Атырау, 24 қараша 22:25
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ардагерлер азайып бара жатыр

6 086 просмотра


Ұлы Жеңіске 74 жыл. Отан соғысы ардагерлерінің қатары жылдан жылға сиреп барады. Жақында ғана өңірімізде жүздеген ардагер бар еді, қазір 15 адам қалған: 13-і Атырауда, Жылыой мен Махамбет аудандарында бір-бірден және концлагерьдің бір тұтқыны мен бір жауынгер жесірі бар. Әрқайсысы туралы атын атап, таныстырған артықтық етпес.

Валентина КОНОПЛЕВА – 1923 жылы 23 ақпанда Гурьевте дүниеге келген, соғыста байланысшы болған, елге 1945 жылы оралған.

Николай СЛАВОВ – 1921 жылдың 25 наурызында Одесса облысында дүниеге келген. 1943 жылы Полтава түбінде ауыр зақым алып, соғысқа жарамсыз болып елге оралады. Хрущев тұсында «антисоветтік» 58-10-бап бойынша бірнеше жыл қамауда отырған.

Тайыр ҒҰМАРОВ – Исатай ауданының Тұщықұдық ауылының тумасы. 22 жасында майданға аттанып, Украинада соғысқан.

Айдын АЙБАРОВ – 1921 жылы дүниеге келген, Белоруссия майданында соғысып, елге 1947 жылы оралған.

Әлібек ТҮСІБАЛИЕВ – 1943 жылдың ақпанында 80-ші атқыштар гвардиялық дивизиясының құрамында майданға аттанған. 2-ші Украина майданында, 3-ші Белоруссия майданында шайқасқан. Киевті, Минскіні, Риганы азат етуге қатысқан, Польша, Румыния, Чехославакия арқылы жүріп өткен.

Ибраш АТШЫБАЕВ – Гурьев тумасы, Сталинград түбінде шайқасқан, елге 1946 жылы оралған.

Ғафур ИБАТУЛЛИН – Новобогат ауылының тумасы, Берлинге дейін жетіп, үйіне 1951 жылы оралған.

Шаукет БАРЕЕВ – 1920 жылы туған, Киевті азат ету кезінде ерекше ерлік көрсетті.

Қапес ЫБЫРАЕВ – Жылыой ауданының тумасы, Украинаны, Белоруссияны, Германияны тізе бүктіргеннен кейін Жапонияда шайқасқан.

Сембай ИСАҒАЛИЕВ – 1925 жылы туған, Венгрия, Австрия, Чехословакия қалаларын азат еткен.

Төреәлі КӨПТІЛЕУОВ – Құлсары тумасы, Минскіні азат етуге қатысқан, елге 1950 жылы оралған.  

Орынғали ҚАРАСАЕВ – 1924 жылы Елтай ауылында дүниеге келген, Батыс майданында шайқасқан, соғыстан кейін Қиыр Шығыста қызмет еткен.

Құрманбай ДОСЫМБЕТҰЛЫ – 1925 жылы туған, Ақжар ауылынан, Сталинград түбінде шайқасқан.

Зулкам ДАДЫШЕВ – Нарын құмының тумасы, байланысшы ретінде соғысқан, елге 1953 жылы оралған.

Закария СҰЛТАНОВ – Забурын тумасы, Белоруссияда шайқасқан, елге 1946 жылы оралған.  

Жауынгердің жесірі Уағиса МҰХТАРОВА – 1917 жылы дүниеге келген. 1937 жылы майданда хабар-ошарсыз кеткен Қыдырқожа Жұмабековке тұрмысқа шыққан. Қазір Құрманғазы ауданының Асан ауылында келінімен бірге тұрады.

Екатерина АБСАТЫРОВА – Мордовияда дүниеге келген. Сәби шағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фин концлагерінде тұтқында болған. Соғыстан кейін Вагаф Абсатыровпен шаңырақ көтеріп, үш баланы дүниеге әкелген. Қазір Атырауда тұрады.

Биыл соғыс ардагерлеріне Жеңіс күнінде 300 мың теңгеден көмек төленеді. Тыл еңбеккерлері мен «ауғандықтар» 100 мың теңгеден алады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 80 млн теңге бөлінген.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

8 мамыр 2019, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.