Атырау, 23 қараша 19:51
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аян Дүйсембаев қызметінен босатылды

Бейнежазба
10 443 просмотра


Бүгін, 17 мамырда сәйгүлік тарту етілген бейнежазбаға қатысты шудан кейін ҚР ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ ҚР президенті Қ.Тоқаевтың атына Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаевты лауазымынан босату туралы ұсыным енгізді.

Естеріңізге салсақ, 6 мамырда Атырау облыстық Полиция департаменті бастығы Аян ДҮЙСЕМБАЕВ полиция генерал-майоры атағын алған еді. Бір аптадан кейін генерал туған жері Қызылқоға ауданына барады. Кездесу кезінде жерлестері оған көрімдік ретінде сәйгүлік тарту етеді. Осы көрініс түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерге тарап, бұл ІІМ-нің арнайы тексеру жүргізуіне түрткі болды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Twitter-ге пост жариялап, ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырғаннан кейін әлеуметтік желілерде генералды қорғаған науқан басталды.

Белсенді пайдаланушылар «Генерал жерлесімізді қорғайық» деп аталатын топ құрып, петиция жазып, ал ақсақалдар Қасым-Жомарт Тоқаев пен ішкі істер министрі Тұрғымбаевқа ашық хат жазды. Атап айтқанда, хатта генералдың Миялының мақтанышына айналғаны, ал оның туған жеріне жерлестерімен қуанышын бөлісу үшін келгені айтылған.

 - Ауыл ақсақалы Аян Дүйсембаевқа атқа мінуді өтінді. Генералдан кейін осы атқа қарияның ұлы отырды. Ақсақал ұлым да генерал болсын деп ырым жасаған еді. Бұл қазақ халқының дәстүрі. Мұның несі жаман? Ал егер оған домбыра сыйласа, ол да қылмыс деп санала ма? – деп жазады Құмар ХАСАНОВ. – Осындай әңгімелер күлкілі және осы үшін қатты ұялып отырмын. Мұндай шу боларын ақсақалдар қайдан білсін?

Ал бүгін ІІМ комиссиясы Аян Дүйсембаевқа қатысты қызметтік тексеру жұмыстарын аяқтады. Ол бар болғаны үш күнге созылды. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаменті басшылығымен текетірескен Атырау полициясы қызметкерлеріне қатысты тексеру жұмыстары бір аптадан бері әлі жалғасып жатыр.

 


Фархат ӘБІЛОВ

17 мамыр 2019, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.