Индер ауданының орталығы Индербор кентінде 2016 жылы 28 млн теңге бюджет қаржысына екі футбол алаңшасы салынды. Бір жылдан соң демеушілік қаржымен тағы бір алаң пайдалануға берілді. Алайда арада аз уақыт өтсе де, үш алаңның да жасанды көгалдары сыпырылып, қоршаулары бұзылыпты.
- Басында газоны төселген, қоршауы бар, кеш болса, жарық беретін прожекторлары болды, - дейді осы жерде тұратын Үнзира апа. – Ал қазіргі күйін өзіңіз көріп отырсыз.
Аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВ:
- Қонаев, Махамбет көшелеріндегі 2 футбол алаңын «ЖолаушыЖол» ЖШС 2016 жылы пайдалануға берді. Қазір кент әкімдігінің балансында. Бүгінде серіктестіктің екі жылдық кепілдік мерзімі бітсе де, биыл екі алаңды өз қаржысына қалпына келтіруге уәде беріп отыр. Ал «Барлаушылар» бөлігіндегі алаң еш мекеменің балансына алынбаған, тұрғындардың жауапкершілігіне берілген. Әзірге бұл алаңға қатысты шешім жоқ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді түсірген автор