Табиғи монополияларды реттеу департаменті Махамбет ауданының Махамбет ауылындағы сумен қамту тарифі текше метрі үшін 33% -ға, яғни, 110,6 теңгеден 74,18 теңгеге дейін төмендейтінін хабарлады. Департаменттегілер мұны былай түсіндірді: 9 ай бұрын аудан орталығын сумен қамтумен «Ғұмаров» ЖК айналыса бастаған. Сол кезеңде ол үшін тариф жеңілдетілген тәртіппен бекітілген. Ал қазір нақты мәліметтер бойынша ортақ тәртіппен есептеледі.
Салыстыру үшін: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Атырау қаласында су тарифтерінің келесі кестесі қолданылады: орташа тариф - 159,37 теңге; тұрғындар үшін – 92,63; басқа тұтынушылар үшін – 291,63 теңге.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ