«АЖ» тілшісіне Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек НАУАРОВ қоңырау шалды. Оның айтуынша, күні бұрын 28 желтоқсанға жоспарланған жаңа жылдық корпоратив кештеріне қатысты сауалдар көптеп түсіп жатқан көрінеді. Бұл күнді - өздеріңіз білесіздер, мемлекет басшысы Алматы маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды жалпы ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.
- Мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі барлық жаңа жылдық мерекелік шаралар кейінге қалдырылды. Жекелеп айтқанда, 27 желтоқсанда болатын «Жыл адамы-2019» салтанатты жиыны дүйсенбіге ауыстырылды. Жеке мекемелерде 28 желтоқсанға жоспарланған шараларға келетін болсақ, оны ұйымның өз басшылары шешетін болады, - деді Науаров.
Анастасия АЛЮШИНА