Атырау, 24 қазан 09:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 486.65
€ 524.46
₽ 5.05

Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа басшы

3 900 просмотра


Мамырдың басындағы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетіндегі кадрлық ауыс-түйістер Атырауға да келіп жетті. 14 мамырда комитет төрағасының орынбасары Талғат Мамаев мұнайлы астанаға келген сапарында Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы Қайрат ЖҰЛМҰХАМБЕТОВТІ таныстырды.

Қ.Жұлмұхамбетов 43 жаста, түрлі жылдары Атырау облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша салық департаментінің басшысы қызметтерін атқарған. Осы тағайындауға дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық аппаратында департаменттердің біріне басшылық еткен.

Одан бұрын осы лауазымды атқарған Атырау облыстық МКД басшысы Ерлан Жанбаевтың алдағы мансабы қандай екені әзірге белгісіз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 мамыр 2019, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.