Атырау, 24 қараша 23:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шатырды жөндеуге қаржы жоқ

Сурет Бейнежазба
4 053 просмотра

Биыл 3 мамырда Құрманғазы ауданы Орлы ауылындағы Н. Манаев атындағы орта мектептің шатыры дауылды желдің әсерінен ұшқан еді. Арада екі аптаның үстінде уақыт өтсе де, шатыр сол күйінде жатыр.

Басты мәселе, шатырды қалпына келтіретін ешкім жоқ. Бұдан 40 жыл бұрын салынған 464 орындық осы мектепте былтыр күрделі жөндеу басталып, мердігер «ЭкспрессСтрой» ЖШС өз жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмай, экономикалық сот оны жосықсыз деп таныды. Мектеп директоры Наурызбек ЖАМАНҒАРИННІҢ айтуынша,  шатырды қалыпқа келтіруге 5 млн теңге қаржы керек. Аудандық әкімдік бұл қаржыны іздеп жатыр екен. Ал әзірге мектеп «таз кепеш» қалпында тұр.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен видеоны түсірген автор           

21 мамыр 2019, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.