Атырау, 27 қараша 08:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қытайлар Қашағанда газ өңдеу зауытын салады

Толықтырылды
3 288 просмотра


Қытайлық China Oil HPB Science & Technology компаниясы Қашаған кен орнында құны 242 млн долларға қуаты 1 млрд текше метр табиғи газ өңдеу зауытының құрылысына тендер жариялады. Бұл туралы компания 14 қаңтарда хабарлады.

Қазақстанда табиғи газ тұтынудың өсуіне байланысты жаңа газ өңдеу зауыты салынады деген хабарлама 2019 жылғы қыркүйек айының соңында пайда болды.

Құрылыстың алғашқы кезеңі 2 жылға есептелген. Бұл мерзім ішінде HPB жобаның толық дизайнын және барлық жабдықтарды, сондай-ақ жабдықты монтаждау және зауытты пайдалануға беру жөніндегі нұсқаулықты ұсынатын болады. Екінші кезеңде зауыттың қуаты жылына 4 млрд текше метрге дейін артады.  

Сәл кейінірек China Oil HPB Science & Technology компаниясы 2018 жылы Ақтөбе облысындағы Қожасай кен орнында ілеспе мұнай газын кәдеге жарату және өңдеу зауытын салған «Gas Processing Company» ЖШС-мен келісімшарт жасады деген ақпарат пайда болды.

15 қаңтарда кешке қарай Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі шарт жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, қазіргі уақытта осы жоба бойынша барлық мәселелер қаралу сатысында екенін, бұл ретте ешқандай уағдаластық және келісімшарттар жасалмағанын атап өтті.

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі (Қашаған ГӨЗ салу бойынша жұмыс тобы ҚР ҰЭ министрлігі жанынан құрылған) және ҚР Энергетика министрлігінің үйлестірумен Қашаған газ өңдеу зауытын салуға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Бұл маңызды жоба Қашаған кен орнынан 1 млрд текше метр шикі газ өңдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде еліміз бағалы экспорттық ресурс – тауарлық газдың қосымша көлемін ғана алмайды, сонымен қатар Қашаған стратегиялық кен орнында мұнай өндіруге шектеуді алып тастайды. Бүгінгі күні жобалау құжаттамасы әзірленіп жатыр. Жобаның технологиялық күрделілігіне байланысты әртүрлі өндірушілерден жабдық қажет етіледі. Жоба мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін және барлық шарттарды келіскеннен кейін алда құрылысты, жабдықты жеткізушіні таңдауды, материалдарды таңдауды және т.б. қамтитын жобаны іске асыру тұр», - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Біз China Oil HPB Science & Technology компаниясының Қазақстандағы өкілімен байланысқа шықтық. Ол бұл ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармай, жақын арада бәрі белгілі болатындығын айтты.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

15 қаңтар 2020, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.