Атырау, 24 қараша 12:31
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Масамен айқас қайта жалғасады

3 590 просмотра


Атырауда масаларды жоюға 127 млн теңге бөлінді - бұл рекордтық сома (мәселен, 2018 жылы - 114 млн теңге, ал алдыңғы жылы - 52 млн теңге).

-  «AG Dеsinfection services» ЖШС өз қызметін 127,2 млн теңгеге ұсынып, тендер жеңімпазы деп танылды, - дейді Атырау әкімінің орынбасары Жұмабек ҚАРАЖАНОВ. – Жұмыстар басталып кетті, бұл қарашаға дейін жалғасады. Қала мен қала маңын, ашық жерлерді және су тоғандарын өңдейміз. Барлығы 40 миллион шаршы метрді құрайды.

- Бізде жел және түтін генераторлары, су тасығыштар мен тракторлар жұмылдырылған. Қаланың барлық ықшам аудандарын тәулік бойына улаймыз, - дейді «AG Dеsinfection Services»  ЖШС энтомологы Айнагүл ДӘУЛЕТЬЯРОВА

Мамандар маса уының адамдар үшін қауіпті еместігін растайды. Қансорғыштардың шоғырланған жерлері туралы 50-56-10, +7 778-248-91-22, +7 701-543-43-39 телефондары арқылы хабарлауға болады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

20 мамыр 2019, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.