Атырау, 24 қараша 20:35
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мақатта су резервуарына мәдени орталық салынады

3 227 просмотра


Атырауда құны 3,8 млрд теңге болатын киноконцерт залының құрылысы аяқталар емес. Ал Мақат ауданында 154 миллион теңгеге «концерт-көрме» залының құрылысын қолға алған. Мәдени нысан сыйымдылығы бірнеше мың текше метр болатын, пайдаланылмай тұрған ауыз суға арналған резервуардың ішіне салынады.

Бір кездері Мақат ауданы орталығында сумен қамтушы мекеме таратылғаннан кейін алып «бөшкенің» бірін жеке кәсіпкер жекешелендірген болатын. Ал жылдар өткен соң кәсіпкер оны мемлекетке тегін қайтарды. Енді әкімдік резервуардың ішінде жастар орталығын, өлкетану музейін және көрме залын қатарынан орналастыруға шешім қабылдаған.

Жоба бойынша диаметрі 21 метр (биіктігі 14,5 метр) болатын дөңгелек металл қаңқаның сырты қайыршақтаспен қапталады, ішін газ бетон блогымен бөледі, металл пластикті терезелер үшін ойық жасалады. Құрылым үш қабатты: бірінші қабатында жастар орталығы (сахнасы мен гримдеу бөлмесі, шағын театры, үстел теннисіне арналған бөлме, бірер кабинеттері бар), екінші қабатта – шағын музей, үшінші қабатта көрме залы болады.



Мұндай нысан біздің өңірде, бәлкім, бүкіл Қазақстанда алғаш рет салынып отырған шығар. Бірақ ТКШ аудандық бөлімінің басшысы Ерлан МУСИННІҢ басшылығымен нысанға тапсырыс  беруші мекеме дау-дамай тудырмауды өтінді: барлық қауіпсіздік шарттары сақталған, жоба мемлекеттік сараптамадан өткен. Мердігер тендер арқылы анықталады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 мамыр 2019, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.