Атырау, 16 наурыз 13:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Күмәнді сөмке және ауладағы шу

3 135 рет қаралды
Көрнекі сурет

6-13 мамырда Атырау облысында 78 қылмыс жасалған, оның 73-і облыс орталығында болған. Әдеттегіше ұрлық (58) көш бастап тұр. 13 мамырда ҰҚКД-не ТШО кеңсесінің жанына біреулердің қара сөмке қалдырып кеткені туралы дабыл түсті. Саперлер ол жерден жарылғыш зат таппады.  

1-12 мамыр аралығында мереке күндері 15 жүргізуші көлікті мас күйде жүргізгені үшін ұсталды. Атыраудың 16 тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша хаттамалар рәсімделді. Түнгі уақытта тыныштықты бұзу бойынша 26 факт тіркелді (негізінен көлік ішіндегі музыканы қатты шығару немесе аулалардағы жасөспірімдердің шуы).

Фархат ӘБІЛОВ

15 мамыр 2019, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.