Атырау, 6 желтоқсан 19:28
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Басқа жаңалықтар

Атырауда алып жүкке жол ашпақ болған электр маманын тоқ соқты Басқа жаңалықтар

Атырауда алып жүкке жол ашпақ болған электр маманын тоқ соқты

Бүгін, 28 қарашада, қала шетіндегі Бірлік ауылының тұсында «АтырауНефтеМаш» ЖШС өндірістік базасынан ірі көлемдегі жүкті тасымалдау кезінде электр маманы жарақат алды: жүктің жүру жолындағы жоғары вольтты желіні ажырату кезінде қатты тоқ соқты. 28 қараша 2019, 20:51 5 723 рет қаралды
Неліктен «Мерседес» жүргізушісі жеңіл жазамен құтылды? Басқа жаңалықтар

Неліктен «Мерседес» жүргізушісі жеңіл жазамен құтылды?

Баймұханов көшесінде жол-көлік апатынан қаза болған жасөспірімнің туыстары мен заңды өкілі тікелей кінәлі - Toyota Camry-50 жүргізушісін ғана емес, қара түсті Mersedes-тің рөлінде отырған адамды да қылмыстық жауапқа тартуды талап етуде. Олар қаланың қозғалысы көп көшесінде өзара жарысып, оның соңы осындай қайғылы жағдайға әкеп соққан еді. Бейнежазба 27 қараша 2019, 17:12 4 927 рет қаралды
Атырау тұрғындарының назарына! Басқа жаңалықтар

Атырау тұрғындарының назарына!

Габаритті емес жүктерді тасымалдау үшін оң жағалаудағы, Вокзал маңындағы және Береке ықшамаудандарындағы орталық жылу пункттерінде электр қуатының ажыратылуына байланысты жылумен қамту жүйелерінде ауа тұрып қалуы мүмкін. 27 қараша 2019, 15:45 3 764 рет қаралды
Мектептегі бейне бақылау және жапқышқа ақша жинау Басқа жаңалықтар

Мектептегі бейне бақылау және жапқышқа ақша жинау

Атырауда өткен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының басты тақырыбы «мектеп» болды. Бұл Таразда мектеп оқушысын көшедегі әжетханада зорлау оқиғасынан кейін заңды шығар. Білім басқармасы басшысының м.а. Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВА бейнебақылау мониторларын қадағалауға арнайы бір қызметкерді отырғызу керек деп ұсыныс айтты. 27 қараша 2019, 10:35 5 258 рет қаралды
Н. Ноғаев: "Қоғамның санасына көңіл аударуымыз керек" Басқа жаңалықтар

Н. Ноғаев: "Қоғамның санасына көңіл аударуымыз керек"

Атырауда облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ төрағалығымен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Жиын барысында Индер, Махамбет аудандарының әкімдері тыңдалып, мал ұрлығы мен балықшы ауыл Жанбай туралы да мәселе көтерілді. Сурет 27 қараша 2019, 10:07 4 287 рет қаралды
Жұқа мұз аңғалдықты көтермейді Басқа жаңалықтар

Жұқа мұз аңғалдықты көтермейді

Қысқы ауа райының қолайсыздығына байланысты ықтимал төтенше жағдайларды жою үшін жеке құрамның 663 қызметкері, 88 қар тазалағыш техника мен басқа да 85 арнайы техника, жол талғамайтын 51 көлік резервке алынды. Бұл туралы Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Асхат ЕРЖАНОВ брифингте мәлімдеді. Бұдан басқа, ол мұз үстімен жүрмеуді ескертті. 27 қараша 2019, 11:51 3 622 рет қаралды
Бір баппен екі іс Басқа жаңалықтар

Бір баппен екі іс

№2 Атырау қалалық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бір күнде екі қылмыстық іс қаралды. 36 жастағы Өзбекстан азаматы мен 33 жастағы Атырау тұрғыны кезекпен айыптау орындығына отырды. Екеуі де сот отырысына дейін бірнеше күн уақытша ұстау изоляторында болды. 27 қараша 2019, 09:46 5 755 рет қаралды
Жұдырығын жұмсаған америкалық кешірім сұрады Басқа жаңалықтар

Жұдырығын жұмсаған америкалық кешірім сұрады

Атырау қалалық әкімшілік соты АҚШ азаматына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша іс қарады. 10 қарашада түн ортасында «Riviera Park Residence» қонақ үй кешенінің жанында 34 жастағы америкалық Майами тумасы мас күйде жергілікті тұрғынмен сөзге келіп, содан соң оны бетінен ұрған. 26 қараша 2019, 16:38 4 201 рет қаралды
«Өзге ұлттан бала көтердің деп ағаларым қуып жіберді» Басқа жаңалықтар

«Өзге ұлттан бала көтердің деп ағаларым қуып жіберді»

Өмірдің қиындығына тап болған ондаған тағдырды бір жерге тоғыстырған бұл «Аналар үйі» кәсіпкерлердің қолдауымен  Атырау облысында бес жыл бұрын ашылған еді.  Бүгінде 16 орынға арналған бұл орталықта 18 бен 28 аралығындағы 9 әйел тұрады. Барар жер, басар тауы қалмаған аналарға пана болған орталық туралы «АЖ» мақаласында.  Сурет 26 қараша 2019, 13:38 6 935 рет қаралды
«Бәріңді өлтіремін!», «Мен үйдемін!» және басқа да түнгі айқай-шу Басқа жаңалықтар

«Бәріңді өлтіремін!», «Мен үйдемін!» және басқа да түнгі айқай-шу

Мас жүргізушілер мен олардың "ұрысқақ" әйелдері, төбелесқорлар, арызданбастан бұрын анықталған ұрлық фактісі - бұл «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шаралары аясында Атырау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге өткізген екі түнгі рейд барысында «АЖ» тілшісі көргендерінің бір бөлігі ғана. Сурет Бейнежазба 26 қараша 2019, 14:12 7 246 рет қаралды
Ескі мерекедегі ерегес Басқа жаңалықтар

Ескі мерекедегі ерегес

Батыстағы төрт облысты қарайтын Ақтөбе гарнизонының әскери сотында атыраулық әскери қызметші Досбол Алмасовқа қатысты ҚР ҚК 106 бабының 3 тармағына (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес үкім шықты. Кісі өліміне әкелген бұл жанжал осы жылдың 23 ақпанында болған еді. 26 қараша 2019, 10:05 4 152 рет қаралды
Полиция ұмытшақтарға да көмектеседі Басқа жаңалықтар

Полиция ұмытшақтарға да көмектеседі

Жыл басынан бері Атырау облысында адамдардың таксиге қалдырған 87 заты иелеріне қайтарылған. Оның ішінде әмиян, ұялы телефоннан бастап, тіпті, той көйлегі де бар екен. Ал бір мұнайлы астана тұрғыны құны миллион теңгеге жақын вазаны полицияның көмегімен кері қайтарып алған. 25 қараша 2019, 15:45 3 158 рет қаралды
Көрші суды реттейді, балыққа оттегі жетпейді Басқа жаңалықтар

Көрші суды реттейді, балыққа оттегі жетпейді

22 қарашада Атырауда ғалымдар мен үкіметтік емес қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті. Онда өткен жылғы желтоқсандағы балықтың жаппай қырылуынан кейін Жайық өзеніндегі ихтиофаунаның жай-күйін зерттеу нәтижелері талқыланды. Сурет Бейнежазба 25 қараша 2019, 12:27 4 610 рет қаралды
Атырауда мұнай саласы мамандарын оқыту орталығына Нұрлан Балғымбаевтың есімі берілді Басқа жаңалықтар

Атырауда мұнай саласы мамандарын оқыту орталығына Нұрлан Балғымбаевтың есімі берілді

23 қарашада Атырауда Нұрлан Балғымбаев атындағы даму және коммуникация орталығы ашылды. Посткеңестік кеңістікте бұндай орталық тек екі ресейлік қалада ғана бар, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Сурет 24 қараша 2019, 14:37 4 996 рет қаралды
Суға аққан миллиард Басқа жаңалықтар

Суға аққан миллиард

Құлсары қаласында 2011 жылы басталып, жобалық-сметалық құжаттамалары сәйкес болмауына байланысты 2013 жылы тоқтатылған кәріз суын тазарту станциясы (КТС) құрылысы жалғасын таппайтын болды. Осы уақыт ішінде бас мердігер - «МұнайҚұрылысСервис» ЖШС бастапқы бөлінген 1,1 млрд теңгенің 980 млн теңгесін жойып үлгерген еді. 24 қараша 2019, 10:54 3 307 рет қаралды
Атырауда әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды Басқа жаңалықтар

Атырауда әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды

Бұрын қалалық мәслихат хатшысы қызметін атқарған Ринат ЖАҢҒЫЛЫШОВ Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол тұрғын үй-коммуналдық секторына жетекшілік етеді. 23 қараша 2019, 11:08 4 589 рет қаралды
Тұрғын үй шаруашылығындағы күлкілі жағдай Басқа жаңалықтар

Тұрғын үй шаруашылығындағы күлкілі жағдай

21 қарашада қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Атырау әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Рулана ДОСҚАЛИЕВА бюджеттегі өзгерістер туралы баяндама жасады. Сурет 22 қараша 2019, 11:19 5 302 рет қаралды