- Стахановшылар көшесіндегі көп қабатты үйлерді күреу жоспарда бар ма және қандай уақытта?
Ерлан, Атырау қаласы.
Қала әкімінің міндетін атқарушы Ринат ЖАНГЛИШОВ жауап береді:
- Атырауда қазір апатты жағдайда тұрған көпқабатты 83 үй күрелу керек. Көбі 2 және 3 қабатты үйлер. Олардың ішінде 44 апатты, 27 тозығы жеткен және санитарлық нормаға сәйкес келмейтін 12 жатақхана бар. Апатты үйлер жаңа үйлердің салынуына байланысты қалалық тұрғын үй комиссиясының шешіміне сәйкес сүріледі. Бұзылатын үйлердің тізімінде Стахановшылар көшесіндегі №1а, 2б, 3а, 4 көпқабатты тұрғын үйлер енгізілген. Бірақ әлі шешім қабылданған жоқ.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ