Атырау, 19 мамыр 22:35
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырау университеттерінде жаңа ректорлар

6 515 просмотра

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры болып осы университеттің ғылым жөніндегі проректоры болған Саламат ІДІРІСОВ тағайындалды деген ақпарат пайда болды.


Әзірге ресми тағайындау болған жоқ, шамасы  Ідірісовтің астанадан іссапардан оралуын күтіп отырғанға ұқсайды.

Еске сала кетейік, 2016 жылы АМУ ректоры болып тағайындалған Абзал ТАЛТЕНОВ жазда өз еркімен жұмыстан кеткен еді, сонымен бірге ол облыстық мәслихат депутаты өкілеттігінен де босатылды.  

Саламат Ідірісов 1974 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылында дүниеге келген. АМУ-ді  «Математика және информатика» мамандығы бойынша бітіріп шыққан, кейін оқытушы, аға оқытушы, декан болып жұмыс жасаған. 2016 жылдан бері ғылым жөніндегі проректор болды.

* * * * *


Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры – басқарма төрағасы болып  Гүлзада ШАКУЛИКОВА тағайындалды. Ол "С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің отырысында көп дауысқа ие болды.  

Гүлзада Шакуликова – экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері. ҚР Қаржы министрі жанындағы «Қаржы академиясы» АҚ ректоры, «Қазақ-Британ техникалық университеті» АҚ академиялық мәселелері жөніндегі проректоры болып жұмыс жасады.

Атырау МГУ ректоры лауазымында бұған дейін Әлібек Көшеков болды.

Дайындаған  Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

26 желтоқсан 2019, 23:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.