Атырау, 6 желтоқсан 16:03
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Басқа жаңалықтар

«28 желтоқсанда корпоратив кештерін өткізуге бола ма? Өздеріңіз шешіңіздер» Басқа жаңалықтар

«28 желтоқсанда корпоратив кештерін өткізуге бола ма? Өздеріңіз шешіңіздер»

«АЖ» тілшісіне Атырау  қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек НАУАРОВ қоңырау шалды. Оның айтуынша, күні бұрын 28 желтоқсанға жоспарланған жаңа жылдық корпоратив кештеріне қатысты сауалдар көптеп түсіп жатқан көрінеді. Бұл күнді -  өздеріңіз білесіздер мемлекет басшысы Алматы маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды жалпы ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. 29 желтоқсан 2019, 14:22 3 455 рет қаралды
Әуе апатынан соң: Адамдар  Bek Air рейстеріне билет тапсыра алмай жатыр Басқа жаңалықтар

Әуе апатынан соң: Адамдар Bek Air рейстеріне билет тапсыра алмай жатыр

Bek Air әуе компаниясының түрлі рейстеріне билет сатып алған Атырау тұрғындары Атырау халықаралық әуежайында әуе компаниясы кассасының алдында билеттерін тапсырғалы тұр. Өйткені, тасымалдаушының қызметі Алматы маңындағы ұшақ апатының себебі анықталғанша тоқтатылған болатын. 29 желтоқсан 2019, 16:12 3 384 рет қаралды
Сыйлықты алсаң, айыппұл тағылады Басқа жаңалықтар

Сыйлықты алсаң, айыппұл тағылады

Атырау облысында шенеуніктерге шарап, виски картиналар мен тәттілер және басқа да сыйлықтар беріледі. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметшілер арнайы қорға 25 сыйлықты тапсырды, олардың бағалау құны 320 мың теңгені құрады.  27 желтоқсан 2019, 17:25 5 303 рет қаралды
Атырау университеттерінде жаңа ректорлар Басқа жаңалықтар

Атырау университеттерінде жаңа ректорлар

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры болып осы университеттің ғылым жөніндегі проректоры болған Саламат ІДІРІСОВ тағайындалды деген ақпарат пайда болды. 26 желтоқсан 2019, 23:39 6 922 рет қаралды
Бюджеттік ұйымдар үшін жылу тарифі өсті Басқа жаңалықтар

Бюджеттік ұйымдар үшін жылу тарифі өсті

18 желтоқсанда табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департамент «Атырау ЖЭО» АҚ жылу энергиясын тұтынушылар тобы бойынша сараланған тарифті бекітті. «Жеке тұлғалар» санаты бойынша тарифтер бұрынғыша қалды.  Департамент «заңды тұлғалар» санатын екі санатқа: «бюджеттік ұйымдар» және «басқа тұтынушылар» деп өзгертті. Сөйтіп олар үшін жаңа тарифтерді бекітті. Нәтижесінде тариф 3-тен 10% дейін артты.   26 желтоқсан 2019, 16:13 3 447 рет қаралды
Жылы аялдама қараңғы түсе жабылады Басқа жаңалықтар

Жылы аялдама қараңғы түсе жабылады

Бұған дейін «АЖ» хабарлағандай, Атырауда қала көшелерін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстарымен қатар жеті жылы аялдама орнатылған еді. Жылы әрі жайлы аялдамаларда, тіпті, телефоныңызды да қуаттандырып алуға мүмкіндік жасалған. Алайда кейбір атыраулық «тентектер» ондағы орындықтар мен әйнектерін сындырып үлгеріпті. Қалалық ТКШ бөлімі сол себепті кешкі және түнгі уақыттарда, дәлірек айтқанда сағат 20:30-дан 7:00-ге дейін жылы аялдамаларды жабу туралы шешім қабылдады. 26 желтоқсан 2019, 12:23 4 440 рет қаралды
Қырылған балық үшін екі жарым жыл жаза алды Басқа жаңалықтар

Қырылған балық үшін екі жарым жыл жаза алды

№2 Атырау қалалық сотында өткен жылдың желтоқсан айында Жайықта балықтың жаппай қырылуына қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды. Сотталушының үшеуіне де бас бостандығынан айыратын жаза тағайындалды. Сурет Бейнежазба 25 желтоқсан 2019, 19:07 4 514 рет қаралды
Ноғаевтың соңынан: Қарағаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды Басқа жаңалықтар

Ноғаевтың соңынан: Қарағаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Нұрлан Ноғаевтың тұсында Атырау облысы әкімінің орынбасары болған Жұмабай ҚАРАҒАЕВ үкімет қаулысымен энергетика вице-министрі болып тағайындалды.   25 желтоқсан 2019, 18:01 5 759 рет қаралды
«АМӨЗ тоғаны шегіндегі Жайық суы нормативке сәйкес» Басқа жаңалықтар

«АМӨЗ тоғаны шегіндегі Жайық суы нормативке сәйкес»

19 желтоқсанда өлген балықтар табылған Жайық өзеніндегі Атырау мұнай өңдеу зауыты тоғаны суынан 18-20 желтоқсан аралығында алынған сынама ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сараптама орталығының зертханасында зерттелді. Су санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай деген қорытынды шығарылды. Бұл туралы Атырау облысы тауар және қызмет қауіпсіздігі және сапа департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ хабарлады. Толықтырылды 25 желтоқсан 2019, 09:56 3 087 рет қаралды
Атырауда президент шыршасы өтті Басқа жаңалықтар

Атырауда президент шыршасы өтті

Бүгін, 24 желтоқсанда, Салтанат сарайында балаларға арналған дәстүрлі президент шыршасы жаңа жылдық кеші ұйымдастырылды. Шараға қала мен аудандардан 350 бала - аз қамтылған жанұяның балалары, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар және әр салада жетістікке жеткен үздік оқушылар қатысты.  Сурет 24 желтоқсан 2019, 17:36 3 922 рет қаралды
Полицейлер тікұшақпен мотоцикл мінген браконьерлерге жете алмады Басқа жаңалықтар

Полицейлер тікұшақпен мотоцикл мінген браконьерлерге жете алмады

Әлеуметтік желіде атыраулық браконьерлер түсірген бейнежазба пайда болды. Онда оларды жоғарыдан Ми-8 тікұшағы үстерінен төніп қуып келеді. Алайда браконьерлер еш қаймықпастан үш аяқты мотоциклдерімен оларға жеткізетін емес. Бейнежазба 24 желтоқсан 2019, 15:04 7 421 рет қаралды
«Қырыққұдыққа» су керек Басқа жаңалықтар

«Қырыққұдыққа» су керек

Мақат ауданы Доссор кентінің айналасы мал бағуға ыңғайсыз сорлы жер болғандықтан кейбір тұрғындар малдарын 20 шақырым жердегі «Қырыққұдық» қыстағында бағып отыр. Кезінде қырық құдығы болған жердің қазір суы тартылып, шаруалар қиын жағдайда қалған. «АЖ» тілшісі малшылардың шақыруымен осы қыстақта болып қайтты.  Сурет Бейнежазба 24 желтоқсан 2019, 14:07 7 779 рет қаралды
Ұры алыстан келмепті Басқа жаңалықтар

Ұры алыстан келмепті

Жуырда мал ұрлап, сойып-сатқан деген күдікпен Индер ауданының 23-24 жастағы екі тұрғыны ұсталды.  Олар Индер ауданында 8 бас, ал Махамбет ауданында 2 ірі қараны бөлшектеп сойып, әртүрлі бағаға сатқандығы анықталды. 24 желтоқсан 2019, 10:13 3 974 рет қаралды
Атырауда «Спорттық жүлде – 2019» иелері марапатталды   Басқа жаңалықтар

Атырауда «Спорттық жүлде – 2019» иелері марапатталды

«Жайық» спорт кешенінде өткен марапаттау рәсімі тура «Оскар» сыйлығын табыстау салтанындай ұйымдастырылған. Кеш қонақтары әдеттегі кимоно, кроссовкалармен емес, смокинг пен жылтыраған кеш көйлектерімен келген. Арнайы шақырылған қонақтар, көпшілігі олимпиада чемпиондары, әділқазылар алқасының шешімі жазылған қағазды конверттен әдейі асықпай шығарып, көпшілікті аузына қаратты. Номинация жеңімпазына бас мүсін, атақсыз қалған екі үміткерге басқа сыйлықтар тапсырылды. Кештің сәні ән мен биге ұласты. Сурет Бейнежазба 23 желтоқсан 2019, 17:49 4 999 рет қаралды
Облыстық прокуратурада бизнесті қорғайтын мобильдік топтар құрылды Басқа жаңалықтар

Облыстық прокуратурада бизнесті қорғайтын мобильдік топтар құрылды

Атырауда облыс прокуратурасы жанынан мобильдік топтар құрылды. Олардың міндеті – бизнесмендердің құқығы бұзылып, заңды кәсіпкерлік іспен айналысуына кедергі келтіру туралы жазған арыздарына жедел түрде назар аударып, әрекет ету. Бұл топтар президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын бизнесті 3 жыл мерзімге тексеруден босату туралы тапсырмасынан кейін пайда болды. 23 желтоқсан 2019, 16:14 2 639 рет қаралды
Атырау-Ақтөбе трассасында болған көлік апатында екі адам қаза болды Басқа жаңалықтар

Атырау-Ақтөбе трассасында болған көлік апатында екі адам қаза болды

21 желтоқсанда таңертең Атырау-Ақтөбе трассасының Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылы тұсында Toyota Land Cruiser мен  Lada Priora көліктері бетпе-бет соғысты. Апат салдарынан екі адам қаза болып, 6 адам ауыр жарақат алды. Толықтырылды Сурет 22 желтоқсан 2019, 13:05 15 137 рет қаралды
Атырауда жемқор полицейге айыппұл салынды Басқа жаңалықтар

Атырауда жемқор полицейге айыппұл салынды

№2 қалалық соты Атырау полициясы басқармасының тергеу анықтаушысына қатысты үкім шығарды. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган қызметкерлері жергілікті тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 40 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұстаған болатын. 23 желтоқсан 2019, 12:08 3 947 рет қаралды