Атырау, 8 желтоқсан 00:40
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Сириядан қайтқан 20 қазақстандықтың алтауын Атырауға әкелді

3 480 рет қаралды
"Жусан-2" операциясының бейнежазбасынан алынған кадр
«Жусан-2» арнайы операциясы туралы ҚР СІМ баспасөз конференциясында 7 және 9 мамыр күндері Сириядан қайтарылған 231 қазақстандықтың 20-сы ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жағында террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікпен тұтқынға алынғаны хабарланды. Олардың алтауы – 4 ер адам мен 2 әйел тергеу жұмыстарын жүргізу үшін Атырауға жіберілді.


«АЖ»-ға белгілі болғандай, оларға қатысты ҚР ҚК-нің 257-бабының 2-тармағы (Террористiк топтың әрекетіне немесе ол жасап жатқан терроризм актiлерiне қатысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстарымен Атырау облыстық ҰҚКД айналысуда.

Фархат ӘБІЛОВ

14 мамыр 2019, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.