Атырау, 24 қараша 22:58
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сорғыңды сөндір, көрші, су ішейік

3 704 просмотра


Атырауда қала маңындағы ауыл тұрғындарының көпшілігі ауыз судың тапшылығына және осы суды бау-бақшаларын суару үшін пайдаланатын ауылдастарына наразы. Осы мәселені арнайы құрылған комиссия анықтаған еді.

- Кешкі сағат алтыдан кейін су болмайды. Жұмыстан келгенде жуынуға да, тамақ дайындауға да мүмкіндік жоқ. Бұл суды бақша суару үшін пайдаланатындардың кесірі, - деп қынжылыс білдіреді қала маңындағы Еркінқала, Жұлдыз, Балауса, Ақсай ауылдарының тұрғындары.

Облыстық, қалалық әкімдіктер мен «Атырау Су Арнасы» КМК өкілдерінен құралған жұмыс комиссиясы Еркінқала ауылдық округінде болып қайтты.

- Комиссия мүшелері жергілікті тұрғындардың ауласындағы бау-бақшасын ауыз сумен заңсыз суаратынын анықтады. Тағы бір фактор - соңғы жылдары мұнда тұрғындар саны едәуір көбейіп, өсіп жатыр, ал су құбырының диаметрі жеткіліксіз, - дейді Атырау әкімнің орынбасары Шәкір КЕЙКИН. – Тексеру нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Атап айтқанда, ауыл әкімшілігінің қызметкерлері полициямен бірге үнемі рейд жүргізіп, ауыз суды басқа мақсатқа пайдаланатындарды жазалайтын болады.

Бірақ әңгіме жазалау шаралары туралы ғана емес. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, сумен жабдықтау бойынша қосымша қуаттылықтарды жобалау жұмыстары басталды. Бұлар Жұмыскер ауылындағы көтеру-сорғы станциясына (КСС) қосымша сорғы орнату, уақытша су құбырын жүргізу және т.б. Сонымен қатар, «Атырау Су Арнасы» КМК қызметкерлері Жұмыскер мен Еркінқала ауылдарында айдау-сорғы станциялары құбырларындағы су қысымын және резервуарларды толтыру жылдамдығын өлшеу үшін КСС манометрлерін орнатуда.

Фархат ӘБІЛОВ

15 мамыр 2019, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.