Атырау, 24 қараша 20:29
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ТШО Украинаға газ жеткізуді жалғастырады

2 442 просмотра


Осы аптада 1 маусымнан бастап Украинаға қарсы Ресей санкциясының күшіне енуіне байланысты туындаған үзілістен кейін ТШО осы елге сұйытылған газ жеткізуді жалғастырады.

Бұл туралы халықаралық Аргус Медиа тәуелсіз баға агенттігі хабарлады. Сайтта көрсетілгендей, маусым мен шілде айларына ресейлік тараптан барлық қажетті мақұлдау құжаттары алынған. Оның үстіне, украиндық трейдерлер 6 маусымда ТШО-ның таяу күндері «Ресей темір жолымен» (РТЖ) бірқатар мәселелерді келісіп алғаннан кейін жүк жөнелтуге кірісетіні туралы хабар алғандарын мәлімдеп, бұл ақпаратты растады.

Трейдерлердің хабарлауынша, «Теңізшевройл» өткен аптаның аяғында украиндық клиенттерге маусым айына жаңартылған жүк тасымалдау жоспарын жолдаған.

Олардың деректеріне сәйкес, маусым айында ТШО Украинаға 20 мың тонна газ жөнелтеді, бұл мамыр айымен салыстырғанда 20%-ға аз.

Сұйытылған газды жөнелту РТЖ Қазақстаннан Украинаға транзиттік тасымалдауды мақұлдаудан бас тартқаннан кейін 24 мамырда тоқтатылды. РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевтің 18 сәуірде қол қойған №460-25 қаулысына сәйкес, 1 маусымнан бастап өнімді Украина нарығына жөнелту үшін РФ Экономикалық даму министрлігінің рұқсаты қажет.

Мамырдың аяғында бұл құжатты «Роснефть» пен «Лукойл» компаниясы алған. Трейдерлердің ақпараты бойынша, ТШО-ға да осы ведомствоның рұқсаты қажет болған.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

10 маусым 2019, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.