Атырау, 24 желтоқсан 04:37
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Облыстық әкімдік алдында полицейлер мен «азаматтық киімдегілер» көп болды

Сурет
4 503 просмотра


11 маусымда кешкісін Атырауда облыстық әкімдік ғимаратының алдындағы Сұлтан Бейбарыс алаңында полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқарды. Олардан басқа алаңда облыстық әкімдік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті және прокуратура қызметкерлері болды. Сондай-ақ, ағаштардың жанында азаматтық нөмірлері бар «Газель» көліктері де тұрды.

Полицейлер алаңда кешкісін әдеттегіше серуендеп жүрген қала тұрғындарының жеке бастарын тексере бастады (бұрын-соңды мұндай болған жоқ), бірақ оларға «АЖ» тілшісі өзін таныстырғаннан кейін олар тексеруді тоқтатты.



Жас жігіт пен қыз Сұлтан Бейбарыс ескерткішін ұялы телефон камерасына түсіріп жатты. Сол кезде оларға екі полицей жақындап барып, жеке бас куәліктерін көрсетуді талап етіп, әйтпесе қалалық полиция басқармасына алып кететіндерін айтты. Аслан есімді жігіт полицейден қызметтік куәлігі мен жедел-алдын алу шарасы туралы бұйрықты көрсетуді сұрады:

- Жасымыз 18-ден асты, енді өз қаламызда серуендей алмаймыз ба?

Осыдан кейін полицейлер қызметтік куәліктерін көрсетті. Бірақ жастар өз ЖСН-дерын атаудан бас тартып, болған жағдайды бейнежазбаға түсіре бастады. Азаматтық киімдегі адамдардың бірі қыздың түсіріп жатқан бейнежазбасын өшірмек болды, бірақ онысынан ештеңе шықпады.



Оларға серуендеп жүрген бірнеше адам жақындады. Сәл кейінірек бұл жерге облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан БИСЕМБИЕВ, жергілікті полиция қызметінің басшысы Әлібек ҚАЙЫРОВ келді. Жасұлан Бисембиев:

- Бүгін әлеуметтік желілерде рұқсат етілмеген митингке шақырған үндеулер болғанын білеміз. Бұл заңсыз. Егер азаматтар митинг өткізгісі келсе, оны жергілікті атқарушы органдармен келісуі тиіс. Сіз («AЖ» тілшісіне қарап) бұл жастардың ниеттері қандай екенін білмейсіз ғой? Біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

- Бұл сайлаумен байланысты ма?

- Жоқ.

Жастар босатылды, полицейлер 10 минутта алаңнан ғайып болды, содан соң қайта пайда болды. «АЖ»-ға белгілі болғандай, кеше түсте әлеуметтік желілерде кейбір пайдаланушылар Успен соборының маңына жиналып, сайлау туралы өз пікірлерін білдіретіндіктері туралы жазысқан. Бірақ ол жерге ЖПҚ-ның арнайы екі көлігі қойылғаннан кейін Сұлтан Бейбарыс алаңында кешкі сағат 9-да жиналу ұсынысы болған. Бүкіл Қазақстан бойынша 11 маусымда сағат 16-дан бастап мессенджерлерге кіру мүмкін болмады. Атап айтсақ, WhatsApp пен Telegram жұмыс жасамады.



Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

12 маусым 2019, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.