Атырау, 6 желтоқсан 19:28
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Басқа жаңалықтар

Кафедегі халықаралық төбелес Басқа жаңалықтар

Кафедегі халықаралық төбелес

16 қарашаға қараған түні Атырауда Азаттық даңғылы бойындағы «Fresh&Go» кафесінде жергілікті тұрғын Ирландия азаматын соққыға жыққан. «АЖ»-ға белгілі болғандай, түнгі бірлер шамасында 33 жастағы ирландық пен 35 жастағы қала тұрғыны (екеуі де мас күйде болған) сөзге келіп, соңы төбелеске ұласып, жергілікті тұрғынның күші басым болған сияқты. Кафедегілер полиция мен жедел жәрдем шақырған. Толықтырылды 19 қараша 2019, 16:00 5 838 рет қаралды
Аулада атылған оқ және сәбидің көз жасы Басқа жаңалықтар

Аулада атылған оқ және сәбидің көз жасы

Әлеуметтік желілерде мына бір бейнежазба кең таралып кетті: пикап шанағының брезент қалқасының астында иттердің өлекселері жатыр. Ал бейнежазбаға түсіруші енді ғана атып алған итті көлігіне тиеп жатқан ит атушыға наразылығын білдіруде. Бейнежазба авторы - Атырау қаласының тұрғыны Бижамал ҚАРАЖАНОВА екен. Оның айтуынша, сол итті Алмагүлде №2 үйдің жанында балалардың көзінше атқан. Толықтырылды 19 қараша 2019, 22:03 5 047 рет қаралды
Шайтанарбамен жер шарлап... Басқа жаңалықтар

Шайтанарбамен жер шарлап...

Голландиялық Питер СТЕГМАН өңіріміздің экологиясын сақтауға өз үлесін қосып жүр. Қала ішінде жаяу жүруге жұмыстанатын Питер көптен бері қала төңірегінде, одан әрі Атырау даласында велосипедпен серуендегенді ұнатады. Сурет 20 қараша 2019, 15:22 4 629 рет қаралды
Әскери бөлімдер сыбайлас жемқорлыққа қарсы Басқа жаңалықтар

Әскери бөлімдер сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Атырау облысының тұрғындары сенім телефондары арқылы әскери қызметшілердің заңсыз әрекеттері туралы хабарлай алады. Батыс өңірі бойынша (Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал) әскери бөлімдер мен құралымдардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттеріне тап болсаңыз, 8 (7292) 21-21-62 және 8 778 261 35 94 нөмірлеріне қоңырау шала аласыз. 20 қараша 2019, 11:50 4 539 рет қаралды
Қытайларды заңсыз өткізу: жең ұшынан жалғаса берген Басқа жаңалықтар

Қытайларды заңсыз өткізу: жең ұшынан жалғаса берген

Қытай азаматтарын Қазақстанға заңсыз өткізумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ мүшелеріне үкім шыққаннан кейін ҰҚК баспасөз қызметі бұл қылмыстық оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді. 20 қараша 2019, 11:04 4 455 рет қаралды
Қыс қырауы желтоқсанды күтпейді Басқа жаңалықтар

Қыс қырауы желтоқсанды күтпейді

Осы аптада Атырау облысында күн едәуір салқындайды деп күтілуде, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК Атырау филиалының бөлім бастығы Айна ҚАЗҒҰЛОВА. 21 қарашаға қараған түні ауа температурасы 15-20 градус аяз, күндіз 5-10 градус суық болады деп болжанып отыр. 19 қараша 2019, 16:55 4 614 рет қаралды
Индерлік ару «Miss Virtual World-2019» атанды Басқа жаңалықтар

Индерлік ару «Miss Virtual World-2019» атанды

Осы халықаралық интернет-сұлулық байқауының финалы Мексиканың курортты Канкун қаласында өтті. Ашық интернет-дауыс беру нәтижесі бойынша бұған дейін Қазақстанда «Miss Virtual World-2019» байқауының ұлттық кезеңін жеңіп алған жерлесіміз Арайлым ИШАХАТ жеңімпаз атанды. Сурет 19 қараша 2019, 16:13 3 773 рет қаралды
Атырау облысы Қызылқоға ауданының жаңа әкімі тағайындалды Басқа жаңалықтар

Атырау облысы Қызылқоға ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Бүгін, 19 қарашада, аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Қызылқоға аудандық мәслихаты депутаттарына өз еркімен қызметтен кеткен Арман Баженовтың орнына аудан әкімі лауазымына үміткерді таныстырды.  19 қараша 2019, 15:22 7 586 рет қаралды
«Бір қолмен бесік тербетсем, келесі қолыммен кір тасын көтеремін» Басқа жаңалықтар

«Бір қолмен бесік тербетсем, келесі қолыммен кір тасын көтеремін»

Жақында Исатай ауданы Тұщықұдық ауылында тұратын Алмагүл ҚАНАТОВА Румынияда өткен қол күресінен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Осы додада чемпион болған тағы бір жерлесіміз Рахия Молдашева туралы республикалық және жергілікті БАҚ беттеріне шығып, еңбегі еленсе, алыс ауылда тұрып, осындай құрметтен кенжелеу қалған Алмагүл өз қарапайымдылығымен «АЖ» тілшісінің іздеп келгеніне де таңғалып жатты. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 18 қараша 2019, 11:04 6 361 рет қаралды
Сағатқа жалдаған сансыз тағдыр Басқа жаңалықтар

Сағатқа жалдаған сансыз тағдыр

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде мемлекетке салық төлемей жалға берілетін 188 пәтер анықталды, олардың көпшілігін сағатқа жалдайды. Жыл басынан бері Атырауда осындай 926 пәтер анықталды, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Заңсыз берілетін пәтерлер туралы ақпарат Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданған. 19 қараша 2019, 11:40 3 820 рет қаралды
«Жағдай солай болды, есіме түсіргім келмейді» Басқа жаңалықтар

«Жағдай солай болды, есіме түсіргім келмейді»

Бүгінде Атыраудағы тергеу изоляторында (УГ-157/1) қылмыстық істер бойынша әлі сот үкімін күтіп отырған  5 жасөспірім айыпталушы бар. ҚР Қылмыстық кодексінің 78-бабына сәйкес, қылмыс жасалған кезде 14 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған тұлғалар кәмелет жасқа толмағандар деп танылады. Егер қылмысты 14 жасқа дейінгі жасөспірім жасаған болса, қаншалықты ауыр болса да, ол жазаланбайды. Жақында ІІМ қылмыстық жауапкершіліктің жас шегін 12 жасқа дейін төмендету және жасы кіші қылмыскерлер үшін жазаны қатайту туралы бастама көтерген еді. Сурет 19 қараша 2019, 11:24 7 898 рет қаралды
Мердігер тағы да оқсатпады Басқа жаңалықтар

Мердігер тағы да оқсатпады

Құлсары қаласындағы орталық Махамбет даңғылында үш ай бұрын басталған жолды орта дәрежеде жөндеу жұмыстары көлік қозғалысына кедергі келтіріп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, желтоқсанның ортасында қолданысқа берілуі тиіс жолдың жартысы да жасалмаған. Сурет 19 қараша 2019, 10:28 4 587 рет қаралды
Рождество сыйлықтары арасындағы қазақы шұлық Басқа жаңалықтар

Рождество сыйлықтары арасындағы қазақы шұлық

Өткен жексенбіде Атыраудағы Renaissance қонақ үйінде Рождество жәрмеңкесі өтті. Оған жергілікті қолданбалы өнер шеберлері мен Қазақстанның басқа қалаларынан келген меймандар қатысты. Сурет 18 қараша 2019, 15:59 3 766 рет қаралды
Ізетті  іні, ұлағатты ұрпақ Басқа жаңалықтар

Ізетті іні, ұлағатты ұрпақ

Өмірде туыс-бауырыңнан немесе жүрекке жақын тұтатын адамыңнан айырылу қандай қиын десеңізші. Біз бұдан бір жылдай уақыт бұрын Әлібек інімізден қапияда көз жазып қалғанымызда осындай ерекше тебіреністе болғанымыз жасырын емес. Оның бүкіл әулетімен бірге алыс-жақын туыстар да қатты қайғырдық, жүрекке салмақ түсті. 18 қараша 2019, 12:12 5 976 рет қаралды
Атырау - мейірімді қала Басқа жаңалықтар

Атырау - мейірімді қала

Атыраудағы сауда-ойын сауық орталықтарының бірінде екі күндік «Мейірімді қала» фотокөрмесі өтті. Көрмеге келушілер панасыз жануарлардың жай-күйімен танысып, қалауларынша оларға көмектесіп, қамқорлық жасады. Сурет 18 қараша 2019, 21:06 2 963 рет қаралды
Аққыстауда Исатай батыр мен ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіш ашылды Басқа жаңалықтар

Аққыстауда Исатай батыр мен ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіш ашылды

Аудан орталығы Аққыстау ауылында халық батыры Исатай Тайманұлына ескерткіш пен ауған жерінде интернационалдық борышын өтеп, ауған болған боздақтарға арнап естелік монумент қойылды. 18 қараша 2019, 11:29 5 097 рет қаралды
Қырылған балық туралы іс: судья прокурорға шүйлікті Басқа жаңалықтар

Қырылған балық туралы іс: судья прокурорға шүйлікті

Атырау қалалық №2 сотында өткен жылдың желтоқсанында Жайықтағы балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша басталған сот процесі жалғасуда. Кезекті отырыс үш апталық үзілістен кейін болса да, қорғанушы тарап оған дайындалып үлгермеген екен. Ал ашуланған судья айыптаушы тарап өкіліне шүйлікті. 16 қараша 2019, 16:50 3 842 рет қаралды
Көктоғайлықтар қораны қасақана өртегеніне сенімді Басқа жаңалықтар

Көктоғайлықтар қораны қасақана өртегеніне сенімді

6 қарашаға қараған түні Индер ауданы Көктоғай ауылында белгісіз жағдайда ауылдың әр шетінде орналасқан 7 үйдің қорасы мен қыстық шөптері өртенгені туралы «АЖ» жазған болатын. Сол кезде полиция қызметкерлері өрттің таралуына қатты жел әсер еткенін, қасақана өртеу мүмкін емес деп пікір айтқан. Алайда көктоғайлықтар мұнымен мүлдем келіспейді және осы себеппен ауыл мәдениет үйіне жиналып, әкім мен аудандық полиция басшыларына сауалдарын қойды. Сурет Бейнежазба 16 қараша 2019, 00:45 8 380 рет қаралды
Жүктер кері қайтарылды Басқа жаңалықтар

Жүктер кері қайтарылды

5 қарашада «Қараөзек» бақылау-өткізу бекетінде ресейлік шекарашылар Ресей Федерациясынан Атырау облысына жөнелтілген сиыр етінің майын кері қайтарды. Жүктің тиісті ветеринариялық құжаттары болмаған. 15 қараша 2019, 10:13 3 271 рет қаралды