ұрлығына байланысты сот ісімен танысып қайтты. 5 наурыз 2019, 15:40 3 742 просмотра