Атырау, 23 қараша 17:22
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қар жүргізушілерді əбігерге салды

2 631 просмотра


Атырау облыстық полиция департаменті хабарлағандай, өткен тәулік ішінде Атырауда 21 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Көпшілігі биылғы алғаш жауған қалың қардың кесірінен болған.

Алғашқы ЖКО Авангард ықшамауданында болды, сағат 11.00-де Lada Priora мен Toyota Corolla соқтығысты. Түскі уақытта жиі болатын көлік кептелісі кезінде Азаттық көшесіндегі Салық департаменті ғимараты тұсында Mersedes пен Lada Largus түйіскен. Шамалы жырып кеткені үшін полиция шақырмай, өзара келіскендер де көп болды.

- Ауа-райының қолайсыздығына байланысты, аса қажеттілік болмаса, тұрғындарға өз көліктерімен жолға шықпауға кеңес беремін, - дейді ПД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева. - Бұл əсіресе көлікті жаңадан жүргізе бастағандарға қатысты кеңес. Барлық оқиғаларда адамдар зардап шеккен жоқ, бірақ материалдық шығын бар.

Тағы бір айта кетерлігі, қазір қаңтар айы болса да көп жүргізушілер көліктерінің жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырмаған. Ол үшін де едəуір айыппұл салынатынын ескерген жөн. 

ТЖ департаментінің хабарлауынша, 10-13 қаңтар аралығында Атырауда облыс бойынша тұман жəне көктайғақ болады.

Фархат ӘБІЛОВ


11 қаңтар 2020, 19:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.