Атырау, 6 желтоқсан 18:01
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Басқа жаңалықтар

Алғашқы қар және жоғалған балықшылар Басқа жаңалықтар

Алғашқы қар және жоғалған балықшылар

4 желтоқсанда Атырауда алғашқы қар жауды. Қалалықтардың әлеуметтік желідегі парақшалары суреттер мен құттықтауларға толып кетті. Таксистер бірден бағаны көтере қойды, коммуналдық қызметтер көшелерді тазалауды бастады, ал, полицейлер қозғалысты реттеуге шықты. Сурет 5 желтоқсан 2019, 17:27 5 116 рет қаралды
АМӨЗ-дің «көрінбейтін» орманы, ТШО-ның қураған көшеттері және басқа да экожобалар Басқа жаңалықтар

АМӨЗ-дің «көрінбейтін» орманы, ТШО-ның қураған көшеттері және басқа да экожобалар

Жақында Атырауда НКОК, ТШО және АМӨЗ компанияларының өкілдері жұртшылықпен кездесу өткізді. Табиғат пайдаланушылар экологиялық ортаны қорғау бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Осындай форматта өткізілген шараға арнайы қатысу үшін Экология министрлігінің экологиялық реттеу және қадағалау комитетінің төрағасы Зұлфұхар ЖОЛДАСОВ келді. Сурет 5 желтоқсан 2019, 14:36 3 629 рет қаралды
Базардағы саудагерлер енді не істемек? Басқа жаңалықтар

Базардағы саудагерлер енді не істемек?

Мақат ауданына қарасты Доссор кентіндегі «Айгүл», «Анар» шағын базарларында сауда жасайтын елуге тарта жеке кәсіпкер әкімдік кеңсесіне жиналып, сатылатын әр тауарға сертификат талап етіп, болмаған жағдайда үлкен айыппұл салуға қатысты наразылық білдірді. Бішкек пен Алматыдан Қытайда өндірілген тауарларды көтеріп сатуға әкелетін жергілікті саудагерлерде бұл қағаз қайдан болмақ? Биліктің бір-ақ жауабы бар: заң орындалуы керек. «АЖ» тілшісі істің мән-жайын пайымдап көрді. Сурет Бейнежазба 5 желтоқсан 2019, 12:08 5 648 рет қаралды
Ойыншықтар еліндегі балабақша Басқа жаңалықтар

Ойыншықтар еліндегі балабақша

Болып жатқан оқиғаларды естеліктерім мен сезімдерім арқылы өз басымнан өткергендей боламын. Осы үшін де жұмысымды жақсы көремін. Бұл жолы да өткен күннің сағынышы бойымды кернеп кеткен еді. Сурет 4 желтоқсан 2019, 15:30 9 789 рет қаралды
Кәріз жүйесі жоқ мектепте әжетхана қалай болмақ? Басқа жаңалықтар

Кәріз жүйесі жоқ мектепте әжетхана қалай болмақ?

Жуырда Тараз қаласында мектеп жанындағы әжетханада болған жантүршігерлік оқиға – оқушы қыздың зорлануы - ешкімді бей-жай қалдырмады. Осыдан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ мектеп сыртында орналасқан әжетханаларды жою жөнінде шұғыл тапсырма берді, алайда мұны барлық жерде орындау мүмкін емес сияқты. «АЖ» тілшісі Индер ауданындағы бірнеше мектепті аралап қайтты.  Сурет Бейнежазба 4 желтоқсан 2019, 14:20 10 527 рет қаралды
Нұрлан Ноғаев: «Бізге сенбейді, міне, мәселе қайда?» Басқа жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев: «Бізге сенбейді, міне, мәселе қайда?»

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңір кәсіпкерлерімен дәстүрлі «галстуксыз» кездесу өткізді. Бұл жерде, әрине, тиісті ведомство басшысының кезекті баяндамасы емес, нақты жұмыс істейтін бизнесмендердің күнделікті мәселелері мен өзекті сұрақтары қызықты болды. Сурет 4 желтоқсан 2019, 10:57 4 068 рет қаралды
Апат салдарынан Қашағандағы өндіріс көлемі екі есе төмендеді Басқа жаңалықтар

Апат салдарынан Қашағандағы өндіріс көлемі екі есе төмендеді

Қашаған кен орнында тәуліктегі мұнай өндіру көлемі теңіз кешеніндегі жоспардан тыс жөндеу жұмыстарына байланысты тәулігіне 400 мың баррельден 220 мыңға дейін төмендеді. Толықтырылды 3 желтоқсан 2019, 15:53 4 101 рет қаралды
Жылу орталығындағы апат билік айтқаннан да күрделі секілді Басқа жаңалықтар

Жылу орталығындағы апат билік айтқаннан да күрделі секілді

Жылу электр орталығындағы апат салдарынан Атырау облысы тұрғындарының жартысына жуығы, соның ішінде облыс орталығы, сонымен қатар ірі мұнай кен орындары жарықсыз қалды. 3 желтоқсан 2019, 13:07 3 495 рет қаралды
Резерваттағы өрт мемлекетаралық дауға ұласты ма? Басқа жаңалықтар

Резерваттағы өрт мемлекетаралық дауға ұласты ма?

Қазақстандық және ресейлік БАҚ-тар хабарлағандай, Ресей Федерациясы Астрахан облысының Красноярск, Нариманов және Енотаев аудандарының тұрғындары Атырау облысы аумағынан шыққан түтін мен күйік иісіне шағымданған. 2 желтоқсанда ТЖД, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған комиссия Атырау облысы Құрманғазы ауданының шекара аймағына барды. 3 желтоқсан 2019, 11:06 3 653 рет қаралды
Атырауда екі жасар сәби 3-қабаттағы терезеден құлап кетті Басқа жаңалықтар

Атырауда екі жасар сәби 3-қабаттағы терезеден құлап кетті

"АЖ"-ға белгілі болғандай, 22 қарашада Атырауда Драма театры маңындағы үйлердің бірінде 2 жасар қыз 3-қабаттағы терезеден құлап кеткен. Бағына орай, сәби тірі қалып, түрлі жарақаттармкен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. 2 желтоқсан 2019, 12:53 4 209 рет қаралды
Қарызы бар нысан ешкімге керек емес Басқа жаңалықтар

Қарызы бар нысан ешкімге керек емес

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы Экология департаментінің ұйғарымын (соған сәйкес «Атырау су Арнасы» КМК өткен жылы Жайықта балықтың қырылғаны үшін 30 миллиард теңге экологиялық залал төлеуі тиіс) растағаннан кейін, «Диар и Компания» ЖШС одан бұрын жасалған сенімгерлік басқару туралы келісімді бұзу туралы шешім қабылдады. Дегенмен, жергілікті билік кәсіпорынды жеке қолға беруге үміттеніп отыр. Алайда бұл жоғары сот «АСА»-дан үлкен қаржылық «айыппұлды» алып тастаған жағдайда ғана мүмкін болатыны анық. 2 желтоқсан 2019, 14:34 3 602 рет қаралды
Нұрсаяға арналған жабдықтар Басқа жаңалықтар

Нұрсаяға арналған жабдықтар

Мемлекеттік сатып алу сайтында арнайы техникаларды сатып алу бойынша өткізілген тендер туралы ақпарат жарияланды. 22,7 млн теңгеге самосвал, 39,4 млн теңгеге бульдозер және 140,8 млн теңгеге 2 «шаңсорғыш» машинасы сатып алынды. «АЖ» сауалына қала әкімінің орынбасары Жұмабек ҚАРАЖАНОВ бұл техниканың негізінен Нұрсая ықшам ауданын қамтитын «Атырау қаласының тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-не арналғанын хабарлады.  2 желтоқсан 2019, 12:40 3 806 рет қаралды
Түрмедегі той Басқа жаңалықтар

Түрмедегі той

...Алтын неке жүзігінің орнына бижутериялық жүзік, куәгерлер орнына түзету колониясының қызметкерлері, бал айы үшін ұзақ мерзімді (екі тәулік) кездесу: 29 қарашада Атырау колониясында жазасын өтеп жатқан Татьяна Вадиммен некесін қидырды.  Сурет Бейнежазба 1 желтоқсан 2019, 15:37 6 259 рет қаралды
Атыраудың сол жақ жағалауы жарықсыз қалды Басқа жаңалықтар

Атыраудың сол жақ жағалауы жарықсыз қалды

Қыстың алғашқы  күні түске дейін Атыраудың сол жақ жағалауының басым бөлігінде ЖЭО орын алған - №4 турбинаның апатты ақауы салдарынан электр қуатын беру тоқтатылды. Турбина 20 минуттан соң іске қосылды.   1 желтоқсан 2019, 14:35 4 029 рет қаралды
Наразылықтың символына айналған екі сиыр Басқа жаңалықтар

Наразылықтың символына айналған екі сиыр

Біздің қоғам азаматтық бастамалар арқылы бүкіл еліміз үшін ең маңызды реформаларға қол жеткізе ала ма?  Алмытада өткен азаматтық бастамалардың «Real Haq Alany» жалпыұлттық конгресінің ұйымдастырушылары бұған сенімді. «Біз өз елімізден кеткіміз келмейді және талантты жастарымыздың да кеткенін қаламаймыз. Демек, ол үшін жақсы өмір сүріп, жұмыс жасау үшін барлық жағдай жасалуы керек», - дейді азаматтық бастамалар коалициясының өкілдері. Бәрі дұрыс. Бірақ ұйымдастырушылардың бейкүнә перфоманстары биліктің шамбайына тиіп, тыйым салуы көңілге кірбің ұялатады.     Сурет 29 қараша 2019, 19:35 5 231 рет қаралды
Сатушы болып жұмысқа кіріп, дүкеннен ақша ұрлаған Басқа жаңалықтар

Сатушы болып жұмысқа кіріп, дүкеннен ақша ұрлаған

«АЖ»-ға белгілі болғандай, Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері 6 ұрлық жасады деген күдікпен қала маңындағы Жұмыскер ауылының 16 жастағы тұрғыны Б.Д.-ны ұстады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, ол азық-түлік дүкеніне сатушы болып жұмысқа тұрып, біраз уақыттан кейін бір күндік табысты алып, ғайып болып отырған. Солай алты рет ұрлық жасаған. 29 қараша 2019, 17:54 3 689 рет қаралды