Атырау, 3 тамыз 18:07
 дождьВ Атырау +33.7
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Басқа жаңалықтар

​Құрметті "АЖ" оқырмандары! Басқа жаңалықтар

​Құрметті "АЖ" оқырмандары!

12 желтоқсанда жарыққа шығатын газеттің 16-бетінен Aqua Town аквапаркіне жеңілдікпен шектеусіз кіру купонын таба аласыз. Демалыс күндері аквапаркқа купонмен кіру - күні бойы шектеусіз пайдалану жеңілдігімен балалар үшін 3500 теңгенің орнына 2500, ересектер үшін 5000 теңгенің орнына 3500 теңге төлеу. Аквапаркке осы ай бойы жеңілдікпен кіре аласыз. 11 желтоқсан 2019, 15:48 3 080 рет қаралды
Құлаған көше шамы жолына кедергі болмады Басқа жаңалықтар

Құлаған көше шамы жолына кедергі болмады

Атырау әкімшілік сотында Атырау қаласының маңында «Volvo» жүк көлігімен бұрылған кезде көше шамының бағанасын құлатып, Атырау-Астрахан жолымен сапарын жалғастырған 37 жастағы түрік азаматына қатысты шешім шығарылды. 11 желтоқсан 2019, 11:18 5 561 рет қаралды
Атырауда қала маңындағы үйлердің бірінен үш адамның мүрдесі табылды Басқа жаңалықтар

Атырауда қала маңындағы үйлердің бірінен үш адамның мүрдесі табылды

Бүгін, 10 желтоқсанда, Атырау қаласы маңындағы Жұлдыз ықшамауданы үйлерінің бірінде екі ер адам мен бір әйел адамның өлі денесі табылды. Толықтырылды 10 желтоқсан 2019, 23:08 9 666 рет қаралды
"Айтпақшы, біздің әкім кім еді?" Басқа жаңалықтар

"Айтпақшы, біздің әкім кім еді?"

Мақат ауданына қарасты Доссор кентінің мыңға жуық тұрғыны бар «Бірлік» ықшамаудаyын орталықпен темір жол бөліп тұр және бұл өркениеттен бөліп тұрған шекара іспеттес. Мұнда көлік жүретін жол жоқ, автобус қатынамайды, таксилер келмейді, көшелер жарықтандырылмаған. Тез ауысатын Доссор кенті әкімдері жол, жарық, су мәселелерін шешуге уәде бергенімен, жасауға үлгере алмай қалатын сияқты. Сурет Бейнежазба 10 желтоқсан 2019, 11:24 6 226 рет қаралды
Жедел жәрдем көліктері көбейеді Басқа жаңалықтар

Жедел жәрдем көліктері көбейеді

Жаңа жылдың басында реанимобиль паркі жаңа көліктермен толықпақшы – бұл туралы «АЖ»-ға  «Атырау облыстық жедел медициналық көмек станциясы» КМҚК  директоры Ерлан СҮЙЕУҒАЛИЕВ хабарлады. 9 желтоқсан 2019, 12:53 5 456 рет қаралды
Астрахан-Маңғышлақ су құбыры күрделі жөндеуден өтпек Басқа жаңалықтар

Астрахан-Маңғышлақ су құбыры күрделі жөндеуден өтпек

«ҚазМұнайГаз» ҰК және  Еуразиялық даму банкі Астрахан-Маңғышлақ магистральдық су құбырын қайта жаңғыртуды қаржыландыру туралы келіссөздер жүргізуде. Техникалық-экономикалық негіздеме 2020 жылдың көктемінде дайын болады және жоба құны сол кезде анықталады. Аталмыш су құбырына қызмет көрсететін  «Магистральдық суағызғы» ЖШС  қайта жаңғырту кезеңінде кәсіпорындар мен елді мекендерге су беруде кідіріс болмайды деп сендірді. 9 желтоқсан 2019, 12:07 6 329 рет қаралды
Сергек қосылмаса да, үздік үштікте Басқа жаңалықтар

Сергек қосылмаса да, үздік үштікте

Қазір Атырауда 759 сыртқы бейнебақылау камералары жұмыс істейді – олардың саны бойынша мұнайлы астана елорда мен Өскеменнен кейін үшінші орында тұр (Алматы - төртінші орында). Камералар арқылы жыл басынан бері 30 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (барлық әкімшілік қылмыстардың 30%-ы жолға қатысты) және 60 қылмыстық іс ашылды. Бұл аз көрсеткіш болмаса да, прокуратураның көңілі толмай отыр, олар жағдайды талдап, қазіргі заманғы құрал-жабдықтар жеткілікті түрде тиімді пайдаланылмай отыр деп қорытынды шығарды.   9 желтоқсан 2019, 10:44 4 604 рет қаралды
Приораға соққан мотоцикл жүргізушісі қаза болды Басқа жаңалықтар

Приораға соққан мотоцикл жүргізушісі қаза болды

7 желтоқсанда түнгі 01:30 шамасында қала маңындағы Жұмыскер ауылында мотоцикл мен "Lada-21703" автокөлігі соқтығысып, салдарынан 46 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал оның 36 жастағы жолаушысы жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. 22 жастағы «Лада» жүргізушісі медициналық көмекті қажет етпеді. Сурет 8 желтоқсан 2019, 15:07 4 713 рет қаралды
Жаңа пәтерден су кетті Басқа жаңалықтар

Жаңа пәтерден су кетті

Береке ықшамауданындағы жаңа берілген көп пәтерлі үйде су құбыры жарылып, бірнеше пәтерге су кеткені бейнеленген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Дымқыл дақ, тіпті, үйдің қасбетінен анық көрініп тұр. Бейнежазба 8 желтоқсан 2019, 08:22 4 460 рет қаралды
Жолда қалған әзербайжандық дзюдошылар құтқарылды Басқа жаңалықтар

Жолда қалған әзербайжандық дзюдошылар құтқарылды

6 желтоқсанға қараған түні Исатай ауылының маңында «Атырау-Астрахан» трассасында жол полицейлерінің назарына жол жиегінде тұрған Mercedes Sprinter шағын автобусы ілікті. Оның ішінде Атырауда өтетін дзюдо күресінен халықаралық жасөспірімдер турниріне Әзірбайжаннан келе жатқан 16 жасөспірім мен 3 ересек адам бар екен. Автобус бұзылып, далада тұрып қалған. Бейнежазба 8 желтоқсан 2019, 08:00 4 303 рет қаралды
Білімі сәйкес келмейтін шетелдіктер де жұмыс істеген Басқа жаңалықтар

Білімі сәйкес келмейтін шетелдіктер де жұмыс істеген

Бас прокуратураның ұйғарымы бойынша жүргізілген тексеру барысында 16 кәсіпорында шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың жалақысындағы айырмашылыққа қатысты 109 факт анықталды. Бұл туралы «АЖ»-ға Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ хабарлады. 7 желтоқсан 2019, 14:06 4 088 рет қаралды
Атырау облысында оқушылар мінген көлік апатқа ұшырады Басқа жаңалықтар

Атырау облысында оқушылар мінген көлік апатқа ұшырады

6 желтоқсанда сағат кешкі 19. 50 шамасында «Индер-Атырау» трассасының Бөдене ауылы тұсында ресейлік номерлі Opel Vectra мен Lada Х-Ray автокөліктері соқтығысып, Opel-дің 32 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза болды.    Бейнежазба 7 желтоқсан 2019, 10:26 8 041 рет қаралды
Электр қуаты бір аптадай кезекпен өшіріледі Басқа жаңалықтар

Электр қуаты бір аптадай кезекпен өшіріледі

«Атырау Жарық» АҚ 2019 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында электр энергиясын қоректендіретін орталықтарда ажырату шарасы орын алуы мүмкін екендігін Атырау облысы тұрғындарының қаперіне береді.  6 желтоқсан 2019, 16:43 4 531 рет қаралды
Жәрдемақыға құжат қабылдана береді Басқа жаңалықтар

Жәрдемақыға құжат қабылдана береді

Жақында әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілетін жаңа жәрдемақыны алу үшін көп балалы аналар құжаттарын осы жылдың 5 желтоқсанына дейін тапсырып үлгеруі тиіс деген ақпарат тарады. Соның нәтижесінде ХҚО мен әлеуметтік төлемдерді есептеу орталықтары (бұрынғы МЗТО) адамдарға лық толып, ығы-жығы күйге түсті. Барлығы да үлгеріп қалуға тырысты. 6 желтоқсан 2019, 16:09 5 402 рет қаралды
Куәліксіз жүргізуші полиция бөліміне барудан бас тартты Басқа жаңалықтар

Куәліксіз жүргізуші полиция бөліміне барудан бас тартты

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы Молдағұлова көшесінде жол полицейлерінің бір адамды қарсылығына қарамастан арнайы көлікке күштеп отырғызып жатқаны көрсетілген бейнежазба тарады. Бастапқыда желі қолданушылар іздеуде жүрген қауіпті қылмыскерді ұстап жатыр деп түсінген, ал шын мәнінде ол әкімшілік құқық бұзған болып шықты. Бейнежазба 6 желтоқсан 2019, 12:18 4 131 рет қаралды
Ботахан кен орнындағы оқиға полиция назарын аудартты Басқа жаңалықтар

Ботахан кен орнындағы оқиға полиция назарын аудартты

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 28 қарашада «ДоссорМұнайГаз» МГӨБ-нің Ботахан кен орнында қызметкер тұрғын ғимараттың 2-ші қабатынан құлап кеткен. «АЖ» тілшісі осы оқиғаға қатысты «ЕмбіМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметіне хабарласқан еді. 6 желтоқсан 2019, 11:08 4 441 рет қаралды
Қырылған балық туралы іс: кінәліні тез "тапты" Басқа жаңалықтар

Қырылған балық туралы іс: кінәліні тез "тапты"

№2 қалалық сотында өткен жылдың желтоқсан айындағы Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылуы бойынша сот процесі жалғасуда.  Осы отырыста сотталушылар адвокаттарының өтініштері қаралды. Атап айтсақ, қорғаушы А.Дүсіпов судьядан тергеудің басында алынған мәліметтерді жарамсыз деп тануды сұрады. Себебі, оның пікірінше, бұл деректерді алғанда қылмыстық іс жүргізу заңы бұзылған, яғни, айыптауда пайдаланыла алмайды. 6 желтоқсан 2019, 01:17 5 722 рет қаралды
Атағың шықпаса жер өрте Басқа жаңалықтар

Атағың шықпаса жер өрте

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы Жилгородок ықшамауданында сотқарлыққа тән қылықтарын камераға түсірген екі жасөспірімнің бейнеролигі пайда болды. Балағат сөздер айтқан жас «әзілкештер» тұрған көліктердің үстінен секіріп аттап, әлдебір кеңсенің терезесінен қызметкерлерді келеке етіп, үстеріндегі киімдерін шешіп, төбесінен сүтті ақтара төгіп, түрлі әрекеттер жасайды. Бұлар №8 орта мектептің 16 жастағы оқушылары болып шықты. Бейнежазба 5 желтоқсан 2019, 22:39 4 542 рет қаралды
Алғашқы қар және жоғалған балықшылар Басқа жаңалықтар

Алғашқы қар және жоғалған балықшылар

4 желтоқсанда Атырауда алғашқы қар жауды. Қалалықтардың әлеуметтік желідегі парақшалары суреттер мен құттықтауларға толып кетті. Таксистер бірден бағаны көтере қойды, коммуналдық қызметтер көшелерді тазалауды бастады, ал, полицейлер қозғалысты реттеуге шықты. Сурет 5 желтоқсан 2019, 17:27 5 283 рет қаралды
АМӨЗ-дің «көрінбейтін» орманы, ТШО-ның қураған көшеттері және басқа да экожобалар Басқа жаңалықтар

АМӨЗ-дің «көрінбейтін» орманы, ТШО-ның қураған көшеттері және басқа да экожобалар

Жақында Атырауда НКОК, ТШО және АМӨЗ компанияларының өкілдері жұртшылықпен кездесу өткізді. Табиғат пайдаланушылар экологиялық ортаны қорғау бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Осындай форматта өткізілген шараға арнайы қатысу үшін Экология министрлігінің экологиялық реттеу және қадағалау комитетінің төрағасы Зұлфұхар ЖОЛДАСОВ келді. Сурет 5 желтоқсан 2019, 14:36 3 787 рет қаралды
Базардағы саудагерлер енді не істемек? Басқа жаңалықтар

Базардағы саудагерлер енді не істемек?

Мақат ауданына қарасты Доссор кентіндегі «Айгүл», «Анар» шағын базарларында сауда жасайтын елуге тарта жеке кәсіпкер әкімдік кеңсесіне жиналып, сатылатын әр тауарға сертификат талап етіп, болмаған жағдайда үлкен айыппұл салуға қатысты наразылық білдірді. Бішкек пен Алматыдан Қытайда өндірілген тауарларды көтеріп сатуға әкелетін жергілікті саудагерлерде бұл қағаз қайдан болмақ? Биліктің бір-ақ жауабы бар: заң орындалуы керек. «АЖ» тілшісі істің мән-жайын пайымдап көрді. Сурет Бейнежазба 5 желтоқсан 2019, 12:08 5 843 рет қаралды