Атырау, 23 қараша 20:33
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау-Ақтөбе трассасында болған көлік апатында екі адам қаза болды

Толықтырылды Сурет
14 925 просмотра

21 желтоқсанда таңертең Атырау-Ақтөбе трассасының Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылы тұсында Toyota Land Cruiser мен  Lada Priora көліктері бетпе-бет соғысты. Апат салдарынан екі адам қаза болып, 6 адам ауыр жарақат алды.

«АЖ» деректері бойынша, барлық зардап шеккендер Мақат аудандық ауруханасына жеткізілген. Біреуі – Оңтүстік Корея азаматы.

Атырау облысының Полиция департаменті оқиғаны растап, ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше Мақат дәрігерлеріне көмек көрсету үшін санитарлық авиациямен облыстық аурухананың нейрохирургі мен травматологы жіберілген. Ауыр жарақат алған үш зардап шегуші санитарлық авиациямен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Фархат ӘБІЛОВ

Куәгерлер түсірген суреттер

22 желтоқсан 2019, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.